Өскемен қаласында радиологиялық қауіпсіздік саласындағы хабардарлық пен ден қоюды арттыру сұрақтары бойынша семинар өткізілді

Өскемен қаласында радиологиялық қауіпсіздік саласындағы хабардарлық пен ден қоюды арттыру сұрақтары бойынша семинар өткізілді

05.10.2026 20:38:51 358

Ағымдағы жылғы 21–25 қыркүйегі аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Дағдарысқа қарсы оқу орталығы базасында «Радиологиялық қауіпсіздік саласындағы хабардарлық пен ден қоюды арттыру» семинары өткізілді.

Іс-шара АҚШ Энергетика министрлігімен екіжақты ынтымақтастық шарасында Ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық әкімшіліктің Радиологиялық қауіпсіздік офисі (ORS) мен Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қатысуымен ұйымдастырылды.

Оқу курсына радиологиялық қауіпсіздік саласында әрекет етуге жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты мамандардың хабардарлық деңгейін арттыру және радиологиялық қауіп-қатерлерге байланысты инциденттерге әрекет етудің практикалық дағдыларын жетілдіру, радиологиялық инциденттер туындаған жағдайда кәсіби білімді және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту болды.

Семинар барысында қатысушылар радиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын, соның ішінде радиациялық қауіптің ықтимал көздерін анықтау, алғашқы ден қоюды ұйымдастыру мәселелерін кеңейтті, ақпараттандыру тәртібін, ден қою кезінде құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Аталған семинарды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін және ықтимал радиологиялық инциденттерге дайындық деңгейін арттыруға және олардың алдын алу және ден қою жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқытуға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты, атап айтқанда:

  1. Комитет;
  2. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы;
  3. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті (Абай облысы және ШҚО әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері);
  4. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК;
  5. «Үлбі металлургия зауыты» АҚ.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atomic-control/press/news/details/1304874?lang=ru