«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді

«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді

06.10.2026 12:17:26 173

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), S&O IP «Schmitt & Orlov intellectual Property» Компаниясымен бірлесіп 2026 жылдың 28 қыркүйек - 1 қазан аралығында   Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінің базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді.

   Аталған семинардың мақсаты - контрафактілік өнімді анықтау бойынша қызметкерлердің құзыретін арттыру болып табылады.

   Күндізгі оқу семинарына «Қапланбек» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінің қызметкерлері қатысты.

   Дәріскерлер ретінде:

- ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің басшысы - Айгелов Асылхан Тулеубаевич;

          - S&O IP «Schmitt  & Orlov intellectual Property» Компаниясының өкілі - халықаралық заңгер - Имангалиева Рената Сериковна қатысты. 

   Семинардың қорытындысы бойынша 25 тыңдаушы біліктілігін сәтті арттырғандағы туралы электронды сертификат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1305414?lang=ru