KazAID пен Азия даму банкі өңірдегі ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын талқылады

KazAID пен Азия даму банкі өңірдегі ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын талқылады

08.10.2026 19:51:20 90

2026 жылғы 6 қазанда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстановтың Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы Елдік директоры Утсав Кумармен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Нұрғали Арыстанов Агенттіктің Орталық Азия мен Ауғанстандағы серіктес елдерді дамытуға бағытталған жобалары, сондай-ақ серіктес елдерде салынған мектептер құрылысы саласындағы қызметі туралы ақпарат берді.

Утсав Кумар АДБ-ның өңірде іске асырылған жобалары және әлеуетті арттыру мақсатында Білім мен тәжірибе бөлісу бағдарламасы (ББТБ) туралы хабардар етті.

Тараптар өңірде және одан тыс жерлерде даму мақсатында бірлескен жобаларды қарастыру мүмкіндігі туралы келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1306647?lang=ru