Лайықты марапат
08.10.2026 19:53:15 107
Алтай ауданы мәслихатының аппаратының бас маманы Шагиева Гүльфайра Сейткановна «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Гүльфайра Сейткановна мәслихатта 2010 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол өзін білікті, жауапты әрі өз ісіне адал маман ретінде таныта білді. Жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асады.
Еңбек жолы барысында ол мәслихат аппаратының қызметіне елеулі үлес қосып, алға қойылған міндеттердің кәсіби әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етіп келеді. Әріптестері арасында оның білімі мен тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын тұратыны ерекше құрметке ие. Гүльфайра Сейткановна көптеген мамандарға тәлімгерлік етіп, жас қызметкерлердің жұмысқа бейімделуіне және кәсіби қызметтің қыр-сырын меңгеруіне қолдау көрсетіп келеді.
Мерекелік медаль оның көп жылғы адал еңбегі мен жергілікті өкілді органның дамуына қосқан үлесінің лайықты бағасы болды.
Гүльфайра Сейткановнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби қызметінде жаңа жетістіктер және әріптестерінің алғысына бөлене беруін тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1306503?lang=ru