Самарқандта түркі әлемі конституциялық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды

Самарқандта түркі әлемі конституциялық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды

08.10.2026 19:57:47 122

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Самарқандта өткен Түркі әлемінің конституциялық юрисдикциялары конференциясы ұйымының (TÜRK-AY) отырысына қатысты.

Қатысушылар конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелері мен өңіраралық өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын, оның ішінде TÜRK-AY, Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығы (AACC) мен Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар бекіту мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1305812?lang=ru