Қазақстан мен Испанияның Конституциялық соттары ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Испанияның Конституциялық соттары ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

08.10.2026 19:58:41 226

Самарқандта Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Испания Конституциялық Сотының судьясы, Ибероамерикалық Конституциялық Әділет конференциясының Төрағасы Энрике Арнальдо Алькубильямен кездесті.

Тараптар тәжірибе және құқықтық ұстанымдар алмасуды, бірлескен сараптамалық іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ екі конституциялық бақылау органы арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуды қоса алғанда, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1305654?lang=ru