Хабарламаны орындамау салдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша

Хабарламаны орындамау салдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша

08.10.2026 22:13:23 349

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама орындалмаған кезде салық заңнамасында көзделген қамтамасыз ету шаралары қолданылады. Атап айтқанда:  Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-алаңына қолжетімділік шектеледі;

 алдыңғы абзацта көрсетілмеген салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операциялары хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұрады;

 салық төлеушінің электрондық шот-фактураларды жазып беруі хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұрады. Аталған шаралар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қолданылады. Сонымен қатар, салық органы камералық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар бойынша салықтық тексеру жүргізуге құқылы:

 түсініктемеде баяндалған себептердің дұрыстығын растау үшін;

 хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған кезде. Маңызды: салықтық тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін кезең үшін салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама ұсынылмайды. Камералдық бақылау нәтижелері жүргізілетін салықтық тексеру барысында пайдаланылады. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1307330?lang=ru