Тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері.

Тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері.

08.10.2026 22:13:28 554

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны, егер әкелу кезінде тауарлар ЕАЭО кедендік шекарасын кесіп өтсе және осындай тауарларға қатысты кедендік рәсім алғаш рет мәлімделсе, айқындалады.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құны сондай-ақ тауарларды алдын ала, толық емес, мерзімдік, сондай-ақ уақытша кедендік декларациялау жағдайында айқындалады.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен, кеден қоймасы кедендік рәсімімен, жою кедендік рәсімімен, мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен немесе арнайы кедендік рәсіммен орналастыру кезінде тауарлардың кедендік құны айқындалмайды.
ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны мынадай әдістерге сәйкес айқындалады:
Әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (1-әдіс);
Бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (2-әдіс);
Біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (3-әдіс);
Шегеру әдісі (4-әдіс);
Қосу әдісі (5-әдіс);
Резервтік әдіс (6-әдіс).
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнының негізі барынша мүмкін болатын дәрежеде 1-әдісте айқындалған мәндегі осы тауарлармен жасалған мәміленің құны болуға тиіс.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен жасалған мәміленің құны бойынша айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құны тізбектеле қолданылатын 2 және 3-әдістерге сәйкес айқындалады. Бұл ретте әкелінетін тауарлардың 2 және 3-әдістерге жауап беретін кедендік құнын айқындау үшін құндық негізді негіздеп таңдау мақсатында кеден органы мен декларанттың арасында консультациялар жүргізілуі мүмкін. Консультациялар процесінде кеден органы мен декларант, коммерциялық құпияны сақтау шартымен, өздерінің қолда бар ақпаратымен алмаса алады.
Консультациялар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын 2 және 3-әдістерге сәйкес айқындау мүмкін болмаған кезде, кедендік құнды айқындау үшін негіз ретінде 4-әдіске сәйкес бағаланатын, бірдей немесе біртекті тауарлар ЕАЭО кедендік аумағында сатылған баға не 5-әдіске сәйкес тауарлардың есеп айырысу құны пайдаланылуы мүмкін. Декларанттың көрсетілген әдістерді қолдану кезектілігін таңдауға құқығы бар

Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін 1-5-әдістерді қолдану мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнын айқындау 6-әдіске сәйкес жүзеге асырылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1307309?lang=ru