Қазан айындағы салық міндеттемелері: маңызды мерзімдер
08.10.2026 23:12:43 130
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 2026 жылғы қазан айында орындалуы тиіс негізгі салық міндеттемелері туралы еске салады.
Салық есептілігін уақытылы ұсынып, салықтар мен төлемдерді белгіленген мерзімде төлеу маңызды.
📌 1 қазан
2025 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеудің соңғы күні.
📌 5 қазан
Жекеше практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылғы қыркүйек айындағы табыстары бойынша ЖТС төлеу мерзімі.
📌 15 қазан
Салық есептілігі:
400.00 нысаны – 2026 жылғы тамыз айы үшін акциз бойынша декларация.
Төлемдер:
2026 жылғы III тоқсан үшін түбірімен босатылатын сүрек бойынша орман пайдаланғаны үшін төлемақы;
2026 жылғы қыркүйек айы үшін интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС.
📌 20 қазан
Салық есептілігі:
328.00 нысаны – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі;
870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.
Төлемдер:
ЕАЭО елдерінен импорт бойынша ҚҚС;
импортты қоса алғанда, акциз;
қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
III тоқсан үшін орман және өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
📌 27 қазан
Бірқатар ай сайынғы салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі, оның ішінде:
КТС бойынша аванстық төлемдер;
төлем көзінен ұсталған КТС және ЖТС;
бейрезиденттердің табыстарынан ұсталған КТС және ЖТС;
өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС;
әлеуметтік салық;
жер учаскелерін және радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
бірыңғай төлем;
әлеуметтік төлемдер: МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА, МӘМС аударымдары мен жарналары.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге есептілік пен төлемдерді соңғы күнге қалдырмай, алдын ала орындауды ұсынады.
Бұл техникалық кідірістердің, берешектің және өсімпұл есептелуінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-atyrau/press/news/details/1307612?lang=ru