КЕЙС: 2026 жылы сатып алынған пәтерді сатқан кезде салық төлене ме?
09.10.2026 13:05:36 517
КЕЙС: 2026 жылы сатып алынған пәтерді сатқан кезде салық төлене ме?
Мысалы:
Азамат 2026 жылы пәтерді 25 млн теңгеге сатып алды.
1 жылдан кейін оны 30 млн теңгеге сатты.
Бұл жағдайда салық төлеу қажет пе?
Иә, қажет.
2026 жылдан бастап жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде салық салу тәртібі өзгерді.
Егер меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген болса, тұрғын үйді 2 жылға толмай сатқан кезде мүліктік табыс туындауы мүмкін.
Бұл жағдайда:
Сатып алу құны — 25 млн теңге
Сату құны — 30 млн теңге
Баға өсімі (табыс) — 5 млн теңге
Егер салық салынатын табыс 8 500 АЕК-тен аспаса, жеке табыс салығы 10% мөлшерінде есептеледі.
5 000 000 × 10% = 500 000 теңге
Яғни, мысалдағы азаматтың жеке табыс салығы 500 мың теңгені құрайды.
Маңызды!
Егер меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген болса, өтпелі кезеңге байланысты бұрынғы 1 жылдық мерзім қолданылады.
Салық салынатын мүліктік табыс болған жағдайда, жеке тұлға 270.00 нысанды келесі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынуға, ал есептелген салықты 25 қыркүйектен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Пәтерді қашан сатып алғаныңыз ғана емес, меншік құқығының қашан тіркелгені де маңызды
#Салық2026 #ЖылжымайтынМүлік #ПәтерСату #ЖТС #СалықКодексі2026 #Кейс #МемлекеттікКірістер
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1308152?lang=ru