«Үздік жас кітапханашы-2026» облыстық байқауы өтті
09.10.2026 13:06:58 559Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылар арасында мамандықтың беделін арттырып, кәсіби құзіреттілігі мен шеберлігін дамыту мақсатында «Үздік жас кітапханашы-2026» облыстық байқау өтті.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең: Қатысушылардың соңғы 1–3 жылда жүзеге асырған жобаларын таныстыру;
2 кезең: 20 тест сұрақ;
3 кезең: Оқырманға қызмет көрсетудің заманауи үлгісін ұсыну.
Байқауға 5 аудан, 2 қала кітапханаларынан 7 кітапханашы қатысып,
жас маман ретінде шығармашылық ізденістерін өз шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде көрсеткені үшін «Үздік жас кітапханашысы-2026» облыстық байқауының І дәрежелі дипломымен Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Нұрмұхамбетова Айым, ІІ дәрежелі дипломымен Ескелді аудандық кітапханасының кітапханашысы Бекмырза Меруерт, ІІІ дәрежелі дипломымен Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Ержигитова Куралай марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1308209?lang=ru