Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасала береді
09.10.2026 20:13:00 556Қазіргі таңда аймағымызда 29,6 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның 4 мыңға жуығы – балалар. Облыста балалар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 41 ұйым жұмыс істейд. 2026 жылдың басынан бері 1 337 мүгедектігі бар бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста бұрынғы өңірлік резиденция базасында 60 орындық оңалту орталығы ашылды. Онда жылына 18 жасқа дейінгі 900 балаға қызмет көрсетеді.
Орталықты заманауи реабилитациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 1 млрд теңге бағыттады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева өңірімізге келген сапарында Қостанай облысының әкімімен бірге Қостанайдағы оңалту орталығына арнайы барды. Ғимараттағы мамандандырылған кабинеттерді көрді. Орталық аумағында қор қаражатына салынып жатқан спорт нысандарымен танысты. Оның ішінде спорт алаңдарын салуға дайындалған учаскелер – футбол алаңы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған спорт алаңы: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын сәулет нысандарымен (ШАН) жабдықталған ойын алаңы, мектеп жасындағы балаларға арналған тренажерлармен жабдықталған спорт алаңы бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1308584?lang=ru