Шымкентте «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті

Шымкентте «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті

12.10.2026 13:07:23 218

2026 жылғы 9 қазанда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті, адалдық пен жауапкершілікті насихаттауға бағытталды. Еліміздің әр өңірінен келген командалар заңға құрмет пен қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізді.
Ойын қорытындысы бойынша:
- **І орын** — «Шум болалар» (Өзбекстан) — 1 000 000 теңге.
- **ІІ орын** — «Ақпен бірге» (Астана) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
- **ІІІ орын** — «Шапалақ» (Талдықорған) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
Тегін ұйымдастырылған ойын жастардың шығармашылық әлеуетін қолдап, құқықтық сауаттылық пен заңға құрметті арттыруға үлес қосты.