МЕТРО-НЫҢ ӨҢІРЛЕРДЕГІ ДҮКЕНДЕРІНДЕ 70%-ҒА ДЕЙІН ЖЕҢІЛДІКПЕН АУҚЫМДЫ САТЫЛЫМ БАСТАЛДЫ
14.10.2026 13:17:01 211
Алматы, 2026 жылғы 14 қазан– «METRO Cash & Carry» ЖШС Қазақстанның төрт қаласындағы METRO дүкендерінде ауқымды сатылым басталғанын хабарлайды. Сатып алушылар әртүрлі санаттағы тауарларды 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.
Науқан Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Шымкент қалаларындағы METRO дүкендерінде өтеді. Алматы мен Астанада сатылым кейінірек басталады. Компания науқанның басталу күндерін қосымша хабарлайды.
Науқанға қатысатын тауарлар ассортименті үнемі жаңартылып отырады. Өңірлердегі сатып алушыларға апта сайын жаңа арнайы ұсыныстар мен үлкен жеңілдікпен сатылатын қосымша тауарлар ұсынылады.
Сатылымға METRO ассортиментіндегі әртүрлі санаттағы тауарлар қатысады. Науқандық тауарлардың саны шектеулі. Нақты тауарлардың қолжетімділігі қала мен дүкенге байланысты өзгеруі мүмкін.
Өзекті ұсыныстар мен тауарлар каталогын shop.metro-kz.com сайтынан көруге болады. Сайтқа кірген кезде өз қалаңызды таңдаңыз. Сонда сол қаладағы дүкеннің қазіргі ассортименті мен ұсыныстары көрсетіледі.
«Біз үшін бүкіл өтпелі кезеңде клиенттерге сапалы қызмет көрсетіп, тиімді ұсыныстар жасауды жалғастыру маңызды. Өңірлердегі сатылым осы жұмыстың бір бөлігі болады. Жаңа ұсыныстар апта сайын жарияланып отырады», – деді METRO Қазақстан компаниясының бас директоры Месут Догукан.
Сатылым METRO компаниясының Қазақстандағы қызметін кезең-кезеңімен аяқтау аясында өткізіліп отыр. Бұған дейін компания дүкендер мен жеткізу қызметі 2027 жылғы наурыз айының соңына дейін кезең-кезеңімен жабылатынын хабарлаған. Тиісті дүкендер жабылғанға дейін METRO клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастырады. Сондай-ақ өзекті ұсыныстар мен жұмыс тәртібіндегі өзгерістер туралы хабарлап отырады.
METRO – қонақүй және мейрамхана бизнесіне, кейтеринг компанияларына (HoReCa), сондай-ақ тәуелсіз бөлшек сауда кәсіпорындарына (Traders) қызмет көрсетуге маманданған азық-түлік өнімдерінің жетекші халықаралық көтерме жеткізушісі.METRO бүкіл әлем бойынша шамамен 15 миллион клиентке қызмет көрсетеді. Компания оларға бірегей көпарналы көтерме сауда үлгісін ұсынады. Клиенттер тауарларды өз өңіріндегі METRO дүкендерінің бірінен сатып ала алады немесе Food Service Distribution (FSD) қызметі арқылы жеткізуге тапсырыс бере алады. Барлық сату арналары өзара біріктірілген және цифрлық шешімдер арқылы жұмыс істейді.
METRO MARKETS еншілес компаниясы кәсіби клиенттерге арналған халықаралық онлайн-платформаны дамытып келеді. Платформа 2019 жылы іске қосылғаннан бері біртіндеп кеңейіп, жетілдіріліп келеді. Тұрақты даму – METRO қызметінің негізгі қағидаттарының бірі. Компания MSCI, Sustainalytics және CDP секілді тұрақты даму саласындағы халықаралық индекстер мен рейтингтерге енгізілген. METRO әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істейді. Компанияда 84 000-нан астам қызметкер еңбек етеді. 2024/25 қаржы жылында METRO-ның сату көлемі 32,4 млрд еуроны құрады.