Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мысыр Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мысыр Елшісін қабылдады

27.10.2026 04:11:23 244

Астана, 2026 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстандағы Мысыр Араб Республикасының Елшісі Самех Шехатаны қабылдады.

Кездесу аясында Қазақстан мен Мысыр арасындағы екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, консулдық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету жолдары талқыланды.

Тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысы бойынша пікір алмасып, құқықтық-шарттық базаны кеңейтуге келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1311843?lang=ru