Қазақстан мен Кения екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
27.10.2026 12:12:27 248
2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Найробидегі кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың Кенияның мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының және іскер топтарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Кенияның Сыртқы және диаспора істер министрлігінің Саяси және дипломатиялық мәселелер жөніндегі бас директоры Джосфат Майкара, Найроби халықаралық қаржы орталығының атқарушы директоры Дэниел Маинда, Кенияның Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің атқарушы директоры Джон Мвендва, Кенияның Сыртқы және диаспора істер министрлігінің Құқық департаментінің директоры Мартин Овуор, Кенияның Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Темеси Мукани және Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Мустафа Рамадан қатысты.
Тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылап, 2026 жылғы 19–20 мамырда Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударды.
Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында екі елдің іскер топтары өкілдері арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту мен тікелей байланыстар орнатудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кездесу сындарлы әрі достық ахуалда өтіп, тараптар екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1311916?lang=ru