Қауіпсіз саяхат: «Лаборатория Касперского» қазақстандық туристерді сапар кезіндегі киберқауіптер туралы ескертті

Қауіпсіз саяхат: «Лаборатория Касперского» қазақстандық туристерді сапар кезіндегі киберқауіптер туралы ескертті

27.10.2026 16:42:16 394

 
Күзде және қыста Қазақстан ішінде немесе шетелге сапарға шыққанда интернеттегі қауіптерді де ұмытпаған жөн. «Касперский зертханасы» сарапшылары Ресейде және жылы елдерде туристер жиі тап болатын алаяқтық тәсілдерді түсіндірді. Компания сондай-ақ саяхаттайтын орындар туралы мәліметтер мен киберқауіптерден сақтану кеңестерін жинақтаған «Kaspersky-мен әлемді қауіпсіз аралаймыз» жобасын іске қосты.
2025 жылғы қазан мен 2026 жылғы маусым аралығында «Касперский зертханасы» сарапшылары Қазақстанда 14,5 млн веб-қауіпті тіркеді. Олардың ішінде спам-хаттар, зиянды бағдарламалар, фишинг және басқа да қауіптер бар.
Kaspersky GReAT сарапшылары Қазақстанда QR-кодтарды қолданатын алаяқтық кең тарағанын айтады. Алаяқтар адам көп жүретін орындардағы QR-кодтарды жалған кодтармен ауыстырады. Оны сканерлеген адам жалған сайтқа өтіп, банк картасының деректерін байқамай беруі мүмкін. Сондықтан қоғамдық Wi-Fi желісіне қосылғанда және QR-кодты сканерлегенде мұқият болу қажет.
Қазақстанда алаяқтар Telegram-дағы топтық чаттарды да пайдаланады. «Чат басқа жерге көшеді» деген сылтаумен олар шағын қосымшаға бес таңбалы код енгізуді сұрайды. Осы код арқылы адамның аккаунтына кіріп алуы мүмкін. Баспана мен билет брондағанда да сақ болған жөн. Алаяқтар бағасы арзан жалған хабарландырулар мен сайттар ашады. Онда әлеуметтік желі немесе электрондық пошта аккаунты арқылы кіруді сұрап, жеке деректерді ұрлауы мүмкін.
Түркия мен Мысыр. Бұл елдерге баратын туристер де интернеттегі қауіптерге тап болуы мүмкін. «Касперский зертханасы» Түркияда 30,6 млн, ал Мысырда 15,6 млн веб-қауіпті тіркеді.
Жалған Wi-Fi желілерінен бөлек, туристердің ақшасына қатысты қауіптер де бар. Мысалы, банк картасының деректерін көшіріп алу, иесінің рұқсатынсыз төлем жасау немесе скимминг – банкоматқа карта деректерін ұрлайтын жасырын құрылғы орнату. Әсіресе түнгі клубтар мен туристер көп жиналатын орындарда сақ болу керек.
Бұл елдерде жалған туроператорлар мен қонақүйлер де кездеседі. Алаяқтар қонақүй, трансфер немесе экскурсияға үлкен жеңілдік ұсынып, туристерді қызықтырады. Олар шынайы компанияның сайтына ұқсас парақшалар жасап, әлеуметтік желілерде жарнама береді немесе мессенджер арқылы жазады. Кейін алдын ала төлем сұрайды. Нәтижесінде туристер ақшасынан да, жеке деректерінен де айырылуы мүмкін.
Сингапур, Малайзия және Индонезия. Бұл елдерге саяхаттағанда да киберқауіпсіздікке мән берген жөн. Малайзияда 15,3 млн, Индонезияда 12,9 млн, ал Сингапурда шамамен 6 млн веб-қауіп анықталған.
Малайзия мен Индонезияда туристердің смартфоны мен ноутбугін қоғамдық орындарда ұрлау қаупі бар. Құрылғыдан айырылу ғана емес, ондағы банк қосымшаларына, электрондық поштаға және басқа аккаунттарға бөтен адамның кіріп кетуі де қауіпті.
Малайзияда алаяқтар танысу қосымшалары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы туристердің сеніміне кіріп, кейін олардың ақшасын немесе жеке деректерін алдап алуға тырысады.
Сингапурда алаяқтар мемлекеттік органдардың атын жиі пайдаланады. Олар өздерін полиция, көші-қон қызметі немесе басқа мекеме қызметкері ретінде таныстырып, қоңырау шалады не хабарлама жібереді. Визаға қатысты мәселе немесе айыппұл бар деп қорқытады. Сенімді көріну үшін телефон нөмірін қолдан өзгертіп көрсетеді немесе жасанды интеллект арқылы дауысқа еліктейді. Сөйтіп ақша мен жеке деректерді алуға тырысады. Тағы бір қауіп – QR-кодтар мен цифрлық төлемдерге қатысты алаяқтық. Қылмыскерлер PayNow және NETS QR жүйелерінің шынайы QR-кодтарын жалған кодтармен ауыстырады немесе жалған төлем сілтемелерін жібереді. Осылайша ақша өздерінің шотына түседі.
«Жаңа қалаға немесе елге бару әрдайым ерекше әсер сыйлайды. Бірақ саяхат кезінде қауіп те бар. Алаяқтар туристердің қарбалас сәтін пайдаланып, ақшасы мен деректерін ұрлауға тырысады. Олардың жиі қолданатын айлаларын білсеңіз, күмәнді белгілерді дер кезінде байқай аласыз. Kaspersky Premium сияқты заманауи қорғаныс шешімдері де қауіпсіздікті күшейтеді. Мұндай өнімдерде фишингті, күмәнді төлем парақшаларын және басқа қауіптерді тез анықтауға көмектесетін жасанды интеллект технологиялары көбірек қолданылып жатыр», – дейді Kaspersky GReAT-тың Ресейдегі жетекшісі Дмитрий Галов.
«Саяхат жақсы әсер сыйлауы керек, алаяқтардың әрекетімен есте қалмауы тиіс. Жолда көп нәрсені асығыс жасаймыз. Алаяқтар осыны пайдаланады. Қазақстанда әсіресе ауыстырылған QR-кодтар мен мессенджердегі алдау тәсілдері қауіпті. Мысалы, «чат көшеді» деп код енгізуді сұрауы мүмкін. Ұсыныс тым тиімді көрінсе, күмәнданған жөн. Сілтемелерді тексеріңіз, байланыс деректерін салыстырыңыз, төлем жасауға асықпаңыз. Жасанды интеллект қолданатын қорғаныс құралдары сілтемені ашпай тұрып-ақ қауіпті анықтауға көмектеседі. Сапарыңыз сәтті өтуі үшін аздап сақтық танытсаңыз жеткілікті», – дейді «Касперский зертханасы» компаниясының Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.
Туристерге қауіпсіз саяхаттауға көмектесу үшін «Касперский зертханасы» «Kaspersky-мен әлемді қауіпсіз аралаймыз» жобасын әзірледі. Онда Беларусьтен Жапонияға дейінгі бағыттар бойынша 20-дан астам елде жұмыс істейтін компания қызметкерлерінің кеңестері жинақталған. Сондай-ақ Kaspersky GReAT сарапшылары әр өңірде кездесетін киберқауіптерден қалай қорғануға болатынын түсіндіреді.
Саяхат кезінде қауіптерді азайту үшін «Касперский зертханасы» мынадай кеңес береді:
 

  • Билеттерді тек ресми сайттардан сатып алып, баспананы да сенімді ресурстар арқылы брондаңыз. Жеке деректеріңізді енгізер алдында сайтты мұқият тексеріңіз;
  • Қолма-қол ақшаны банк бөлімшесінің жанындағы банкоматтан алыңыз. Карта салатын жер мен пернетақтада бөтен қондырғы, жасырын камера немесе күмәнді бөлшек жоқ екенін тексеріңіз. Төлем кезінде картаңызды көзден таса етпеңіз. Операциялар туралы хабарламаларды қосыңыз. Күмәнді әрекет байқасаңыз, картаны дереу бұғаттаңыз;
  • Күтпеген электрондық хаттарға сақ болыңыз. Сілтемені ашпас немесе тіркелген файлды жүктемес бұрын жіберушінің мекенжайын тексеріңіз;
  • Құрылғыңыздың ашық Wi-Fi желілеріне автоматты түрде қосылуын өшіріңіз. Әсіресе құпия деректерді жібергенде мүмкіндігінше мобильді интернетті пайдаланыңыз;
  • Шетелде интернетке қосылу үшін eSIM пайдалануға болады. Оны, мысалы, Kaspersky eSIM Store арқылы сатып алуға болады. Цифрлық SIM-картаны ресми қосымша арқылы іске қосқан дұрыс. Сонда кәдімгі SIM-картаны бөлек сатып алудың қажеті болмайды;
  • Тиімділігі тәуелсіз зерттеулермен расталған қорғаныс өнімін, мысалы, Kaspersky Premium пайдаланыңыз. 2025 жылы бұл өнім AV-Comparatives тәуелсіз зертханасының фишингке қарсы сынақтарының нәтижесі бойынша жыл сайын берілетін Approved сертификатын тағы да алды.