🏥 ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ!

🏥 ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ!

02.11.2026 13:08:35 385

Халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету – денсаулық сақтау саласының басты міндеттерінің бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға ерекше мән берілген.
🩺 Өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу бастамасы ауылдық елді мекендер мен шалғай аймақтардағы медициналық инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Жаңа медициналық нысандардың бой көтеруі:
халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға;
алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жақсартуға;
заманауи медициналық инфрақұрылымды дамытуға;
азаматтардың денсаулығын сақтауға және аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
💙 Денсаулық сақтау саласына жасалған әрбір инвестиция – адам өміріне, ұлт саулығына және болашақ ұрпақтың игілігіне қосылған үлес.
Басты мақсат – әрбір азаматқа сапалы медициналық көмек көрсетіп, салауатты қоғам қалыптастыру.
Дені сау ұлт – қуатты Қазақстанның негізі! 🇰🇿