Республика күні мерекесінің тарихы.
13.11.2026 01:12:05 136
Тәуелсіз Қазақстан тарихы мемлекеттілікке апаратын жолдағы бетбұрыс болған маңызды оқиғадан басталады.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдады. Бұл тарихи құжат Қазақстан аумағында республикалық биліктің басымдығы қағидатын бекітіп, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына құқықтық негіз қалады.
1995 жылы 25 қазан алғаш рет ұлттық мереке мәртебесіне ие болды, ал 2001 жылы Республика күні мемлекеттік мерекелер қатарына енгізілді;
2022 жылы маусымда Ұлттық құрылтайдың отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару бастамасын көтерді. Сол жылы мереке елдің күнтізбесінде қайтадан ерекше орынға ие болды.
Республика күні – тек есте қалатын күн ғана емес. Бұл – халықтың тарихи таңдауының, дербестікке ұмтылысының және өз елінің болашағы үшін жауапкершіліктің символы. Ол ұрпақтар сабақтастығын, мемлекеттілікті қалыптастырып, нығайтқан жандарды және тарихи жадты сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Бұл күн бірлікті сақтауға, туған жердің тарихын құрметтеуге және тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосуға бізді жігерлендіре берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1315398?lang=ru