ПЕРМЬ ҚАЛАСЫНАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР ДЕНДРОСАЯБАҚТА ШЫНАР АҒАШЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

ПЕРМЬ ҚАЛАСЫНАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР ДЕНДРОСАЯБАҚТА ШЫНАР АҒАШЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

13.11.2026 18:24:20 373

Пермь қаласынан келген ресейлік делегация Шымкент қаласындағы дендрологиялық саябаққа барып, ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты. Ағаштар мен өсімдіктердің сан алуандығы, саябақтың тазалығы мен көрікті келбеті, жалпы қаланың жасыл желекке оранған көрікті мекені қонақтарға ерекше әсер қалдырды.

Делегация мүшелері құрметті қонақтардың қолымен отырғызылған ағаштар аллеясына барып, онда шынар ағашының көшеттерін отырғызды. Осылайша аз уақыттың ішінде дендрологиялық саябақ тағы он шынар ағашымен толықты.

Сондай-ақ, делегация мүшелері қазақ халқының қонақжайлығына және ұлттық тағамдарына тәнті болғандарын жеткізді. Пермь қаласы өкілдерінің айтуынша, қазақтың кәуабы мен бесбармағының дәмі олардың есінде ұзақ сақталатын ерекше гастрономиялық әсер қалдырған.
Бұдан бөлек, өндірістік байланыстарды кеңейту мақсатында ресейлік делегация Шымкент қаласындағы арнайы экономикалық аймақтарды аралауды жоспарлап отыр.