Сайланбалы лауазымдарға үміткерлердің назарына!
21.11.2026 07:11:37 167
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес, сайланбалы лауазымдарға үміткер ретінде ұсынылған тұлғалардың декларацияларын қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 24, 25 және 26 қазан күндері (демалыс күндері) декларацияларды қабылдау ұйымдастырылатынын хабарлайды.
Қабылдау күндері: 2026 жылғы 24–26 қазан
Қабылдау уақыты: сағат 09:00-дан 18:00-ге дейін
Декларациялар мына аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында қабылданады:
Алматы және Сарайшық аудандары бойынша МКБ
Астана қ., Жұбанов көшесі, 16
Байқоңыр ауданы бойынша МКБ
Астана қ., Айманов көшесі, 6
Сарыарқа ауданы бойынша МКБ
Астана қ., М. Әуезов көшесі, 34
Нұра ауданы бойынша МКБ
Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 33
Есіл ауданы бойынша МКБ
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 63
Назар аударыңыздар: көрсетілген күндері декларацияларды қабылдау тек сайланбалы лауазымдарға ұміткер ретінде ұсынылған және сайлау процесіне қатысушы тұлғалар үшін жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1317149?lang=ru