«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ
24.11.2026 11:23:33 362.png)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің тұрақты дамуы, қоғамдық бірлік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту мәселелеріне ерекше тоқталды.
Президенттің айтуынша, темірдей тәртіп, жоғары жауапкершілік және адал еңбек арқылы еліміздің ауылдары мен қалаларының келбетін жаңартып, Қазақстанның әлеуетін одан әрі арттыруға болады. Бұл ретте «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстану – ортақ мақсаттарға жетудің және келер ұрпаққа лайықты мұра қалдырудың маңызды негізі.
Мемлекет басшысы қоғамдағы бірлік пен әлеуметтік тұтастықты нығайтудың маңызын да атап өтті. Сонымен қатар кез келген реформаның нәтижелі жүзеге асуы үшін заңнаманы жетілдірумен қатар, қоғамдық сана мен азаматтардың көзқарасы да жаңғыруы қажет екенін жеткізді.
Осы тұрғыда «Адал азамат» идеологиясын қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру, адалдықты, жауапкершілікті және еңбекқорлықты ортақ құндылық ретінде қалыптастыру маңызды. Бұл қағидаттар елдің орнықты дамуына және болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне негіз болады.