Қазақстанда техникалық мамандықтарда оқитын студент қыздарға арналған Tañdauym стипендиялық бағдарламасының екінші маусымы басталады

Қазақстанда техникалық мамандықтарда оқитын студент қыздарға арналған Tañdauym стипендиялық бағдарламасының екінші маусымы басталады

24.11.2026 15:52:49 167

Бағдарламаның жаңа маусымына Алматының жетекші жеті жоғары оқу орнынан 35 студент қыз қатысады. Биыл Tañdauym бағдарламасына қатысуға 257 өтінім келіп түсті.
2026 жылғы 23 қарашада Алматыда техникалық және өндірістік мамандықтарда оқитын студент қыздарды қолдауға және олардың өнеркәсіп саласындағы мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған Tañdauym стипендиялық бағдарламасының екінші маусымы ресми түрде ашылды.
Жаңа маусымға Алматының жетекші жеті университетінің жоғары курсында оқитын 35 студент қыз қатысады. Биыл бағдарламаға деген қызығушылық айтарлықтай артты: ұйымдастырушыларға 257 өтінім келіп түсті. Жаңа маусымға дайындық аясында университеттерде жеті ақпараттық сессия өткізіліп, онда студент қыздар бағдарламаның мүмкіндіктері туралы біліп, CCI компаниясының өндіріс саласында жұмыс істейтін әйел қызметкерлерінің кәсіби жолымен таныса алды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 70 үміткер іріктеудің екінші кезеңіне – симуляциялық ойынға шақырылып, соның нәтижесінде финалға өткен 35 қатысушы анықталды.
Tañdauym бағдарламасының екінші маусымы 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы мамырға дейін жалғасады. Бағдарлама студент қыздарға алған білімі мен кәсіби қызметінің басталуы арасындағы алшақтықты еңсеруге көмектесіп, индустрияныңішкі жұмысымен танысуға, тәжірибелі мамандардың қолдауына ие болуға және одан әрі даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
Қатысушыларға CCI қызметкерлерінің жеке тәлімгерлігін, кәсіби және икемді дағдыларды (soft skills) дамыту тренингтерін, индустрияөкілдерімен және HR мамандарымен мансаптық кездесулерді, сондай-ақ компанияның өндірістік алаңдарынатаныстыру сапарларын қамтитын кешенді кәсіби даму бағдарламасы ұсынылады. Сонымен қатар әрбір қатысушы өзінің мансаптық мақсаттарына сай қосымша курстардан өту үшін 250 000 теңгеге дейін білім беру грантын ала алады. Бағдарлама тағылымдамадан өтуге, жұмысқа қабылдау сұхбаттарына және бастапқы деңгейдегі лауазымдарға орналасуға дайындықты да көздейді.
Tañdauym бағдарламасының алғашқы маусымы мұндай қолдау форматына сұраныс бар екенін көрсетті. Бағдарламаға 30 студент қыз қатысып, оларға CCI компаниясының 16 тәлімгері көмектесті. Жоба барысында қатысушылар 40 білім беру курсынан өтті. Бағдарлама қорытындысы бойынша қыздардың 97%-ы таңдаған кәсіби саласында өзіне деген сенімі артқанын атап өтсе, 84%-ы нақты мансаптық мақсаттары мен міндеттерін айқындай алды. Бағдарламаның үш түлегі CCI компаниясында практикадан өтті, тағы төртеуі өз университеттерінде компанияның амбассадоры атанды.
Осылайша, Tañdauym білім беру саласындағы қолдаумен ғана шектелмей, студент қыздардың әлеуетті жұмыс берушілермен танысуына, практикалық тәжірибе жинақтауына және кәсіби қауымдастық қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бағдарлама түлектері де бір-біріне қолдау көрсетіп, жаңа қатысушылармен тәжірибе бөлісе алады.
«Coca-Cola İçecek Kazakhstan үшін жас мамандардың өз әлеуетін ашуына және техникалық әрі өндірістік бағыттарда мансап құруына жағдай жасау маңызды. Tañdauym студент қыздарға нақты кәсіби перспективаларды көруге, тәжірибелі мамандардың қолдауына ие болуға және өнеркәсіп саласындағы алғашқы қадамдарын сенімдірек жасауға көмектеседі», – деді Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясының корпоративтік және реттеуші органдармен байланыс жөніндегі директоры Дияс Джубандыков.
«Біз Tañdauym бағдарламасын қыздарға білім алудан кәсіби қызметке көшудің маңызды кезеңінде қолдау көрсету мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Тәлімгерлік, оқыту және практикалық тәжірибенің үйлесімі арқасында қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, оны өз мансабын құруда қалай қолдану керектігін де түсінеді», – деді Орталық Азияның Еуразия қорының (ОАЕҚ) жобалар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Данель Ходжаева.
Tañdauym бағдарламасы туралы
Tañdauym – Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясы Орталық Азияның Еуразия қорымен бірлесіп әзірлеген, техникалық және өндірістік мамандықтарда оқитын студент қыздарға арналған стипендиялық бағдарлама. Бағдарлама тәлімгерлік қолдауды, білім алу мүмкіндіктерін, практикалық тәжірибе мен кәсіби қауымдастықты біріктіріп, студент қыздардың еңбек нарығына шығуына және өнеркәсіп саласында мансап құруына дайындалуға көмектеседі.
Coca-Cola İçecek Kazakhstan туралы
Coca-Cola İçecek (CCI) – Қазақстанда және өңірдің басқа да елдерінде қызмет ететін халықаралық сусын өндіруші компания. Компания өз қызметі аясында жас мамандардың дамуына қолдау көрсетіп, жастардың мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асырады.
Орталық Азияның Еуразия қоры туралы
Орталық Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ) – 2006 жылдан бері Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келе жатқан қоғамдық ұйым. Қор қызметінің негізгі бағыттарына білім беру және жастарды дамыту, қауымдастықтарды қолдау, үкіметтік емес ұйымдар мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жатады.