Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін, инфрақұрылымы мен басқару процестерін бірыңғай цифрлық ортада бақылауға мүмкіндік беретін AIQYN кешенді цифрлық жүйесі әзірленді
25.11.2026 16:31:40
277
Жүйе алғаш рет Шымкент қаласында жасалған және бүгінде еліміздің өзге өңірлерінде баламасы жоқ. Қазіргі таңда қаладағы 147 мектепті қамтитын, интеллектуалды бейнеаналитика функциясы бар 12 мыңнан астам камера жүйеге қосылған.