Кітап оқитын ұлт - өркендеген ұлт
26.11.2026 15:10:45 283
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында А. Пушкин атындағы кітапханада кезекті әдеби басқосу өтті. Бұл жолы оқырмандар назарына Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы ұсынылды. Іс-шараға Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының 9–10 сынып оқушылары қатысып, шығармадағы ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, салт-дәстүр мен әже өнегесі туралы ой бөлісті. Жас оқырмандар туындыдан алған әсерлерімен бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.
#ЗерделіҰлт#КітапОқитынҰлт