Түзетілген және қосымша ЭШФ. Айырмашылығы неде?
29.11.2026 08:11:16 247
Түзетілген шот-фактура бұрын жазылған шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушінің және (немесе) алушының ауысуына әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазылады. Түзетілген шот-фактура жазылған кезде бұрын жазылған шот-фактура жойылады, сондай-ақ қосымша шот-фактуралар болған жағдайда олар да жойылады. Яғни, егер шот-фактурада қате жіберсеңіз (дұрыс емес деректер, қате жазулар, сомалар), ал жеткізуші мен алушы өзгермейтін болса. ҚОСЫМША — айналым сомасын өзгерту қажет болғанда (мысалы, мәміледен кейін баға өзгерсе) немесе ҚР СК-нің 213-бабы бұзылған жағдайда. Бұл ретте ескі шот-фактура ЖОЙЫЛМАЙДЫ — ол жай ғана толықтырылады.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
#законипорядок
#заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1318843?lang=ru