Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев мәслихаттардың қала дамуындағы рөлі туралы айтты
29.11.2026 10:11:55 366
Бүгін Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына белгілі мәдениет және өнер қайраткері Амантай Берғалиев қатысты.
Амантай Берғалиев – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының кеңесшісі, «Құрмет» орденінің иегері, Атырау облысының құрметті азаматы.
Оның айтуынша, сайлауға қатысу – ел болашағы үшін жауапкершіліктің көрінісі. Сондай-ақ ол мәслихат депутаттары тұрғындардың мүддесін қорғап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға қатысатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, Алматы мәслихатындағы депутаттық мандатқа 168 кандидат үміткер. Оның 109-ы партиялық тізім бойынша, ал 59-ы бірмандатты сайлау округі бойынша ұсынылған.
Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.