Алматыда жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай-газ саласының өзекті мәселелері талқыланды
06.12.2024 10:13:50 1589
2024 жылғы 5 желтоқсанда Алматы қаласында ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің, «PetroMining» қауымдастығы басшылығының және 60 жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Кездесуде мұнай-газ саласының проблемалық мәселелері, оның ішінде Министрліктің кейбір бизнес-процестерін цифрландыру және Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері талқыланды.
Министрлік қазіргі таңда ҚР Энергетика министрінің «Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 және «Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрықтарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Өзгерістер мен толықтырулар мұнай жеткізу кестесі бойынша әзірленіп жатқан цифрлық платформаға қатысты.
Мақсат – мұнай жеткізуді тиімді жоспарлау үшін, сондай-ақ өтінімдерді беруді жеңілдету және келісу, барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру үшін бірыңғай цифрлық кеңістік құру.
Осылайша, әзірленіп жатқан жоба Министрліктің мұнай жеткізу кестесін қалыптастыру жөніндегі функциясын цифрландыруға мүмкіндік береді, және осы функцияның транспаренттілігі мен ашықтығын арттырады.
Жер қойнауын пайдаланушылар көрші елдерге жанар-жағармай материалдарының ағындары мен «сұр» экспорты мәселелерін белсенді көтерді. Көршілес елдердегі қазақстандық ЖЖМ мен ЖЖМ бағасының елеулі диспаритетіне байланысты 17-ден 170%-ға дейін, демек ағындар мен «сұр» экспорттың салдарынан «халықтық» АИ-92 автобензині мен дизель отынының қоры айтарлықтай төмендейтіні белгілі (әр түрлі бағалаулар бойынша айына 10-нан 45 мың тоннаға дейін).
Ұйымдастырушылар мен қатысушылар кездесуді қорытындылап, диалогтың конструктивтілігін атап өтіп, мұнай-газ саласы мәселелері бойынша одан әрі бірлескен ынтымақтастық туралы келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/897452