ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
07.12.2024 11:27:24 1892
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және авиациялық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.
Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/898100