Әзербайжан әскери делегациясы Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне келді
09.02.2025 13:57:16 1053
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас директор Агиль Гурбанов бастаған шетелдік делегацияны қабылдады.
Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының достық және стратегиялық деңгейін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс саласындағы ары қарайғы қарым-қатынас бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/930263