Шығыс Қазақстан облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді
09.12.2024 13:17:17 858
2024 жылғы 11 желтоқсан сағат 10.00-де Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғимаратында (Серікбаев көшесі 19) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың халықпен кездесуі, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.
Кездесу барысында азаматтық қоғам саласын, ақпарат, жастар, мәдениет және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту талқыланады.
Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 немесе 8 (702) 852-25-52 телефондары бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898556