ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ҚОС ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ҚОС ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

10.12.2024 23:12:43 2108

Астана қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Чемпиондар лигасы» республикалық турнирі өтті. Боз кілем төріндегі додада жауырыны қақпақтай апайтөс балуандар кіл мықтыны анықтады. Нәтижесінде Түркістан облысының үміттері 4 алтын, 4 күміс және 7 қола медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.
Қоса кетейік, Астана қаласында 4-6 желтоқсан күндері қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Жас барыс» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл сында да жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Жарыс қорытындысында 4 алтын, 3 қола медальді облыс қоржынына салып, командалық есепте жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінді.
Осылайша Айдос Сералиев шәкірттері қос турнирде өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, сенімді ақтады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899206