Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футбол академиясын аралап көрді
11.12.2024 13:18:07 1632
Президент Ақтөбе қаласындағы «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды.
Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған. Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.
Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900624