Министрлік қызметкерлеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Министрлік қызметкерлеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

11.12.2024 18:10:09 1842

Негізгі баяндамашы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиева болды.
Лектор сыбайлас жемқорлық превенциясын жақсартуға бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы, оның ішінде озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу маңыздылығы жөнінде жасалып жатқан алғышарттарға тоқталды.
Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауға кеңес берді. Себебі тиісті органдар тарапынан аталған бөлік бойынша жіті тексерістер жасалатынын ескертті.
Лектор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға енгізілген соңғы 4 пакет өзгерістердегі түзетулердің мәні мен мағынасын түсіндірді. Маман семинар соңында "Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысты болдырмау — ол қызметкердің адал еңбекті таңдауымен қашанда байланысты" деп түйіндеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/900806