Аймақ басшысы Ақсуат ауданының ақсақалдарымен кездесті
12.12.2024 09:10:36 2806
Аймақ басшысы Ақсуат ауданына жұмыс сапары аясында ақсақалдармен кездесу өткізіп, өңірді дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты мәселелерді талқылады. Аймақ басшысы бастамалар мен ұсыныстарға ризашылығын білдіріп, аудан игілігіне бағытталған шешімдерді қабылдауда қариялардың пікірі маңызды негіз екенін баса айтты.
Қариялар өңірдің өркендеуіне, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосу мақсатында өздерінің тәжірибелері мен білімдерін ортаға салуға дайын екендіктерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901605