Абай облысының жас таланттарына грант берілді

Абай облысының жас таланттарына грант берілді

13.12.2024 06:14:55 2521

Абай облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурсына Абай облысының қалалары мен аудандарынан дарынды жастардан 150-ге жуық өтінім келіп түсті. Конкурстық комиссия үздік 5 жобаны таңдап алды. Олардың әрқайсысы өз жобасын іске асыруға 1 млн теңге иеленді.
Гранттар бизнес, медиа, мәдениет, ғылым және ақпараттық технологиялар сияқты 5 бағыт бойынша берілді.
«Мемлекет басшысы біздің жалынды жастарға сенетінін әрдайым айтып жүреді. Бүгінгі марапат-сіздердің жобаларыңыз үшін қоғамның сенімінің айқын көрсеткіші. Баршаңызға жаңа жетістіктер мен идеялар тілеймін, - деп атап өтті Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902182