Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде

Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде

17.12.2024 10:50:12 1408

Астанада «Ардагерлер кеңесі» РҚБ-ның Орталық аппараты төралқасының отырысы өтті.
Отырыста Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» идеологемасын іске асыру мәселелері талқыланып, жастарды тәрбиелеудің басым бағыттарына назар аударылды.
Осы саладағы негізгі стратегиялық құжат – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
Айта кетейік, қоғамдағы ұлттық бірлік, этностар мен діни топтар арасындағы өзара түсіністік, жастарды есірткі, лудомания секілді түрлі жағымсыз әрекеттерден сақтауда ардагерлер иниституты үлкен рөл атқарады.
Сондай-ақ, елімізде аталған бағыт бойынша 167,6 мыңнан астам адамды қамти отырып, 1,1 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/903306