Қазақстан СІМ-де БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен өзара ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан СІМ-де БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен өзара ынтымақтастық талқыланды

11.02.2025 23:41:41 770

Астана, 2025 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин 2025 жылдың қаңтарында тағайындалған БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Қазақстандағы жаңа өкілі Чинве Огбоннамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы гендерлік теңдікті нығайту, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерді жақсарту мәселелеріне қатысты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
А.Рахметуллин БҰҰ қорының өкілін қарсы ала отырып, ЮНФПА-ның белсенді күш-жігерінің көмегімен Қазақстан репродуктивті денсаулықты қорғау, перинаталдық күтім және отбасын жоспарлау, сондай-ақ ұзақ өмір сүру саласындағы үздік әлемдік тәжірибені енгізуде елеулі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.
Өз кезегінде Ч.Огбонна Қазақстанға демография мен денсаулық сақтау салаларындағы ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда одан әрі қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық және ұлттық күн тәртіптері аясында әріптестікті нығайтуға және басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/935992