Жаңалықтар
Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим туралы 15.04.2025
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі отандастарымыздың саяхаты үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында шетелдік серіктестермен визалық режимді жеңілдету бойынша жұмысты жүргізуде.Осы ретте, 2025 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы Визалық талаптардан өзара босату туралы келісім өз күшіне енеді.Осы келісім екі ел азаматтары – ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды қарастырады. Осылайша, олар әрбір 6 ай ішінде (ел аумағына кіру күнінен бастап есептелетін) басқа тарап мемлекетінің аумағында визасыз 30 күнге дейін бола алады.Бұл келісім туристік, іскерлік және мәдени байланыстардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Сонымен қатар Черногория билігі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз режимді 2025 жылғы 1 қарашаға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.Бұл шара Черногорияға туристік және іскерлік сапарларды жоспарлайтын қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.Бұған қоса Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрлігі ұлттық паспорттары бар Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимнің ұзартылғанын жариялады. Енді ҚР азаматтары Оман аумағында 30 күнге дейін бола алады, ал бұрын бұл мерзім 14 күнді құрады.Алайда, визасыз режим еңбек қызметі, білім алу және тұрақты тұру үшін қолданылмайтынын ескеру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/960055?lang=kk
Қазақстан Жасыл климат қорының (GCF) ынтымақтастығын нығайтады 2025 жылғы 18–20 наурыз, Сондго, Оңтүстік Корея 15.04.2025
Қазақстан Республикасы делегациясы Жасыл климат қорының (GCF) штаб-пәтеріне климаттық қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, қазақстандық ұйымдарды аккредитациялау және тұрақты инвестициялау механизмдерін дамыту мәселелерін талқылау үшін келді.Сапардың алғашқы күнінде GCF-тің Бас инвестициялық директоры Генри Гонсалеспен кездесу өтті. Кездесуде аккредитация, жеке секторды тарту және климаттың өзгеруіне бейімделу мен парниктік газдар шығарындыларын азайту салаларындағы жобаларды қаржыландыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан институционалдық әлеуетті күшейту үшін дайындық бағдарламаларына (Readiness Program) қатысу мүмкіндігін зерттеуде.Сапар аясында Қазақстандағы GCF-тің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімді талқылау, сондай-ақ климаттық бастамаларды тұрақты қаржыландыру тетіктерін пысықтау бойынша кездесулер жоспарланған.Келіссөздерге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы, Қазақстан Даму Банкі және Freedom Bank өкілдері қатысуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/960054?lang=kk
ҚР Әділет министрлігі Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленчиев және Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Байтілесов Бақытжан ОКҚ-де бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған брифинг өткізді 15.04.2025
Қазіргі уақытта қылмыстардың күрделене түсуіне байланысты Қазақстан сот-сараптамалық қызметті реформалау бойынша ауқымды қадамдарына тоқталды.2024 жылы Сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты мен Астана қаласындағы Сот сараптамасы институтының бірігуі жүзеге асырылып, ғылым мен тәжірибе интеграцияланды.Сондай-ақ спикерлер инновациялық бағыттардың бірі – виртуалды аутопсияны енгізуге қатысты әдістермен бөлісті. Бұл әдіс компьютерлік томографияға негізделген, персонал үшін қауіп-қатерді азайтады және ұлттық дәстүрлерді ескеруге мүмкіндік береді. Қазақстан бұл технологияны Сот сараптамасы орталығының аймақтық бөлімшелерінің бірінде пилоттық жоба ретінде іске қосу мүмкіндігін қарастырылып жатқанын айтты.Жаңғыртудың маңызды бөлігі – процестерді цифрландыру. Қазақстанда сарапшылар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін «E-сараптама» жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта жасанды интеллект технологияларына негізделген «E-сараптама 2.0» жүйесі әзірленуде, бұл сараптамалардың дәлдігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстандағы сот-сараптамалық қызметті жетілдіру жұмыстары жалғасады. Оның мақсаты – әлемдік стандарттарға сай болу және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/960053?lang=kk
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің талаптары бойынша семинар өткізілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің азаматтардың өтініштері мен жұмыс сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласы ҚР БП Құқықтық статистика және есепке алу Департаменті қызметкерлерімен семинар кеңесі өткізілді. Кеңес барысында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің талаптары, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу ережелері қосымша түсіндіріліп, талқыланды. 2024 жылы ҚАЖ Департаменті және оған бағынысты мекемелермен азаматтардың 7767 өтініш қаралса, 2025 жылдың есептік кезеңде 268 өтініш қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/960038?lang=kk
Ерсайын Нағаспаев KNAUF компаниялар тобының өкілдерімен кездесті 15.04.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев KNAUF компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында қатысушылар «Кнауф Гипс Бурылтау» ЖШС Жамбыл облысындағы жобасын жүзеге асыру барысын талқылады.Knauf Gips KG – құрылыс материалдарын шығаратын халықаралық инновациялық өндірістік компания.Компания ұзақ жылдар бойы Қазақстанда белсенді жұмыс істеп, Алматы, Атырау және Жамбыл облыстарының тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп келеді.Өндірілген негізгі тауарларға құрғақ гипс негізіндегі құрылыс қоспалары, гипсокартон және әртүрлі гипстік бұйымдар, алюминий профильдері, жылу және энергияны үнемдейтін оқшаулағыш материалдар жатады.Одан бөлек, KNAUF Жамбыл облысында гипс тас өндірумен айналысады. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 600 мың тонна гипсті құрайды. Ол Қапшағайдағы зауытты гипс таспен толық қамтамасыз етеді, сонымен қатар цемент зауыттары мен басқа тұтынушыларды да қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/960034?lang=kk
Кітап көрмесі: «Көш келдім Наурыз көктем мерекесі» 15.04.2025
Тимофеев ауылдық кітапханасында «Наурыз қуанышы» атты кітап көрмесі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-timofeev/press/news/details/960018?lang=kk
Облыстық олимпиаданың қазақ тілін жетік менгергендер 15.04.2025
Қанипа Битибаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатарынан облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің мемлекеттік тілде оқытатын 9 - 11 сыныптарының 55 оқушысықатысты. Павлодар қаласы Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 11-сыныбының, № 17 мектептің, Ж. Тәшенев атындағы № 38 мектептің 10-сыныбының, № 2 мектептің 9-сыныбының бес оқушысынан құралды.Олимпиада екі турдан тұрды - эссе жазу және ауызша тапсырма. Қатысушылар Қанипа Битибаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектері бойынша сайысқа түсті.Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға екі павлодарлық қатысушы ие болды, олардың ішінде бірінші орын - 1, екінші орын - 1.Сонымен, А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Солтанмұрат Айяулым Қанипа Бітібаеваның жазбаша шығармашылық қабілеттерін және шығармашылығын бағалап І орынға ие болды. Айяулым қазақ тілі мен әдебиеті бойынша олимпиадалар мен байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері, сондай-ақ 2024 жылы Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың қола медалінің иегері.ІІ орынды № 38 мектептің 10 сынып оқушысы Хуаныш Мұнара иеленді. Мұнараның «И. Есенберлиннің шығармаларындағы қазақ тарихының көркем шежіресі» атты эссесінде қазақстандық жазушылардың, оның ішінде Ілияс Есенберлиннің шығармаларындағы посткеңестік қазақстандық ұлттық идея тақырыбы көтерілді.Олимпиада ережесіне сәйкес, Айяулым сәуір айында Өскеменде өтетін республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу құқығына ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/960012?lang=kk
Жетісу облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде 15.04.2025
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында Жетісу облысы Полиция департаменті ағымдағы жылдың 18-20 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/960002?lang=kk
ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 35 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ 15.04.2025
ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 35 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ🔷 Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған. Іске қосылғалы 22 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді.🔷 Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру болып табылады.🔷 Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі, 4, 9, 14 үйлерінде тұратын тағы 35 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи жайлы баспанаға көшу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.🔷 Қаланың осынау тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағын ауданға айналдыруға бағытталған тұжырымдама жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, мегаполистің келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.Жақын арада осы ауданда тұратын тағы 159 отбасын көшіру жоспарлануда.🔷 Жобада көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен скверлерді, аудан әкімдігінің ғимаратын, спорт кешенін кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мектепті кеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/959979?lang=kk
Есіл ауданында су тасқынына қарсы оперативті штаб іске қосылды 15.04.2025
Құрметті Есіл ауданы тұрғындары мен қонақтары!2025 жылдың көктем мезгілінде ықтимал төтенше жағдайлардың туындауына байланысты, тиімді және дер кезінде әрекет ету мақсатында Есіл ауданы әкімдігінің жанында су тасқынына қарсы оперативті штаб құрылды. Штаб 17 наурыздан бастап тәулік бойы қызмет көрсетеді. Толығырақ ақпарат алу үшін 21-9-92 телефонына хабарласыңыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/press/news/details/959976?lang=kk
Ашық есік күні 15.04.2025
2026 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитетінде Жас қаржыгерлер форумы және Ашық есік күні өтеді. Сіздерді қаржы саласының жас мамандарымен жүздесуге, комитеттің қызметімен танысуға және қызықты іс-шараларға қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1246942?lang=ru
Облыстық шеберлік алаң сериясы 15.04.2025
Халықаралық зерттеуге қатысатын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне «Цифрлық әлемде оқыту» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өткізіліп, аталған шарада Талдықорған қаласы, Кербұлақ және Сарқан аудандарының педагогтері тәжірибе таратты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-edu/press/news/details/959944?lang=kk
Астана қаласының көлік жүйесін дамыту перспективалары туралы мәселе бойынша кезекті сессия (18.03.2024) 15.04.2025
Қалалық мәслихатта Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен Астана қаласы сегізінші сайланым мәслихатының 35-ші кезекті сессиясы өтті. Сессия басталар алдында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша жаңадан сайланған депутат Гүлжамал Әлкенқызы Жапароваға депутат куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.Кезекті сессияның «Астана қаласының көлік жүйесін дамыту перспективалары туралы» негізгі мәселесі бойынша Ерсін Өтебаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана қаласының көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы әзірленгенін және бекітілгенін хабарлады. Қалада 650 мыңға жуық көлік жүреді, оның ішінде 420 мыңы Астанада, 150 мыңы басқа қалаларда тіркелген (бірақ қала тұрғындарына тиесілі), күн сайын қалаға 80 мыңға жуық көлік кіреді. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, кешенді бағдарлама қоғамдық көлікті насихаттауға бағытталған, қазіргі уақытта автобустар паркі артып келеді. Жыл сайын 300 автобус сатып алу жоспарлануда. Көлік хабтары дамытылатын болады, нәтижесінде қоғамдық көлікке ауысу мүмкіндігі ұсынылады. Спикер пилоттық режимде ЛРТ іске қосылатынын атап өтті. «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Әкімдік бүгінгі таңда жұмыс уақытын ұйымдастыруға икемді тәсілді енгізу мәселесін пысықтауда, бұл қаладағы көлік жағдайын едәуір жақсартады. Бағдарламаны іске асыру көптеген мәселелердің ұзақ мерзімді оң шешілуіне ықпал етеді деп күтілуде.Депутат Ғабит Тәжімұратов сөз сөйлеп, тұрақты комиссиялардың отырыстарында, бірлескен отырыстарда талқылау барысында депутаттар бірқатар ұсыныстар енгізгенін атап өтті, мәселен қалалық көлік саласында субсидияларды қалыптастыру және есептеу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру; тұрғындардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баратын автокөлік жолдарының бойынан алып кететін тұрақтарды бірінші кезекте салу; қайта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын болдырмау мақсатында көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын елорданың инженерлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысына жауапты мемлекеттік органдармен келісу; елорда жолдарының цифрлық картасын әзірлеуді жеделдету жөнінде шаралар қабылдау және басқалар.Депутат Кендебай Адамбек депутаттар үш ай бойы көлік жүйесін дамыту мәселелерін қарастырғанын атап өтті. Ол ескірген автобустарға қатысты сұрақ қойды, олар қайда сақталатын болады. Сондай-ақ, ол бірнеше рет бірқатар ахуалдық орталықтардың құрылуына назар аударды, ЛРТ, ТЖ және басқа да орталықтар құру жоспарланған ба. Бұл мәселе орындылықты ескере отырып, ретке келтіруді талап етеді. Депутат Талғат Ерғалиев көлік жүйесін дамыту жөніндегі жоспарларға қатысты пікір білдірді, демек 10 жыл ішінде шамамен 550 мың адам қоғамдық көлікке ауысуы тиіс. Табысты шетелдік тәжірибелердің мысалдары келтірілді, алайда бұл елдердің климаты Астананың климатынан айтарлықтай ерекшеленеді, сондай-ақ ол мегаполистерде метро жұмыс істейді. Депутаттың пікірінше, бүгінде тұрақ салу үшін оларға орын керек, сол жағалауда қазірдің өзінде орын тапшылығы бар. Егер автотұрақтар жол бойында салынса, бұл жолдардың тарылуына әкеледі. Әкімнің орынбасары Ерсін Өтебаев бағдарлама іске асырылуына қарай қаланың ерекшелігін ескере отырып пысықталатынын айтты.Депутат Бауыржан Смайылов қалаға газбен жүретін автобустар қажет, өйткені олардың қоршаған ортаға әсері аз болады және тиісінше жыл сайынғы субсидиялау азаяды деп есептейді.Депутат Владислав Сергеев Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебімен сөз сөйледі. Сөз басында ол тұрақты комиссияның сандық және сапалық құрамы туралы хабардар етті. Депутаттың айтуынша, депутаттардың сайлаушылармен белсенді өзара іс-қимылы проблемалық мәселелерді шешуде көмектеседі. Атқарушы органдар мен депутаттардың өзара іс-қимылының арқасында тұрғын үй алаптары газдандырыла бастады. Мәселен, елорданың ортасындағы Шұбар шағын ауданы газбен жабдықтауға қосылатын болады, автобустар саны екі есеге артты. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» көмегімен жолдарды жөндеу сапасы жақсарды. Осы мәселе бойынша азаматтардың өтініштері азайды. Сергеев проблемалық мәселелердің ішінде стандарт талаптарына сәйкес келмейтін ДСК-нің құрылысын атап өтті, оларда ірі жарыстар өткізу мүмкін емес. Сондықтан Қ. Мұнайтпасов атындағы стадион мен «Қазақстан» спорт сарайын салу кезінде құрылыс бойынша жіберілген кемшіліктерді ескеру қажет. Ол сондай-ақ, әкімшілер бір жобаны аяқтамай, жаңа жобаларды бастайтын теріс тәжірибеге наразылығын білдірді. Аумақтарды абаттандыру мәселесіне қатысты ол негізгі құжат – «Астана қаласының аумағын абаттандыру ережесін» ұстануға шақырды. Тағы бір өзекті мәселе МЖӘ жобалары болып табылады, олардың арасында теріс нәтиже көрсететіндер кездеседі, бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеп соғады. Депутаттардың табандылығының арқасында №1 автобус паркі жеке қолға берілмеді. Коммуналдық меншіктің кейбір объектілерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерін жеке қолдарға беру кезінде, барлық ықтимал тәуекелдерді егжей-тегжейлі есептеу керек. Депутат өз сөзін аяқтай отырып, аумақтарды абаттандыру жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынды.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева «Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі. Ол өзгерістер жеке табыс бойынша жоспарды қайта қарауға байланысты енгізілгенін айтты. Түгелбаева депутаттарға бос қалдықтардың қандай қажеттіліктерге бөлінетінін егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуы бойынша, білім беру, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, спорт саласындағы қажеттіліктерге, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылу энергетикасындағы қуаттарды ұлғайтуға, жайлы қалалық орта құруға, жолдарды ағымдағы жөндеуге, азаматтарды ескі тұрғын үйден көшіруге бағытталған шығыстардың жекелеген баптары қайта қаралған.Кезекті сессияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер талқыланып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/959932?lang=kk
Нормативтік-құқықтық актінің жобасы. Орналастыру 15.04.2025
Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы түсіндірме бере отырып, жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.Әзірленген жобаны және оған қоса берілетін құжаттарды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруы қамтамасыз етіледі.Әрбір жарияланған нормативтік құқықтық актіде оның мәртебесі, типі, құрылу күні мен жария талқылаудың аяқталу мерзімі туралы ақпарат бар.Әрбір азамат https://legalacts.egov.kz сайтында жариялаған нормативтік құқұқтық құжаттармен танысып, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/959921?lang=kk
Көкжазық ауылдық округінде Таза Қазақстан -TazaLike 15.04.2025
Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында Көкжазық ауылдық округінде жолдарды жинау, арықтарды, құбырлы өткелдерді тазалау жұмыстары басталды. Жеке кәсіпкерлер өздеріне тиесілі объектілердің іргелес аумақтарын тазалауда (Таза-кәсіп-Таза аймақ ). Округ әкімі аппаратымен тұрғындары үшін үй маңындағы учаскелерге отырғызу үшін көшеттер таратылды .(Жасыл ауыл)(Оқушылармен ағаш отырғызу) (Өз ағашынды отырғыз). барлығы 25 бірлік жасыл желектер отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-kokzhazyk/press/news/details/959909?lang=kk
Ақмола облысында қылқан жапырақты ағаштарды ұрлаудың алдын алды 15.04.2025
Щучинск-Бурабай курорттық аймағына жақын жерде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі құрған арнайы жедел топ жас ағаштарды заңсыз қазып алу және ұрлау әрекетін тоқтатты.2025 жылғы 17 наурызда рейдтік іс-шара барысында табиғат қорғау инспекторлары орман шетінде жас қылқан жапырақты ағаштарды қазып жатқан 8 ер адамды байқап қалды. Тексеру кезінде ұсталғандар ешқандай рұқсат құжаттарын көрсете алмады. Барлығы 37 қарағай қазылып, әкетуге дайындалған.Оқиға орнына жедел тергеу тобы шұғыл шақырылып, барлық ұсталғандар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. ҚР ҚК 24 және 188-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Аталған құқықбұзушылыққа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексерілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/959878?lang=kk
Учаскелік инспектор ұялы телефонның тонауын жедел ашты 15.04.2025
Учаскелік полиция инспекторлары майор Сакен Сулейменов пен Борис Толгуровтың кәсібилігінің арқасында жарты сағат ішінде ұялы телефонды тонады деген күдіктіні анықтап, ұстап алды.15 наурыз күні сағат 23:00 шамасында Көкшетау полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Әйел полицияға хабарласудан жарты сағат бұрын ол таныстарынан оралып, телефонындағы хабарламаларды қарап жатқанын, кенеттен белгісіз ер адам одан "Redmi" маркалы ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткенін айтты.Қылмыс туралы ақпарат дереу барлық полиция күштеріне берілді. Учаскелік инспектор майор Сакен Сулейменов күдіктінің белгілерін талдап, өзінің әкімшілік учаскесіндегі құжаттарды тексеру кезінде бұрын сипаттамаларына ұқсас адамды кездестіргенін есіне алды. Ол кезде ер адам досына қонаққа келген.Уақыт жоғалтпастан, учаскелік инспектор серіктесімен бірге белгілі мекенжайға барып, қарақшы мен ұрланған телефонды тапты. Күдікті ұсталып, мобильді құрылғы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/959861?lang=kk
«Ұлттық киім күні» 15.04.2025
Ұлттық киім үлгісін дәріптеу мақсатында, ең әдемі, заманауи және сәнді киім киген Жамбыл облысы Әділет департаментінің қызметшілері арасында сән байқауы ұйымдастырылды.1, 2, 3 орын жұлдегерлерімен қатар, арнайы «әдемі қыз», «заманауи киім үлгісі», «әдемі келіндер», «орта жастағы келін», «ердің сәнді киімі» номинациялар бойынша жұлдегерлер іріктеліп марапатталды.Қатысушылардың ұлттық киім үлгісіне сай бас киімдері малақай, сәукеле, кимешек, үкілі тақиясымен күміс әшекейлері жарасымды таңдалғаны ерекше көзге түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/959859?lang=kk
Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды 15.04.2025
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бейжіңде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның төрағалығымен өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің XII отырысында тиісті келісімге қол қойылды.Меморандумға ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары Ли Ляншэн қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және оны игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.«Бір жыл бұрын менің ҚХР-ға жұмыс сапарым аясында біз Қытай тарапымен ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою туралы уағдаластық. Қос тарап бірден келісім жобасын әзірлеуге кірісті. Су ресурстары мәселелеріндегі ынтымақтастық маңызды ресурсты тиімді пайдалануға, суды есепке алу мен үнемдеудің озық технологияларын енгізуге, су саласы мамандарының біліктілігін арттыруға ықпал етеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/959836?lang=kk
Бүгін AMANAT партиясы Қостанай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары Қайрат Тынымбайұлы Әбішев азаматтарды қабылдады 15.04.2025
Қабылдау барысында әлеуметтік грант алушылар келіп, бизнесті кеңейту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Ауыл Аманаты» жеңілдікті несиелеу бағдарламасына қатысу ережелері түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/959827?lang=kk