ҚР Әділет министрлігі Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленчиев және Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Байтілесов Бақытжан ОКҚ-де бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған брифинг өткізді
15.04.2025 17:51:16 308
Қазіргі уақытта қылмыстардың күрделене түсуіне байланысты Қазақстан сот-сараптамалық қызметті реформалау бойынша ауқымды қадамдарына тоқталды.
2024 жылы Сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты мен Астана қаласындағы Сот сараптамасы институтының бірігуі жүзеге асырылып, ғылым мен тәжірибе интеграцияланды.
Сондай-ақ спикерлер инновациялық бағыттардың бірі – виртуалды аутопсияны енгізуге қатысты әдістермен бөлісті. Бұл әдіс компьютерлік томографияға негізделген, персонал үшін қауіп-қатерді азайтады және ұлттық дәстүрлерді ескеруге мүмкіндік береді. Қазақстан бұл технологияны Сот сараптамасы орталығының аймақтық бөлімшелерінің бірінде пилоттық жоба ретінде іске қосу мүмкіндігін қарастырылып жатқанын айтты.
Жаңғыртудың маңызды бөлігі – процестерді цифрландыру. Қазақстанда сарапшылар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін «E-сараптама» жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта жасанды интеллект технологияларына негізделген «E-сараптама 2.0» жүйесі әзірленуде, бұл сараптамалардың дәлдігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы сот-сараптамалық қызметті жетілдіру жұмыстары жалғасады. Оның мақсаты – әлемдік стандарттарға сай болу және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/960053?lang=kk