Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Оралда қызметтік ит тағы да тыйым салынған затты анықтауға көмектесті 30.06.2026
Орал қаласында Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде пошта жөнелтілімдерін тексеру кезінде сотталған азаматтарға жолданған есірткі зат анықталды. Жоспарлы тексеру шеңберінде сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің кинолог-маманы ефрейтор Аманай Бақтығалидің жетекшілігімен Детектив есімді қызметтік ит қолданылды.Тінту кезінде ол сәлемдемелердің біріне тоқталып, белгі бергендіктен, дереу жедел-тергеу тобы шақырылған.Табылған материал оның құрамын анықтау үшін соттық-химиялық сараптамаға жіберілді.Қазіргі уақытта осы факт бойынша қажетті іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерінің жолын кесу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасуда. #ЗАҢМЕНТӘРТІП ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1237592?lang=ru
Қазақстан мен Гонконг Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасындағы сауда көпірін нығайтуда 30.06.2026
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Гонконг арнайы әкімшілік аймағының Басшысы Джон Лимен және Гонконг іскерлік қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар тарту және Қазақстан мен Гонконг бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелерін талқылады.Келіссөздер барысында халықаралық сауда жүйесіндегі екі тараптың стратегиялық рөліне ерекше назар аударылды. Гонконгтың әлемдегі жетекші қаржы, сауда және логистика орталықтарының бірі екені, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Азия-Тынық мұхиты өңірі нарықтарына шығуына кең мүмкіндік беретіні аталды. Ал Қазақстан Орталық Азия елдеріне, Еуразиялық экономикалық одақ нарығына және Еуропаға шығатын маңызды өңірлік хаб ретінде қарастырылады.Арман Шаққалиев Қазақстанның Гонконгпен практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және отандық өнімдерді сыртқы нарықтарға ілгерілетудің жаңа тетіктерін қалыптастыруға мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі тараптың өзара сауда көлемін ұлғайтуға, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлік субъектілерінің өзара нарықтардағы қатысуын кеңейтуге әлеуеті жоғары.«2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы 178,8 млн АҚШ долларын құрады. Біз Гонконг нарығына жеткізілетін қазақстандық өнім көлемін арттыруға мүдделіміз. Бұл қатарға ауыл шаруашылығы өнімдерімен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарлары да кіреді», – деді Арман Шаққалиев.Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі алтын саудасы, биржалық инфрақұрылым және қаржылық қызметтер салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту болды. Джон Ли Гонконгта халықаралық алтын саудасы орталығын құру және бағалы металдар айналымына арналған заманауи экожүйені дамыту жоспарларымен бөлісті. Осыған байланысты тараптар тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету, бизнесті жүргізудің ашық әрі түсінікті қағидаттарын қалыптастыру және нарық қатысушылары арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.Гонконг Әкімшілігінің басшысы Қазақстанның өңірдегі жетекші алтын өндіруші елдердің бірі екенін және халықаралық бағалы металдар саудасының қалыптасып келе жатқан жүйесінде маңызды орын ала алатынын айтты. Оның пікірінше, бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту екі тараптың да өндірушілері мен қаржы институттары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Кездесу барысында іскерлік қауымдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Джон Ли кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты инфрақұрылымын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның Гонконгтағы сауда және бизнес өкілдіктерінің қызметін кеңейту, сондай-ақ Гонконг ұйымдарының Қазақстандағы қатысуын арттыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Өз кезегінде Арман Шаққалиев экспортты қолдау және бизнесті ілгерілету бағытында жүзеге асырылып жатқан құралдарды таныстырды. Атап айтқанда, бұл жұмыстар QazTrade компаниясы, шетелдегі серіктестік өкілдіктер желісі және сауда үйлері арқылы жүргізілуде. Қазақстан тарапы Гонконгпен сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту мақсатында аталған тетіктерді одан әрі жетілдіруге дайын екенін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге келісті. Жоспар аясында бизнес-миссиялар ұйымдастыру, кәсіпкерлер арасындағы кездесулер өткізу және перспективалы инвестициялық жобаларды пысықтау көзделіп отыр. Сонымен қатар «Бір белдеу – бір жол» халықаралық форумы алаңында Қазақстан мен Орталық Азияға арналған арнайы сессия өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Кездесу тараптардың экономикалық әріптестікті нығайтуға және бизнес үшін жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға өзара мүдделі екенін тағы бір мәрте растады. Қазақстан мен Гонконг сауданы кеңейту, инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты өңірінің әлеуетін тиімді ұштастыра отырып, ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1234139?lang=ru
2026 жылдың 4 маусымында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. 30.06.2026
 Депутаттар Меңдіқара ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы және Мәслихаттың 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 45 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ақпаратын тыңдады. Аудан депутаттарымен сұрақтар қойылған болатын, оларға жауаптар алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1234177?lang=ru
Сақ болыңыздар! Алаяқтардың құлықтарына түспеңіз! 30.06.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1234193?lang=ru
Қазақстан ЖИ қабылдау деңгейі елдердің ТОП-30 қатарына енді 30.06.2026
OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен кездесу өтті. Тараптар жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруды, ChatGPT Edu құралдарын енгізуді, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен мамандар арасында ЖИ-ді пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған серіктестіктің алдағы бағыттарын талқылады. Кездесу барысында OpenAI өкілдері Қазақстанда ЖИ пайдаланылуы туралы сараптамалық деректерді ұсынды.Еліміз жасанды интеллектті енгізу деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына кіріп, Орталық Азияның басқа елдерінен айтарлықтай алда келеді: салыстырмалы түрде айтсақ, жаһандық рейтингте Қырғызстан 52-орында, ал Өзбекстан жан басына шаққандағы ChatGPT тұтынушылық нұсқасын пайдалану бойынша әлемдік рейтингте 58-орынға ие болды. Бұл нәтижелер қазақстандық қоғамның озық ЖИ-құралдарын іс жүзінде қолдануға барынша дайын екенін айғақтайды.«Біздің жасанды интеллектті дамытудағы жүйелі бастамаларымыз ең алдымен қоғамның өзінің дайындығына арқа сүйейді. Зерттеу нәтижелері жаңа технологияларға деген қызығушылықты ғана емес, сонымен бірге жасанды интеллектті пайдаланудың орнықты тәжірибелік дағдыларының дамығанын да көрсетеді. Азаматтар қазірдің өзінде жасанды интеллектті білім алу, жұмыс міндеттерін орындау, ақпарат іздеу және контент жасау үшін өздерінің күнделікті өміріне белсенді түрде кіріктіруде. Мұндай жоғары енгізу деңгейі ЖИ-ді білім беруге, бизнеске және мемлекеттік басқаруға интеграциялау, сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі технологиялық көшбасшылардың бірі ретіндегі позициясын нығайту үшін қажетті іргетасты қалайды.», - деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.OpenAI білім беру саласындағы халықаралық бағытының жетекшісі Валери ФОККЕ: «Қазақстан қазірдің өзінде жасанды интеллектті белсенді енгізіп жатқан елдердің бірі болып табылады: мұнда ChatGPT-ді пайдалану деңгейі халықаралық өлшемдер бойынша жоғары, жастар ЖИ-дің белсенді пайдаланушысы, ал жалпы алғанда технологияларды қолдану ерлер мен әйелдер арасында тең бөлінген. Келесі қадам - адамдарға жасанды интеллектпен бұдан да көп пайда алуға көмектесу. Сондықтан, технологияларға қолжетімділік студенттер, оқытушылар және болашақ мамандарға нақты мүмкіндіктерге айналуы үшін, біз жауапты ЖИ-құралдарын педагогтарды даярлаумен, жергілікті енгізумен және нәтижелерді талдаумен ұштастыра отырып, білім беру бастамаларын іске асыруда Қазақстанмен ынтымақтастық орнатып отырмыз» -деді.ChatGPT тұтынушылық нұсқасын пайдалану деректері негізіндегі Қазақстандағы ЖИ құралдарын қолдану талдауы:Қазақстандықтар нейрожеліні көбінесе практикалық нұсқаулықтар алу (32,8%), мәтіндерді жазу және өңдеу (25%), сондай-ақ ақпарат іздеу (18%) үшін пайдаланады.Хабарламалардың 42%-дан астамы сұрақтар немесе ақпарат беру туралы сұраныстар ретінде қалыптастырылады. Шамамен 32%-ы белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталса, 26%-ы өзін-өзі көрсетуге қатысты.Енгізудің негізгі пайдаланушылары - жастар. 18-ден 24 жасқа дейінгі топ хабарламалардың 36,2%-ын, ал 25-тен 34 жасқа дейінгілер - 35,8%-ын құрайды. Жиынтықтап алғанда, 18-34 жас аралығындағы пайдаланушылар барлық сұраныстардың 72%-ын қамтиды. Бұл ретте, жастар ЖИ-ді мәтіндермен және мультимедиамен жұмыс істеу үшін жиірек пайдаланса, 25-34 жастағы пайдаланушылар техникалық көмек алу үшін қолданады.Әдетте ерлер мен әйелдерге тиесілі есімдері бар пайдаланушылар бірдей дерлік болып шықты.Айта кетейік, OpenAI өкілдерінің бұл сапары Қазақстанның білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі ұлттық жоба аясында өтіп жатыр. Осы бастамаға сәйкес, еліміздегі 165 мың педагог арнайы білім беру ұйымдарына арнап әзірленген ChatGPT Edu нұсқасына қолжетімділік алады.Жобаның технологиялық серіктесі — Bilim Group IT-холдингі. Компания OpenAI шешімдерін оқу процесіне кіріктірумен айналысады, сонымен қатар еліміздегі мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні пайдаланудың әдістемелік тәжірибелерін әзірлеуге атсалысады. OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары Bilim Group экожүйесіне кіретін Bilim UpSkill жобасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1233159?lang=ru
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! 30.06.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды!Мемлекеттік рәміздер әрбір азаматтың бойында патриоттық сезім мен Отанға деген құрметті оятады. Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыз мемлекеттілігіміздің тірегі болып, Әнұранымыз жүректерді мақтаныш пен еркіндік рухына бөлей берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1234194?lang=ru
ИКАО жанындағы Индонезия Тұрақты өкілімен кездесу өтті 30.06.2026
Монреаль, ИКАО штаб-пәтері, 2026 жылғы 3 маусым. –Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Индонезия Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ИКАО жанындағы Индонезия Республикасының Тұрақты өкілі Мұхсин Сийхабпен кездесті. Кездесу Индонезия Тарапының бастамасымен өтті.Әңгімелесу барысында Тараптар Қазақстан мен Индонезияның ИКАО алаңындағы екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады. Сондай-ақ ИКАО Ассамблеясының Төтенше сессиясын өткізу ықтималдығы мен ИКАО Кеңесінің құрамын кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасу болды.Кездесу достық және сындарлы ахуалда өтті. Тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі жалғастыруға және нығайтуға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1234251?lang=ru
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! 30.06.2026
4 маусым елімізде Тәуелсіздік, егемендік және ұлттық бірліктің маңызды нышандары саналатын Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Қазақстан халқының тарихын, құндылықтарын, сондай-ақ еліміздің өркендеуі мен дамуына деген ұмтылысын бейнелейтін қасиетті рәміздер.Мемлекеттік рәміздер барша қазақстандықтарды біріктіріп, отансүйгіштік рухты, Отанға деген құрмет пен елімізге деген мақтаныш сезімін нығайта берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1234252?lang=ru
Қарулы күштердің әскери қызметшілері еліміздің барлық гарнизонында Мемлекеттік әнұранды бір мезетте орындады 30.06.2026
Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар өтті.Бүкіл ел аумағында Мемлекеттік Туды көтеру және Мемлекеттік Әнұранды орындау рәсімдері ұйымдастырылды. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихы мен маңызын түсіндіруге арналған сабақтар, челлендждер және мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізілді.Гвардейск гарнизонындағы 21450 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру құрметі мерзімді әскери қызметші Альтаир Тұрақбайға берілді. Әскери қызметші үшін бұл күн ерекше маңызды еді. Оның себебі Мемлекеттік рәміздер күні жауынгердің туған күнімен тұспа-тұс келді.– Осындай мәртебелі рәсімге қатысу – үлкен құрмет. Мемлекеттік Ту – біздің Отанымыздың, оның тарихы мен жетістіктерінің символы. Сондықтан маған көрсетілген бұл сенім өте қымбат. Бұл күн менің әскери қызметімдегі ең маңызды әрі есте қаларлық күн болды, – деді қатардағы жауынгер А. Тұрақбай.Алматы қаласында өткен салтанатты саптық жиында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығы штабының бастығы полковник Бақытжан Жетпісов мемлекеттік рәміздердің ел егемендігі мен ұлттық бірлікті нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті.– 1992 жылғы 4 маусым – еліміздің тарихындағы айтулы күн. Дәл осы күні Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны алғаш рет бекітіліп, ұлттық бірегейлік пен мемлекеттіліктің айшықты белгілеріне айналды, – деді ол.Ақтау қаласында Әскери-теңіз күштері мен Құрлық әскерлерінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері Мемлекеттік рәміздер алаңындағы Мемлекеттік Туды көтеру салтанатына қатысты. Одан кейін әскери оркестрдің сүйемелдеуімен отан қорғаушылар облыс орталығының басты көшесін бойлай салтанатты шерумен жүріп өтті.Мереке күні Ақтөбе қаласында Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары авиациялық техниканың музейлік үлгілері жанында сапқа тұрып, Мемлекеттік Әнұранды айтты. Олар барынша әсерлі орындай отырып әскери борышқа адалдығын, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін және Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетті.Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейлігі мен рухани тұтастығының ажырамас негізі. Халықтың ғасырлар бойғы тарихын, мәдениетін, дамуы мен өркендеуге деген ұмтылысын бейнелей көрсетіп, патриоттық тәрбиенің және азаматтық жауапкершілікті нығайтудың маңызды бағдары болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1234271?lang=ru
Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде 30.06.2026
4 маусымда Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. Бұл күн осыдан 34 жыл бұрын тәуелсіздіктің, егемендіктің, бірлік пен ұлттық бірегейліктің басты атрибуттары ретінде ресми түрде қабылданған Мемлекеттік Елтаңба, Ту және Әнұранға құрмет көрсетуге арналған.Әнұран — халықтың рухын, тарихи құндылықтары мен мәдениетін бейнелейтін Қазақстан тәуелсіздігінің ең маңызды рәміздерінің бірі. «Менің Қазақстаным» патриоттық әнінің негізінде жасалған қазіргі Әнұран 2006 жылы қабылданды. Дәстүр бойынша ол оң қолды жүрек тұсына қойып, тіреге тұрып орындалады. Мемлекеттік Әнұран маңызды мемлекеттік іс-шараларда, халықаралық кездесулерде және ресми рәсімдерде шырқалады. Миллиондаған Қазақстан азаматтары үшін ұлттық жеңістердің құрметіне әлемдік спорт ареналарында Әнұранның орындалуы мақтаныш пен бірлікті паш ететін ерекше мәнге ие.Мемлекеттік ЕлтаңбаМемлекеттік Елтаңбаның авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Елтаңбаның тұжырымдамасы бірлік пен мемлекеттілікті бейнелейді, ал оның дөңгелек пішіні Ұлы Дала көшпелі халықтарының дүниетанымын көрсете отырып, мәңгілік пен өмірдің сабақтастығын білдіреді. Мемлекеттік Ту1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Тудың авторы — еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Тәуелсіз Қазақстанның басты рәміздерінің бірі бола отырып, ол елдің егемендігін, бірлігі мен ұлттық бірегейлігін айшықтайды.Жыл сайын Мемлекет басшысы ту көтеру рәсіміне қатысып, мемлекеттік рәміздердің тәуелсіздік пен бірлікті нығайтудағы рөлін айрықша атап өтеді.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Елтаңба, Ту және Әнұран Қазақстанның мемлекеттілігін айшықтап, оның егемендігін бүкіл әлемге паш етеді. Көкке желбіреген Ту халықтың рухани қуатын, оның даму мен жасампаздыққа деген ұмтылысын білдіреді.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы қызықты деректерТудың дизайны. Алғашқы нұсқасында сапқа жақын тұстағы ұлттық өрнек қызыл түсті болған, кейінірек ол алтын түске өзгертілді. Әлемдік кеңістікте. Әр жылдары Мемлекеттік Ту Антарктидада, Солтүстік полюсте және әлемнің ең биік шыңдарында, соның ішінде Ленин шыңы, К2 (Чогори), Мак-Кинли және Монблан шыңдарында көтерілді. Ғарышта. 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетов Туды Халықаралық ғарыш станциясына алып ұшты, онда Ту Жер шарын 150-ден астам рет айналып шықты. Эверестте. 2024 жылы альпинистер Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаев Мемлекеттік Туды Эверест шыңына тікті. Түстегі шабыт. Сәулетші Шот-Аман Уәлиханов елтаңбаның идеясы өзінің түсіне енгенін айтқан болатын.https://qazinform.com/news/kazakhstan-marks-day-of-state-symbols-4ece21Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1234277?lang=ru
Атырау облысында 1500 орындық «Атырау Арена» спорт кешенінің құрылысы басталды 30.06.2026
Атырау облысында 1500 көрерменге арналған көпфункционалды «Атырау Арена» спорт кешенінің құрылысы бастау алды. Халықаралық талаптарға сай салынатын жаңа нысан “Нұрсая” шағынауданында 4,6 гектар аумақта бой көтермек.Іргетасқа уақыт капсуласын салу рәсіміне Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығы, спорт ардагерлері мен спортшылар қатысты.Облыс әкімі жаңа спорт нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында салынып жатқанын атап өтті.– Бүгінде облыста тұрғындарды спорттық инфрақұрылыммен қамту деңгейі 71 пайызды құрайды. Өңірде спортты дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Былтыр сегіз спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл тағы 22 нысанды ашу жоспарланған. Олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. «Атырау Аренада» 20 олимпиадалық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік туады. Бұл кешен болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін маңызды орталыққа айналады деп сенемін, – деді Серік Шәпкенов.Кешен EPC келісімшарты негізінде салынады. Мердігер «Әлем құрылыс» ЖШС жобалаудан пайдалануға берілгенге дейінгі толық жұмыс цикліне жауапты. Жобада әр спорт түрі бойынша халықаралық стандарттарға сай жабдықталған заманауи жаттығу залдары қарастырылған. Нысан пайдалануға берілгесін екі мыңға жуық бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен шұғылдана алады.Жоба жетекшісі Нұрсұлтан Жыланбастың айтуынша, құрылысқа 400-ге жуық жұмысшы мен 20 техника жұмылдырылады.– Құрылысты 2027 жылғы қарашада аяқтау көзделген. Кешенде футбол, волейбол, баскетбол, жүзу, үстел теннисі, садақ ату, бокс, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, семсерлесу, триатлон және өзге де спорт түрлері бойынша бөлімдер жұмыс істейді. Сонымен қатар жасанды өрмелеу қабырғасы салынады, бұл елімізде санаулы кешенде ғана бар. Бұдан бөлек, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін 5000 шаршы метрлік әмбебап спорт залы болады, – деді Нұрсұлтан Жыланбас.Кешен базасында оқу-жаттығу жиындары, республикалық және халықаралық жарыстар, сондай-ақ бұқаралық спорттық және мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Барлық санаттағы тұрғындарға қолжетімді болатын жаңа нысан Атырау облысындағы ең ірі спорт орталықтарының біріне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234296?lang=ru
Атырау облысында өндірістік жарақаттану деңгейі 20 пайызға төмендеді 30.06.2026
Атырауда облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен жиын өтіп, онда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік қауіпсіздік мәселелері қаралды.Басқосуға әкім орынбасарлары, басқарма басшылары мен мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері қатысты.Жиын барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Өңір басшысы еңбеккерлердің қауіпсіздігі әрбір жұмыс берушінің басты міндеттерінің бірі болуы тиіс екенін атап өтті.Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметінше, өңірде 2026 жылғы алғашқы төрт айда өндірісте 24 жазатайым оқиға тіркелген. Бұл былтырғыдан 20 пайызға аз.Жазатайым оқиғалардан 25 қызметкер зардап шеккен. Ал негізгі себептер ретінде жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеуі мен қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы атап көрсетілді. Әр жағдай бойынша арнайы комиссиялар құрылып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілген.Жыл басынан бері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзған 33 кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы көлемі 15,9 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.Жиын соңында Серік Шәпкенов өңір кәсіпорындарында еңбек және өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234297?lang=ru
Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды 30.06.2026
Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Нұрлыбек Даралиев тағайындалды.Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы жаңа қызметкерді ұжыммен таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі.Нұрлыбек Даралиев 1990 жылы 15 тамызда Атырау қаласында туған. Екі жоғары білімі бар: 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» мамандығы бойынша, 2017 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2013 жылы жеке секторда бастап, кейін спорт және білім салаларында Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінде қызмет атқарды.Нұрлыбек Даралиев — VIII шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты. 2023 жылдың сәуірінен 2026 жылдың мамырына дейін Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жетекшілік етті. Сонымен қатар Атырау облысы Полиция департаменті жанындағы нашақорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары міндетін атқарды.Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Атырау облысының спорт басқармасында түрлі лауазымда еңбек етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234298?lang=ru
Қазақстандық экспорттаушылар Еуроодақтың жаңа климаттық талаптарына дайындалуда 30.06.2026
2026 жылдың 3 маусымда Астана қаласында «Еуропалық Одақтың трансшекаралық көміртекті реттеу тетігі (CBAM): қазақстандық алюминий және қара металлургия өнімдерін экспорттаушылар үшін нарыққа қол жеткізу, қаржылық салдарлар және талаптарға сәйкестік мәселелері» тақырыбындағы зерттеудің таныстырылымына арналған семинар өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымының өкілдері қатысты. Семинарды ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова ашты.CBAM (Carbon Border Adjustment Mechanism) – Еуропалық Одақтың климаттық саясаты аясында енгізілген трансшекаралық көміртекті реттеу тетігі. Оның мақсаты – импортталатын өнімдерді өндіру кезінде бөлінетін парниктік газдар шығарындыларын есепке алу және еуропалық әрі шетелдік өндірушілер үшін бірыңғай экологиялық талаптарды қамтамасыз ету. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл тетік міндетті түрде қолданылатын кезеңге өтті. Осылайша, өнімнің көміртек ізін есепке алу Еуропалық Одақ нарығына шығудың маңызды шарттарының біріне айналды.Қазақстан үшін бұл мәселенің маңызы зор. Өйткені Еуропалық Одақ еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бірі әрі қазақстандық алюминий өнімдерінің басты экспорттық нарығы болып табылады. Жаңа талаптар алюминий, темір және болат өнімдерін экспорттайтын отандық кәсіпорындардың қызметіне тікелей әсер етіп, олардың халықаралық саудадағы өзгеріп жатқан талаптарға бейімделуін қажет етеді.«2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуропалық Одақтың Қазақстанның сыртқы саудасындағы үлесі шамамен 31%-ды, ал экспорт құрылымындағы үлесі 44%-ды құрады. Сонымен қатар, қазақстандық алюминий экспортының жартысынан астамы Еуропалық Одақ елдеріне бағытталған», – деп атап өтті Жанель Күшікова.Отандық бизнесті қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Халықаралық сауда орталығы және «QazTrade» АҚ Еуропалық Одақ қаржыландыратын Ready4Trade Central Asia жобасы аясында CBAM тетігінің Қазақстанның алюминий және қара металлургия салаларына ықпалын бағалауға арналған зерттеу әзірледі. Құжатта жаңа механизмнің ықтимал қаржылық әсеріне талдау жасалып, кәсіпорындардың талаптарға бейімделуіне бағытталған практикалық ұсынымдар ұсынылған.«CBAM тетігі Еуропалық Одақтың климат пен сауда саласындағы кешенді саясатының маңызды құралдарының бірі саналады. Тұрақты даму көрсеткіштері бойынша есептіліктің ашықтығын арттыру және есеп жүргізу тәжірибесін жетілдіру қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық нарықтардағы талаптар күшейіп жатқан жағдайда өз бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижелі болуы үшін мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және Халықаралық сауда орталығы (ITC) сияқты халықаралық серіктестердің өзара ықпалдастығы алдағы уақытта да ерекше маңызға ие», – деп атап өтті Йоханнес Баур, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы.«ITC–QazTrade зерттеуінің қорытындыларына сәйкес, 2025 жылғы экспорт көлемдері негізге алынған жағдайда қазақстандық экспорттаушылардың CBAM аясындағы жыл сайынғы міндеттемелері өңделмеген алюминий, феррохром, сондай-ақ болат прутоктар мен өзектер сияқты төрт негізгі тауар санаты бойынша шамамен 114 миллион еуроны құрайды.Біз қазірдің өзінде өнеркәсіптік экспорттаушыларды Еуроодақтың жаңа талаптарына жүйелі түрде бейімдеу жұмыстарын бастадық. Бұл шаралар қаржылық жүктемені азайтуға және қазақстандық өнімнің біз үшін стратегиялық маңызы бар нарықтардың біріндегі бәсекеге қабілеттілігін сақтауға бағытталған», – деді «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров.Семинар барысында қатысушыларға зерттеудің негізгі қорытындылары мен кәсіпорындарды жаңа талаптарға бейімдеу бойынша ұсыныстар таныстырылды. Әсіресе шығарындыларды есепке алу және растау жүйелерін енгізу, қазақстандық өнімнің еуропалық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау және экологиялық таза өндірісті дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. «Қазіргі таңда Қазақстан Еуропалық Одаққа құны 600 миллион еуродан асатын болат пен алюминий экспорттайды. Сарапшылардың бағалауынша, егер CBAM аясында стандартты шығарындылар көрсеткіштері қолданылса, қазақстандық экспорттаушылардың жыл сайынғы шығындары 100 миллион еуродан асып кетуі мүмкін. Оның 90 пайызы болат шыбықтар мен өзектерге тиесілі. Бұл өнімдер бойынша CBAM-ға байланысты шығындар кей жағдайда тауардың өз құнынан да жоғары болып, 123 пайызға жетуі ықтимал. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер бұл шығындарды айтарлықтай азайта алады. Ол үшін нақты шығарындылар көлемін тұрақты бақылап, есепке алу, стандартты көрсеткіштердің орнына нақты деректерді ұсыну, жергілікті верификаторларды аккредиттеу, өндіріс орындарындағы шығарындыларды қысқарту және көміртек бағасын қалыптастырудың ішкі тетіктерін жетілдіру сияқты салыстырмалы түрде қарапайым қадамдарды жүзеге асыру жеткілікті», – деді Халықаралық сауда орталығының (ITC) сарапшысы әрі есептің жетекші авторы Йост Паувелин.Іс-шараға қатысушылар CBAM талаптарына тиімді бейімделу үшін шығарындыларды мониторингтеу мен верификациялаудың ұлттық инфрақұрылымын дамыту, білікті мамандар даярлау және мемлекет, бизнес пен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа климаттық талаптар қосымша міндеттеме ғана емес, өндірісті жаңғыртуға, энергия тиімділігін арттыруға және заманауи экологиялық технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін маңызды ынталандырушы фактор ретінде бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1234299?lang=ru
Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті 30.06.2026
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл мереке ел егемендігін айқындайтын басты нышандар – Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-маңызын дәріптейді.Осы орайда Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.Мерекелік жиынға жиналған жұртшылық Әнұранды бірге шырқады.Өңір басшысы Серік Шәпкенов мемлекеттік рәміздердің елдік рухты нығайтудағы және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздердің халқымызды ортақ мақсаттарға жұмылдырып, ұлттық рухты асқақтатудағы рөлін әрдайым айрықша атап айтып келеді. Рәміздерді құрметтеу – Отанға деген құрметтің белгісі. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мемлекеттік нышандарымызды қастерлей білсе, елге деген шынайы сүйіспеншіліктің бір көрінісі сол болмақ. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз жас ұрпақты жігерлендіре берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деді облыс әкімі.Мерекелік іс-шара өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234300?lang=ru
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы 30.06.2026
Құрметті жерлестер!Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Ту, Елтаңба және Әнұран - халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, елдік рухы мен ұлттық құндылықтарының айқын белгісі. Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен патриоттық сезімді нығайтатын қасиетті нышандар.Бүгінде көк Туымыз әлем аренасында биікте желбіреп, Елтаңбамыз егемен еліміздің айбынын айшықтап келеді. Ал Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегіне рух пен сенім ұялатады. Осынау мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1234306?lang=ru
«Ашық аспан астындағы сұхбат» атты танымдық шара өтті 30.06.2026
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Орталық Арбат алаңында «Ашық аспан астындағы сұхбат» атты танымдық шара өтті.Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, олардың тарихы мен маңызын кеңінен таныстыру, жастар мен қала тұрғындарының бойында отансүйгіштік сезімді, ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру.Шара барысында қала тұрғындарымен еркін сұхбат жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы сұрақтар қойылды. Қатысушылар рәміздердің мән-маңызы жөніндегі білімдерін ортаға салып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз еліміздің айбыны мен мақтанышы, халқымыздың бірлігі мен болашағын бейнелейтін қастерлі құндылықтар. Осындай тағылымды кездесулер арқылы азаматтардың ел тарихына, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі арта түседі.Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Туымыз биік, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз асқақ болсын!Қамтылғандар саны: 50Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1234309?lang=ru
Мемлекеттік органдардың байланыс орталықтары бірыңғай стандарттар мен заманауи цифрлық технологияларға көшуде 30.06.2026
Астанада «Электрондық қаржы орталығы» АҚ алаңында орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың аппарат басшыларының қатысуымен «Байланыс орталықтары азаматтармен өзара іс-қимылдың негізгі фронт-желісі ретінде» тақырыбында кеңес өтті. Қатысушылар халықпен кері байланыс сапасын арттыру, қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын енгізу және коммуникацияның цифрлық арналарын дамыту мәселелерін талқыладыЖасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы Айнұр Юсупова Байланыс орталықтарының қызметін стандарттау жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 70-тармағын іске асыру нәтижелерімен таныстырды. Өз сөзінде ол соңғы жылдары елімізде байланыс орталықтарының жұмысына бірыңғай тәсілдерді енгізу үшін қажетті нормативтік және ұйымдастырушылық база қалыптасқанын, оның ішінде анықтамалық-ақпараттық қызметтердің қызметкерлері үшін кәсіби стандартты бекіту, олардың қызметін ұйымдастыруға қойылатын үлгілік талаптарды жетілдіру және міндетті аккредиттеу тетіктерін енгізу қалыптасқанын атап өтті.Мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмыс істеуіне жүргізілген талдау нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Айнұр Юсупованың айтуынша, мониторинг азаматтарға кеңес беру сапасын одан әрі арттыру, телефон желілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын сақтау қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға байланыс орталықтарын аккредиттеу, пайдаланылатын нөмірлік ресурсты ревизиялау және халықпен кері байланыс арналарының тиімділігін арттыру жұмысын жандандыру ұсынылды.Елімізде байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдері үшін нормативтік база қалыптастырылғаны, қызметкерлер үшін кәсіби стандарттар бекітілгені және аккредиттеу тетіктері енгізілгені атап өтілді.Кеңес барысында мемлекеттік органдардың қолданыстағы байланыс орталықтарын талдау нәтижелері жарияланды. Мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға аккредиттеуден өтуді жеделдету, белгіленген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету және азаматтар үшін сервистердің қолжетімділігін арттыру тапсырылды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тәжірибесі сәтті өзгерістердің мысалы ретінде келтірілді. Министрлік «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қатысуымен «бір терезе» қағидатын енгізе отырып, Бірыңғай байланыс орталығын жаңғыртты. Барлық жұмыс процестерін әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарға келтіру одан әрі даму үшін берік жүйелі және құқықтық іргетас қалады.Омниканалдық платформа мен сандық құралдарды енгізудің арқасында өтініштердің өмірлік циклін толық бақылауды қамтамасыз ету және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі туындады.Трансформация нәтижелері нақты көрсеткіштермен расталады. Жоғалған өтініштердің үлесі үш есеге жуық - 27,7%-дан 10%-ға дейін қысқарды, ал қызмет көрсету сапасын бағалау 5 балдың ішінен 4,84 балға дейін өсті.Одан әрі дамыту шеңберінде, талдау жасау үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу, сондай-ақ байланыс орталығын халықаралық сапа стандарттары бойынша сертификаттауға дайындау жоспарлануда.Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға байланыс орталықтарын одан әрі цифрлық трансформациялау және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Бұл шараларды іске асыру мемлекеттік сервистерді қолжетімді, ыңғайлы және халықтың қажеттіліктеріне бағдарлауға мүмкіндік береді.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1234316?lang=ru
«Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті 30.06.2026
Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті.Оған облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, зиялы қауым, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Акция «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты тақырыптық прологпен ашылды.Аймақ басшысы жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, ел тәуелсіздігінің басты нышандарының тарихи мәні мен маңызына тоқталды.«Мемлекет басшысы: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады», – деп атап өтті.Біздің мемлекеттік нышандарымыз Қазақстанды күллі әлемге бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде дәріптеуде. Көк туымыз халықаралық ареналарда, әлемдегі алпауыт ұйымдардың төрінде Тәуелсіз Қазақстанның атын танытты. Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп ұлықтау, келер ұрпаққа аманат ету – біздің азаматтық парызымыз.Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа басқан әр қадамымыз нық, ел іргесі берік болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада хордың сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалып, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындады.Рәміздер күніне арналған акция ипподромда атты шерумен жалғасты. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері Сырдария өзенінде Мемлекеттік Туды қайықпен алып жүріп, мереке мазмұнын айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1234404?lang=ru
Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер ұлықталды 30.06.2026
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Алматы облысында патриоттық рух пен сүйіспеншілік сезімін оятатын мазмұнды шаралар легі толастаған жоқ. Солардың бірі Қонаев қаласындағы орталық алаңда өтті. Шара барысында арнайы тікұшақ Көк Туымызды көк аспанда қалықтатып, жиналған қауымның рухын оятты. Әнұранымыз әуелете шырқалып, Елтаңбаның тәуелсіздігіміздің символы ретіндегі мән-маңызы насихатталды. Мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдап, облыстың даму жолында аянбай еңбек еткен жандар марапатталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты жиында Мемлекеттік Тудың әуеде қалықтаған әсерлі сәті ерекше есте қалды. Қонаев аспанында желбіреген Көк байрағымыз тәуелсіз елдің асқақ болмысын, береке-бірлігі мен жарқын болашаққа деген сенімін айқын көрсетті. Жиналған қауымның бойында мақтаныш сезімін оятып, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін одан әрі арттыра түсті.Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.«1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ресми түрде бекітіліп, шежіреміздің жаңа парағы ашылды. Шәкен Ниязбековтің айбынды Көк Туы мен Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың бірегей Елтаңбасы, кейіннен Шәмші Қалдаяқовтың әуезді әнімен толыққан Әнұранымыз ұлттық болмысымыз бен азаттық рухымыздың мәңгілік символына айналды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары, мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді», – деп рәміздердің маңыздылығына ерекше тоқталған болатын.Биылғы мерекенің біз үшін маңызы тіптен ерекше, себебі еліміз жалпыхалықтық референдумда қабылдаған Жаңа Конституцияның қағидаттарына сүйене отырып, дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңарған Ата Заңымыз – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығының басты кепілі. Осыған орай, «Рәміздер рухы – Конституция күші» жалпыұлттық патриоттық акциясы аясында қоғамда ұлттық рух бекемделіп, Ата Заң мен рәміздерге деген құрмет мәдениеті жаңа деңгейге көтерілуде.Мемлекеттік рәміздерімізде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін құдыретті күш бар. Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын нышандарымыздың мәртебесі арта берсін», – деді аймақ басшысы.Сондай-ақ өңір дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматты Мемлекеттік наградамен марапаттады. Солардың бірі – 40 жылға жуық уақыт бойы білім саласында еңбек еткен, Қарасай ауданы Шалқар орта мектебінің директоры Бану Аманова. «Бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күнінде «Құрмет» орденімен марапатталу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл менің ғана емес, білім саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан барлық әріптестерімнің, барлық ұстаздардың еңбегі деп бағалаймын. Осы қажырлы еңбегімізді елеп-ескеріп жатқан Президентімізге, облыс әкімдігіне, облыстық білім басқармасына алғысым шексіз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Көк Туымыз, Әнұранымыз бен Елтаңбамыз Отанымызбен бірге мәңгі жасасын. Еліміздің даңқы асқақтай берсін», – деді марапат иесі.Шара барысында мемлекеттік қызметтің түрлі бағытында еңбек жолын бастаған мамандар елге адал қызмет етіп, Конституция заңдарын берік сақтауға салтанатты түрде ант берді. Осылайша, егемендік айшығы болған Мемлекеттік рәміздер күні Алматы облысында мәні терең, көңілге рухани серпіліс сыйлайтын мазмұнды шаралармен жоғары деңгейде аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1234335?lang=ru