Жаңалықтар
Кедергісіз орта және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту: бірқатар стандарт қабылданды 01.02.2025
Стандарттар өнім сапасын арттыруда үлкен рөл атқарады. Қазіргі уақытта нормативтік құжаттардың бірыңғай қорында 75 мыңнан астам құжат бар. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекованың айтуынша, 2024 жылы 137 стандарт бекітілген, оның 34-і бизнес өкілдерінің бастамасымен әзірленген.Стандарттар сатып алынатын тауарлардың сапасын және рәсімдердің ашықтығын арттыру үшін мемлекеттік сатып алуларда кеңінен қолданылады. Қазақстандық өндірушілер үшін өткізу нарықтарын кеңейту үшін экспорттық елдердің талаптарымен стандарттарды бейімдеу жөнінде шаралар қабылданып жатыр. «Мысалы, 2025 жылы 8 ақпан күні Қытайдың құрғақ бие сүтін өндіруге арналған әзірленген стандарты күшіне енеді. Өздеріңіз білетіндей, ҚХР нарығына әкелінетін өнімдер жергілікті стандарттарға сәйкес келуі керек, алайда бүгінге дейін мұндай стандарт болмаған. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және кедергісіз орта құруға бағытталған бірқатар стандарт қабылданды. Мысалы, «Халыққа және мүмкіндігі шектеулі топтарға жататын ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған туристік қызметтер. Жалпы талаптар» ұлттық стандарты бекітілді. Стандарт туристік инфрақұрылымға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді», – деп атап өтті спикер ОКҚ алаңында. Мұражайлар, саябақтар, қонақ үйлер, мейрамханалар мен көлік тораптарында пандустар, лифттер және тактильді қондырғылар орнатылады. Туристік сала қызметкерлерін даярлауға ерекше назар аударылады: гидтер, әкімшілер мен жүргізушілер ым тілі дағдыларын игеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетуді және мобильділігі төмен топтарды сүйемелдеуді үйренеді.Әуежайлар, көлік және қоғамдық кеңістіктер сынды адам көп жиналатын объектілердегі коммуникацияларды арттыру үшін бірыңғай графикалық белгілерді пайдалануды реттейтін стандарт қабылданды. Стандарт келушілермен қарым-қатынастың анықтығы мен әмбебаптығын қамтамасыз ету үшін адам саны көп жерлерде жайлы жағдай жасауға бағытталған.Экономиканың барлық саласы стандарттармен қамтылған. 2025 жылға бекітілген Ұлттық стандарттау жоспарына өзекті тақырыптар енгізілді: жасанды интеллект және ақпараттық қауіпсіздік, экология, автоматтандыру, түсті металлургия, инклюзия және т. б.Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1738233340 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/927976
Техникалық реттеу талаптарын бұзған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды 01.02.2025
Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тұтынушылар үшін маңызды тетіктердің бірі болып табылады. 2024 жылы жергілікті департаменттер 8 мыңнан астам бақылау іс-шарасын жүргізді. 6152 жағдайда бұзушылықтар анықталды, бұл тексерулердің жалпы санының 74%-н пайызын құрайды. Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.Оның хабарлауынша, бақылаудың 64%-ы профилактикалық сипатта жүргізілді. Бұл ретте бақылау субъектісіне барудың қажеті болмады. Тексеру қорытындысы бойынша 411 млн теңгеден астам сомаға 790 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.«2024 жылы барлық облыстарда прокуратура органдарымен бірлесе отырып, құзырымызға кіретін 2528 субъектіге қатысты тексеру шаралары жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша өлшеу құралдарын салыстырып, тексеру мерзімдерін сақтамау фактілері анықталды. Тексерілмеген құралдардың жалпы саны 13 595 бірлікті құрайды. Денсаулықтың маңызды көрсеткіштерін өлшеудің дұрыс емес нәтижелері қате диагнозға әкелуі мүмкін. Нәтижесінде 68 тексеру субъектілері жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 275 млн теңгені құрады», – деді спикер.2024 жылы делдалдардың тауарларға сертификаттар алу сайттарына ауқымды тексеру жүргізілді. Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы тауардың қауіпсіздігін және оның сынақтардан сәтті өтуін растайтын ресми құжаттар болып табылады. Сәйкестікті бағалауға құқығы жоқ аккредиттелмеген тұлғалардың «жылдам» сертификаттар жарнамасын таратуы тұтынушыларды жаңылыстырады, заңнаманы бұзады және бұл жағдайлар, көбіне, «сұр сертификаттар» деп аталатын құжаттарды берумен байланысты болып шықты. Осылайша, сұр сертификаттарды аккредиттеусіз сатуды насихаттайтын 76 платформа анықталды. Оның ішінде Satu.kz және OLX сайттарына сәйкестікті бағалау құжаттарын сату бойынша жарнамаларды бұғаттау және жою қажеттілігі туралы ескертілді.Сонымен қатар департаменттер сатылатын өнімнің бірқатар үлгісін бақылау үшін сатып алды, олардың 90%-ына қатысты бұзушылықтар анықталды.Мемлекеттік бақылау нәтижесінде барлығы 55 жедел ден қою шарасы қолданылды, оның ішінде 48 тауарды сатуға тыйым салынды және 5 млн теңгеден астам сомаға 7 өнім тәркіленді. Мысалы, Ақтөбе қаласында 3,4 мың метр электр кабелі өнімдерін алуға тыйым салуға қаулы берілді. Заңды бұзғандарға айыппұл салынды.Дерекөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1738233865 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/927984
Сапаны бақылау: заңнаманы бұзып берілген сәйкестікті бағалау туралы 1 мың құжаттың күші жойылды 01.02.2025
Кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту үшін процестерді цифрландыру жұмыстары басталды. Бұл құжаттарды беру мерзімін қысқартуға және процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда техникалық реттеу және метрология саласындағы 100-ден астам дербес үдеріс цифрландырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова мәлімдеді.Сондай-ақ профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін қалыптастыру процесі толық автоматтандырылған, бұл ашықтықты қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.2024 жылдан бастап зертханалардың цифрлық көшірмелеріне көшу басталды, олардың әрекеттерінің толық цифрлық ізі сұр сертификаттаумен күресуге көмектеседі. Аккредиттеу субъектілерінің бір бөлігі сынақтың цифрлық хаттамасына көшті, 2025 жылы оған барлық субъект ауыстырылады деген жоспар бар. «Негізгі мақсаттар ашықтық, кәсіпкерлік субъектілерінің уақыт шығындарын қысқарту және аккредиттеу субъектілерінің цифрлық ізін сақтау болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда зертханалар мен сертификаттау орталықтарының кең аккредиттелген желісі бар. 1,7 мыңнан астам субъект жұмыс істейді, оның ішінде 1 054 сынақ зертханасы және өнімдер мен қызметтер бойынша 70 сертификаттау орталығы бар. Бұл ретте қазақстандық өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығына шығуын кеңейту мақсатында 2024 жылы Бірыңғай тізілімге ҚР 30 сынақ зертханасы енгізілді», – деді спикер. Ішкі нарықты қорғау мәселелерін жедел шешу үшін СИМ жанындағы бақылаушы органдар мен «Атамекен» ҰКП қатысатын ахуалдық штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Бірлескен алгоритм бойынша түрлі іс-шара жүргізілетін өнімнің сынамалары алынады: шекаралық бақылау және үлгілерді іріктеу және сөрелердегі өнімді сынауға бақылау.2024 жылдың қараша айынан бастап көлік құралдарының жүк бөліктеріндегі технологиялық өткелдер бойынша міндетті талаптар енгізілді. Ақпарат мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдаушыларға жеткізілді және шекаралық және ветеринариялық бақылау органдарының бірлескен күш-жігерімен іске асырылады. «Осы жұмыс аясында 546 көлік құралы қайтарылды, 310 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімдері тексерілді. Заңнаманы бұзып берілген сәйкестікті бағалау туралы 1 мың құжаттың күші жойылды», – деп түйіндеді ведомство өкілі.Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1738234398 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/927991
Әсет Нүсіпов ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Ілиясұлы Нүсіпов сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Иллинойс технологиялық институтын (АҚШ) бітірген.Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ менеджері болып бастаған.2006 жылдан 2008 жылға дейін «Flagship Ventures» венчурлық капитал фирмасының Венчурлық жобаларды қаржыландыру департаментінде (АҚШ), Вашингтон қ. (АҚШ) «Small Enterprise Assistance Funds» халықаралық инвестициялық фирмасында тағылымдамадан өтті.2008 жылдан 2010 жылға дейін «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ жобалық менеджері, Дүниежүзілік банкіндегі Орталық Азиядағы өкілдігінің консультанты, Қазақстан Республикасындағы Азия даму банкі өкілдігінің консультанты, «Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.2010–2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы, сектор меңгерушісі, Астана қ.2015–2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қ.2021–2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қ.2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің өзекті қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/928087
Метан шығарындыларын реттеу семинары: көмір секторына назар аудару 01.02.2025
2025 жылғы 30 қаңтар метан шығарындыларын реттеу семинарының екінші күні. Көмір секторы, оның қиындықтары және метан шығарындыларын азайту перспективалары басты назарда.Талқылау барысында көмір өнеркәсібіндегі метан шығарындыларының проблемалық мәселелерін шешу бойынша тәжірибелер ұсынылды, саланы реттеу перспективалары мен қолдау шаралары қаралды. Шығарындыларды бақылаудың заманауи технологияларына, соның ішінде спутниктік бақылау мен қашықтықтан зондтауға ерекше назар аударылды.Семинарға Таза ауа жөніндегі нысаналы топтың (CATF), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және көмір секторының өкілдері қатысты. Сарапшылар мен қатысушылар халықаралық тәжірибемен алмасып, көмір секторында метан шығарындыларын реттеудің тиімді тетіктерін дамытудағы одан арғы қадамдарды талқылады.Семинар нәтижелері Қазақстанда метан шығарындыларын азайту бойынша болашақ саясаттар мен бастамаларды әзірлеу үшін негіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/928092
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.Аталған бұйрық жобасы мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15418226Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/927599
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.Аталған бұйрық жобасы мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15418256.Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/927606
Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде Күләш Байсейітованың есімі берілді 01.02.2025
Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді.Еске сала кетейік, оқу орнын қайта атау туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, бұл туралы өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жариялаған болатын.Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, оқу орнына «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» атауы ресми түрде берілді.Бұл маңызды оқиға Күләш Байсейітованың ұлттық мәдениет пен қазақ өнеріне қосқан зор үлесін айшықтап, оның мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеудің айқын көрінісі болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/927852
ІІМ-де Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды 01.02.2025
Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша жедел кеңес өткізілді.Кеңес барысында елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелер қаралды."Заң мен Тәртіп" қағидатын тиімді жүзеге асыру үшін Ішкі істер органдарында 2025 жыл "Профилактика жылы: полиция Заң мен Тәртіп күзетінде" деп жарияланған болатын. Осы бағытта министр қылмыстың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, оның ішінде жеке профилактикалық іс-шараларды күшейту, қылмыс жасауға бейім адамдарды ерте кезеңде жүйелі түрде анықтау бойынша міндеттер жүктеді, сондай-ақ жұртшылықты алдын алу саласына белсенді тарту қажеттігін алға тартты.Ведомство басшысы мүдделі органдармен бірлесіп мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқитын жастардың бойында патриотизм, жауапкершілік және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.- Үкімет отырысында инфрақұрылымдық даму, цифрлық технологияларды енгізу және энергетика саласының ілгерілеуі де негізгі бағыт ретінде атап өтілді. Сондықтан жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, мұнай өнімдерін ұрлаудың және оларды шетелге заңсыз әкетудің қылмыстық схемаларын анықтау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырамын, - деп атап өтті министр.Сондай-ақ Ержан Саденов қызмет басшылары мен өңірлік бөліністердің жетекшілерінің алдына интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, цифрлық жобаларды дамыту, тиісті көші-қонды бақылауды міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты рәсімдерді жақсарту, азаматтардың өтініштерімен жұмыс тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі жедел қызметтің нәтижелері қаралды, оның барысында жұмыстың нақты бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/927384
ХАБАРЛАНДЫРУ 01.02.2025
Азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде азаматтық қоғамнан ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс жарияланады.Жұмыс тобының мүшесі мүшелікке сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.Сонымен қатар бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Жұмыс тобына және бақылаушылар құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды 5 күн мерзімде мына мекенжайға жіберу қажет: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1, сондай-ақ ku.elyubaev@mvd.gov.kz электрондық поштасына.Байланыс телефоны: +7 7172 72 26 69Өтініштердің үлгілері ІІМ-нің ресми сайтында «Қызмет / Қоғамдық кеңес» бөлімінде орналастырылған. Ескертпе: жұмыс тобының мүшелері Қоғамдық кеңес құрамына сайлану үшін конкурсқа қатыса алмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/927506
ІІМ: Шетелдіктен екі мыңға жуық sim-карта тәркіленді 01.02.2025
Алматы қаласында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматын ұстады.- Үй-жайды тексеру барысында жедел уәкілдер үш sim-box құрылғысын тапты. Олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ әртүрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді. Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған.Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды.Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/927389
Астанада «Қазақстандағы метан шығарындыларын реттеу» тақырыбында семинар өтті 01.02.2025
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Таза ауа жұмыс тобы (CATF) және Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) ұйымдастырған «Қазақстандағы метан шығарындыларын реттеу» тақырыбында семинар өтті.Оқиға. Президент Әкімшілігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрліктерінің жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ бизнесінің жетекші өкілдері қатысты.Семинардың басты назары мұнай-газ саласындағы мәселелерге арналды. мұнай-газ саласындағы метан шығарындыларын реттеу, оның ішінде нормативті-құқықтық базаны әзірлеу, шығарындылардың мониторингі, ағып кетуді анықтаудың озық технологиялары мен оларды азайту әдістерін енгізу.ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев. өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан метан жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосыла отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күресте өзінің жауапкершілігін сезінетінін және метан шығарындыларын азайту үшін халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастықта екенін атап өтті.Семинарда озық халықаралық тәжірибелер, сондай-ақ перспективалар талқыланды. халықаралық ұйымдармен және бизнес-қоғамдастықпен тиімді тетіктерді енгізу саласындағы ынтымақтастық үшін реттеу.Семинар тәжірибе алмасу және метан шығарындыларын азайту саласындағы Қазақстан алдында тұрған негізгі міндеттерді талқылау, сондай-ақ елдегі экологиялық саясатты жетілдіру бойынша одан әрі қадамдарды анықтау үшін маңызды алаң болды.< /p>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/927409
ҚАТЕРЛІ ІСІК ҮКІМ ЕМЕС: КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ! 01.02.2025
Жыл сайын 4 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні — бұл ауру туралы хабардарлықты арттыруға, науқастарды қолдауға және алдын алу шараларын ілгерілетуге бағытталған жаһандық бастама. Бұл күн әлемдегі өлім-жітімнің ең көп таралған себептерінің бірімен күресу үшін әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруде шешуші рөл атқарады.ДДҰ мәліметтері бойынша, қатерлі ісік жыл сайын миллиондаған адамның өмірін қиып, өлімнің жетекші себептерінің бірі болып қала береді. Алайда, сарапшылардың бағалауы бойынша, жағдайлардың жартысына жуығын уақтылы алдын-алу, ерте диагностикалау және тиімді емдеу арқылы болдырмауға болады.Осыған байланысты, Ұлттық ғылыми онкология орталығы БАҚ және олардың отбасылары үшін ұйымдастырылған 8 ақпанда Ашық есік күніне шақырады, онда сіз және сіздің ересек отбасы мүшелеріңіз тегін кеңес алып, біздің мамандарымыздың – онкомаммологтар, онкохирургтер, гепатологтар, гастроэнтерологтар, диагностикалық дәрігерлер және т. б., тексеруден өте алады.Сол күні БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіледі, онда дәрігерлер, жетекші сарапшылар және ДДҰ өкілдері келесі сұрақтарға жауап бере алады:- Қазақстандағы онкологиялық көмек көрсету бойынша ағымдағы жағдай, қатерлі патологиялардан сырқаттанушылық пен өлім-жітім құрылымы туралы статистикалық деректер;- алдын алу, бақыланатын және бақыланбайтын қауіп факторлары;- онкопатологияны ерте анықтаудың маңыздылығы, дамыған жағдайларда пациенттердің өтініштерінің себебі;- қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, соның ішінде ҰҒОО-да қол жетімді;- ҰҒОО-ның жетістіктері мен жаңа технологиялары.Бұл іс - шараның басты мақсаты - қатерлі ісік емделмейтін ауру деген қате түсінікті жою. Қазіргі заманғы медициналық технологиялар ерте анықталған кезде онымен сәтті күресуге мүмкіндік береді. Алдын алу аурумен күресте күшті қару екенін қоғамға жеткізу маңызды.Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні әрқайсымыз бұл аурумен күресуге үлес қоса алатынымызды еске салады. Медициналық қоғамдастық пен БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру қатерлі ісікке қарсы күресті барынша тиімді және барлығына қолжетімді етуге мүмкіндік береді, осылайша әрбір қазақстандықтың денсаулығын сақтауға баға жетпес үлес қосады.Сіздерді осы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!Толығырақ білу үшін келесі бетке өтіңізАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/927789
ЖЕТІСУЛЫҚ ДӘРІГЕР ҰШАҚТА ЖОЛАУШЫНЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ 01.02.2025
Сауд Арабиясындағы қажылықтан елге оралып келе жатқан ұшақта павлодарлық азаматтың денсаулығы күрт нашарлап, аллергиялық ауру пайда болған. Ол тұмауға қарсы препаратты қабылдап, ұйықтап кеткен. Араға бір сағат салып, бет-аузы ісіп оянған.Бортсерік қыз ұшақ ішіндегі жолаушыларға шұғыл дәрігер қажет екенін хабарлаған. Дәл сол уақытта ұшақта болған Жетісу облысының дәрігері Жаннұр Сырымов науқасқа бірден алғашқы көмек көрсетуді бастап кеткен.Жолаушы Мұрат Иманғазиновтың айтуынша, бұл уақытта шамамен Қап тауларының үстінде ұшып келе жатқан.«Экипаж шұғыл жағдай болса, ұшақты жақын маңдағы әуежайдың біріне қондырамыз деген шешім қабылдаған. Бірақ Жаннұр Мәуленұлы өз ісінің кәсіби маманы екенін айтып, аман-есен жеткізді. Өміріме араша түскен абзал жанға шексіз ризашылығымды айтқым келеді», - дейді Мұрат Иманғазинов.Жаннұр Сырымов бүгінде Жетісу облысы, Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады. Сол сапарында Меккеге мүгедек әкесін қажылыққа апарып, қайтып келе жатқан беті екен.«Науқасқа өмірімде әуеде медциналық көмек көрсетем деген ой болмапты. Әкеме үнемі ем-дом жасап жүретіндіктен, жанымда дәрі-дәрмек қобдишасын ұстайтынмын. Бортсерік қыздың хабарлауынан соң науқас ағаның жанына жедел барып қарасам, көзінің айналасы мен беті ісіне бастаған. Мұны медицина тілінде «Квинке ісінуі» деп атайды. Егер 15-20 минут ішінде адамға медициналық көмек көрсетілмесе, өліп кетуі ықтимал. Бірден «Аллергопресс» және «Преднизолон» препараттарын ектім. Одан соң қан қысымын өлшеп, тілінің астына таблетка салдым. Система салуды да бастап кеттім», - деді Жаннұр Сырымов.Жаннұр Мауленұлы медицина саласындағы алғашқы қызметін санитарлық фельдшер болып бастаған. Көксу ауданындағы қызметіне дейін Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бүйрек трансплантологиясы, урология және экстракорпоралды детоксикация бөлімшесінің меңгерушісі, Талдықорған қаласында аурухана басшысының орынбасары болып еңбек еткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/927803
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді 01.02.2025
Ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі – АӘҚ) сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімі (бұдан әрі – тізілім) енгізілді.Тізілім – бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген мамандардың электрондық тізімі, онда әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпарат бар: жеке деректері, білімі, біліктілікті арттыру туралы мәліметтері, аттестаттаудан өту туралы мәліметтері, жұмыс тәжірибесі және т. б.Тізілім арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық мамандардың тізбесін тиімді қалыптастыруға, әлеуметтік қызметкерлер туралы ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1023 объекті бөлімшелерін ескере отырып, барлығы 502 мемлекеттік ұйым және 122 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, уақытша болу орталықтары және дағдарыс орталықтары бар.Әлеуметтік қызметкерлер бүгінде 8 қызмет түрін көрсетеді, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық қызмет.АӘҚ оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, олардың алушыларының жасын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ тұру жағдайларын ескере отырып тағайындалады.Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтыҚазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/927565
Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» мәдени көш керуені басталды 01.02.2025
Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» көш керуені мәдени шаралары басталды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған іс-шара аясында еңбектің құндылығын ұғындыратын кітаптар мен суреттер көрмесі, музей жәдігерлерінен көрмелер қойылып, концерттік бағдарламалар ұсынылуда. Бүгінге дейін осындай көш керуен Ескелді, Көксу аудандарында болып өтті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шара барысында Қарабұлақ және Балпық би ауылдарындағы мәдениет үйлерінде Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапхана «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды. Онда Құттыбек Баяндиннің «Нұрмолда Алдабергенов», «Нар тұлға», Никита Головацкиидің өз тәжирбиесі жайлы сыр бөліскен «Человек на земле», «День, равный году», сол сияқты Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваға арналған «Жетісудың жұлдызы», «Жер туралы жыр» кітаптары қойылды. Сол сияқты ауыл шаруашылығы, егін шаруашылығы, қызылша, жүгері, картоп, жеміс-жидектерді өсіру технологиясы, оны дамыту жолдары мен тиімділігі туралы кітаптармен қатар тракторшы, комбайншы, жүргізуші, дәнекерлеуші, санитарлық техник, аспаз т.б мамандықтар туралы анықтамалар мен кәсіби бағдар беретін баспалық дүниелер көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ әдебиеттегі еңбек адамының бейнесін ашатын көркем шығармалар да аталған көрмеден табылды. Осы күндері Талдықорғандағы Көркемөнер галереясының көрмесі қойылып, оған кәсіпқой суретшілер Ж.Мүсәпір, Ж.Сейітхамит, Қ.Оразғалиев, М.Әбдреев, Н.Жошыбаев және т.б. суретшілердің жұмыстары апарылды. Сонымен қатар еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқан Социалистік еңбек ерлері З.Тамшыбаева, Д.Қонаев, Н.Алдабергенов, Н.Головацкий, Б.Татенова, А.Зайнаудинова, М.Әлімбаева, К.Айтжанова, Ж.Молдасановтың фотосуреттері, оған қоса өңірдегі музейлердің жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шаралар Д.Рақышев атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасымен түйінделді.Көш керуені мәдени жобасын ескелділік және көксулық ақсақалдар, ұстаздар, мектеп оқушылары, жалпы аудан тұрғындары тамашалады.- Биылғы жылды Мемлекет басшысы Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат – қоғамның, жастардың назарын жұмысшы мамандықтарына аудару. Әрине, мамандарды бір-ақ жылдың ішінде жаппай даярлап, жұмысшы кадрлар жетіспеушілігін шешу мүмкін емес. Ең бастысы, үлкен істің басы басталды, жұмысшы мамандықтарының артықшылығын, қажеттілігін ұғындыру, еңбектің құндылығын ілгерілету ерекше екпінмен қарқын алып отыр. Бүгін еңбек ерлері туралы, маңдай тердің жемісі жайлы бірқатар шығармалармен танысып, тәнті болдық. Осындай шаралар әсіресе жастар үшін аса қажет, - деді Жетісу облысының Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев.Атап өтсек, бұл рухани жоба бір айға жуық уақыт бойы, яғни 21 ақпанға дейін жалғасады. Іс-шара облыстың барлық аудан-қалаларын қамтиды. Көш керуенінің қорытындысында конференция ұйымдастырылып, еңбек адамдарына арналған журнал шығарылады деп жоспарланып отыр.Жалпы бұл жобаның мақсаты - еңбек адамдарының жетістіктерін дәріптеу, қоғамдағы рөлін көтеру, еңбек адамдарының өмірлік жолын әдеби және өнер туындылары арқылы таныту, сол арқылы жастарды еңбекке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбилеу, аймақтың еңбек дәстүрлерін жаңғырту әрі сақтау, жұмысшы мамандықтарының тарихы мен заманауи мүмкіндіктерін таныстыру.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттерді түсірген: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/927776
Өткен тәулікте қар құрсауынан 100-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды 01.02.2025
Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ 120 адамды, оның ішінде 20 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 10 автомашинаны қар құрсауынан шығарды. Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатысты. Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн: Абай облысында құтқарушылар 106 адамды эвакуациялады. Түнде Аягөз қаласында Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы арасындағы республикалық маңызы бар автожол қозғалысының шектелуіне байланысты блокбекетте жолаушылары бар 3 автобус тоқтап қалды. ТЖМ құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірлесіп жолаушылар автобустарынан 92 адамды, оның ішінде 20 баланы жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырды. Жолдың осы жабық учаскесінің арғы жағында шағын көлемді автобустың жолаушылары қиын жағдайға тап болып, 14 адам жылыту пунктіне орналастырылды. Қостанай облысында қар құрсауынан 3 автокөлік шығарылды. Қарасу ауданындағы Қойбағар көлінің маңында жергілікті маңызы бар автожолда қар құрсауында 3 адам болған жеңіл автокөлік тұрып қалды. Осыған ұқсас жағдай Арқалық қаласынан 35 км жерде орналасқан «Жезқазған-Петропавл» республикалық маңызы бар жолында орын алды. Мұнда қар құрсауынан көлік шығарылды, оның ішінде екі адам бар. Қостанайда да құтқарушылардың көмегі қажет болды. Дружба тұрғын алабы мен әуежай шағын ауданын жалғайтын айналма жолда жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, кюветке құлаған. Құтқарушылар жоғары өтімді техникамен шақыру орындарына жедел келіп, көлік құралдарын жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды, адамдар өз маршруттарын жалғастырды. Қарағанды облысында 2 адам құтқарылды. Абай ауданында Топар кентінен 5 км жерде қар құрсауында жеңіл автокөлік тұрып қалды. ТЖМ құтқарушылары жеңіл автокөлікті қар құрсауынан шығарып, жақын елді мекенге дейін ертіп барды. Ақтөбе облысында 2 адам құтқарылды Шалқар ауданының Жылтыр ауылынан 30 км жерде екі ер адам жеңіл автокөлікпен мал іздеуге шығып, қар құрсауында қалып қойды. Көлікті қар құрсауынан ұзақ уақыт бойы өздігінен шығаруға тырысқаннан кейін, фермерлер көлікті тастап, жолды жаяу жалғастырды. Қараңғы түскеннен кейін қыстың қатал жағдайында межелі жерге жету қиын болатынын түсініп, олар құтқарушылардан көмек сұрауға шешім қабылдады. Зардап шеккендермен мобильді байланыста бола отырып, құтқарушылар оларды трассадан тыс жерден тауып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. Ұлытау облысында адасып кеткен адам құтқарылды. Алдын ала мәліметтер бойынша 32 жастағы ер адам түнде Тайпақшы қыстағынан Қарсақпай ауылына жаяу шығып, қайта оралмады. Алаңдаған әріптестері оның жоғалғаны туралы төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар тобы шығып, қолайсыз ауа райы жағдайында шаруа қожалығының жоғалған қызметкерін қыстақтан 2-3 км қашықтықта тапты. Құтқарушылар тоңған ер адамды елді мекенге эвакуациялап, медициналық тексеруден өткізу үшін дәрігерлерге табыстады. ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Жетісу облысында адасып қалған балықшы құтқарылды. Алакөл ауданының Ақши ауылынан 6 км қашықтықта құтқарушылар адасып қалған балықшыны іздестірді. Ол көлігінен ұзап кетіп, балық аулағаннан кейін қараңғы түскен кезде жолды таба алмай қалған. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында ер адам Алакөл көлінің сол жақ жағалауынан табылып, елді мекенге аман-есен жеткізілді. ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/927471
ТЖМ көшкін қаупіне мониторинг жобасын іске асыруда 01.02.2025
ТЖМ Қазселденқорғау мамандары мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары пилоттық жоба аясында көшкін қаупі мониторин жүргізу автономды автоматтандырылған жүйесінің датчиктерін орнатты. Жүйе беткейлерден қар массасының түсу қаупі туралы ескертуге және өңірде уақтылы алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. «Ғалымдармен ынтымақтастықты бірнеше жылдан бері жүргізіп келеміз, басты мақсат - көшкін белсенділігін зерттеу және мониторинг жүйесін құру. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша қаржыландырылды. Облыс аудандары бойынша қар көшкіні қаупі бар учаскелерді алдын ала жүйелеу жүргізілді, олар үшін қар өлшеуіш маршруттар әзірленді. Заманауи әдістер мен ГАЖ технологияларын қолдана отырып, учаскелерді картаға түсіру жүргізілді. Пилоттық жобада мониторинг жүйесінің алғашқы датчиктерін орнату бүгін Глубокое ауданында басталды», - деп Шығыс Қазақстан облысы Қазселденқорғау филиалы басшысының міндетін атқарушы Телғат Нұрахмет айтты. «Температураның жоғарылауы, жауын-шашынның көп мөлшерде түсуі, желдің қарды көшіруі көшкіннің ықтималдығын арттыратындықтан, оны болжаудың тиімді құралдары қажет болды. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі нақты уақыт режимінде қажетті деректерді жинауға, бейнебақылау жүргізуге, оның ішінде күрделі метеожағдайларда бақылаушылардың қардың қалыңдығын өлшеуге шығу қиын болғанда қар көшкіні жағдайы бойынша қажетті болжам алуға және профилактикалық шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді», - деп Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің цифрлық офицері Наталья Денисова түсіндірді. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаевтың айтуынша ғалымдармен ынтымақтастық облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/927777
Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері орынбасарларының кездесуі туралы 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 29 қаңтар – ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің кездесуі өтті. .Әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сондай-ақ екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы талқыланды.Келісімдердің орындалуына және келісімдерді дайындауға ерекше назар аударылды. Жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы бірлескен іс-шаралар.Кездесу қорытындысы бойынша достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және көп қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара назар аударылды. > Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/927393
Қазақстан Елшісі Словакия Президентіне сенім грамотасын тапсырды 01.02.2025
Братислава, 2025 жылғы 28 қаңтар – Президент сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Жанна Сағынованың Словакия Республикасының Президенті Петер Пеллегриниге сенім грамотасын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.Әңгімелесу барысында. салтанатты шара аясында өткен кездесуде тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың достық сипатын атап өтіп, саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жан-жақты нығайтуға бағытталған дәйекті бағытты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында П.Пеллегрини Елшіге дипломатиялық миссиясына сәттілік тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа – Жомарт Тоқаевқа ізгі тілегін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/927525