Жаңалықтар
Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрі маңғыстаулық дәрігерлерге алғыс айтты 04.01.2025
Әзірбайжан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айту жеделхатын жолдады.
Хатта “Ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтамыз. Апат кезінде жоғары кәсібилігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне, білікті дәрігерлерге, ауыр халде жеткізілген науқастарға жоғары дәрежеде ем-дом көрсеткен мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз” делінген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына, зардап шеккендерді құтқаруға және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық дәрігерлерге алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911534
Ұшақ апатынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туыстарына барлық қолдау шаралары көрсетілуде 04.01.2025
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтарды алып кетуге келген туыстарына Маңғыстау облысы тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетілуде.
Дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен волонтерлар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Туыстарын алып кетуге келген шетел азаматтарын әуежайдан күтіп алып-шығарып салу, қонақ үйге орналастыру және т.б. қолдаулар жасалуда.
Атап айтқанда, өңірлік психологтар мен дәрігерлер облыстық ауруханада қайғырып жүрген жандардың денсаулығын тексеріп, психологиялық көмек беріп жатыр.
Сондай-ақ, ыстық тамақ пен шәймен қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар, ұшақ апатынан көз жұмған Маңғыстау облысының 3 азаматының отбасына қаржылай көмек беріліп, марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне қолдау көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911536
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді 04.01.2025
28 желтоқсан күні сағат 23:30 шамасында Ақтаудан ұшақ апатынан қайғылы қаза тапқан 24 Әзірбайжан азаматының (оның үшеуі экипаж мүшесі) мәйіті үйлеріне жөнелтілді.Осы күндері Мәйіттерді анықтау бойынша қажырлы жұмыстар жүргізіліп, іс-шаралар ДНК сараптамасы мен туыстарының көмегімен де жүргізілді.Еске сала кетейік, 29 адам. 25 желтоқсандағы ұшақ апатынан аман қалып, оларға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордадан келген білікті мамандар. Аман қалған 14 Әзірбайжан азаматына медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.Маңғыстау облысының әкімдігі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады. Жергілікті атқарушы билік ұшақ апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911549
Маңғыстаулықтар Қырғыз елінің азаматтарын еліне шығарып салды 04.01.2025
Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат - Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты.
Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.
Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзірбайжандық азамат ем қабылдауда.
Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911553
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі тағайындалды 04.01.2025
Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына осыған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Қанат Құлжановты ұсынды.
Қанат Құлжанов 1979 жылы Жаңаөзен қаласында туған, білімі жоғары.
2001 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталығының бас маманы лауазымынан бастады.
2002-2007 жылдар аралығында Жаңаөзен, Ақтау қалаларында прокуратура саласында қызмет етті.
2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Хатшылықтың Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымына дейін көтерілді.
2012-2016 жылдар аралығында Байқоңыр қаласының прокуроры, 2016-2018 жылдары Қызылорда облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2018-2019 жылдар аралығында Бас көлік прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы және Бас көлік прокурорының халықаралық байланыстар жөніндегі аға көмекшісі, Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің Ұйымдастыру жұмысы басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.
2019-2023 жылдары «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры және бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың ақпан айынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатты қолдады.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Қанат Құлжановқа ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911556
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі тағайындалды 04.01.2025
Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына осыған дейін Мұнайлы ауданының әкімі болған Ержан Күмісқалиевтің кандидатурасын ұсынды.
Ержан Күмісқалиев 1983 жылы туған. Білімі жоғары. 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Жаңаөзен қаласында мұғалім болып бастаған.
2007-2008 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының № 3 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.
2008-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маман-заңгері және әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2016-2019 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары болды.
2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2021-2022 жылдары Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2022 жылдың сәуір айынан бастап осы күнге дейін Мұнайлы ауданы әкімі қызметін атқарды.
Депутаттар ұсынылған кандидатураны қолдады. Олар Ержан Күмісқалиевтің тәжірибелі басқарушы ретінде білетіндерін айтып, сенім білдірді.
Аймақ басшысы осы күнге дейін Түпқараған ауданының әкімі болған Рахат Елтизаровтың жұмысына алғыс айтып, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911712
Маңғыстаулықтар соңғы ұшақ апатынан зардап шеккендерді үйлеріне қайтарды 04.01.2025
Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының басшылары, дәрігерлер мен құтқарушылар ұшақ апатынан зардап шегіп, жансақтау бөлімінде 6 күн емделген үш әзірбайжандық азаматты арнайы бортпен еліне шығарып салды.
25 желтоқсаннан бері облыстық көпбейінді емханасының жансақтау бөлімінде жатқан Лейла Омарова, Муслимат Сираджова мен Хафизат Халаеваны бүгін Әзірбайжаннан арнайы келген ұшақтармен еліне алып кетті. Үшеуінің де жағдайының динамикасы нашарлаған жоқ, 1 науқас механикалық вентиляциядан, вазопрессордан және дәрілік седациядан шығарылды. Ал екеуінде вазопрессорлардың дозасы минималды дозаларға дейін төмендетілген. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барын салды.
Бүгінде Маңғыстау облыстық көпбейінді емханасында ұшақ апатынан зардап шеккен науқастар жоқ.
Маңғыстаулық дәрігерлер әуе апатынан жарақат алған 29 азаматтың түгел аман-есен еліне жеткеніне дән риза.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/912389
Нұрдәулет Қилыбай 2024 жылы мыңнан астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады 04.01.2025
2024 жылдың соңғы күні 31 желтоқсанында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік бағытта көмек сұрап, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй алу, жұмыссыздық мәселесіне қатысты сауалдарын қойды.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтылған өтініштер заң тәртібімен және кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Еске салсақ, өңір басшысы жыл басынан бері 36 жеке қабылдау өткізіп, мыңнан астам азаматтың жеке мәселесін тыңдады.
Сонымен қатар, Президент Жарлығы аясында аймақтың барлық ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларында құқық қорғау органдары басшыларымен бірге халықпен кездесіп, аудан, қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Өңір басшысы қабылдауға жазылған соңғы тұрғынға дейін мұң-мұқтажын тыңдады.
Қазіргі уақытта айтылған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, мәселелер оң шешімін табуда.
Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе ХҚКО жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/912532
Маңғыстаулық энергетиктер мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды 04.01.2025
31 желтоқсан күні, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Энергетиктер» және «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері» күніне орай, саналы ғұмырын саланың дамуына арнаған бір топ ардагерлер мен сала мамандарына мемлекеттік наградаларды табыстады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Сайлау Байбатыров және «Сенек» ЖШС бас маманы-зоотехнигі Аманжол Тасмағамбетов марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Жеті лақ» ШҚ басшысы Александра Григолова мен «Тұрланов Балтабай» ШҚ басшысы Балтабай Тұрланов марапатталды.Сонымен қатар, энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» ордені «Ақтау-Восток» ЖШС бас инженері Александр Булгаковке табысталды. IІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК шебері Парахат Есениязовке, «Ерен еңбегі үшін» медалі «МАЭК» ЖШС слесарі Сағидолла Әділов пен «МАЭК» ЖШС цех бастығы Ибадолла Жылхайдаровке берілді.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай марапат иелерін құттықтап, олардың еңбегінің ел дамуына қосқан үлесі мен маңыздылығын ерекше атап өтті.- Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында өңірімізде ауыл шаруашылығы мен энергетика салалары тұрақты дамып келеді. Әрқайсыңыздың табанды жұмыстарыңыз – болашақ ұрпақ үшін үлгі. Осы орайда, баршаңызды алған наградаларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын!, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/912665
Құрылыс саласындағы жыл көрсеткіші 04.01.2025
Республиканың 17 өңірінде тұрғын үй саласында оң динамика байқалады.
Қаңтар мен қараша аралығында 16,3 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,3%-ға жоғары. Сондай-ақ, бүгінгі таңда 146 мыңға жуық тұрғын үй, оның ішінде 35 187 жеке үй тапсырылды.
Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/908904
Астанада перинаталдық орталық салу жобасы мақұлданды 04.01.2025
Жобаны Астана қаласында, Сарыарқа ауданында, Ш. Қосшығұлұлы мен Ақан Сері көшелерінің қиылысында іске асыру жоспарлануда.
Перинаталдық орталықтың құрылысы 2 кезеңге бөлінген.
1-кезең негізгі ғимараттың іргетасы мен қаңқасын жобалау мен салуды қамтиды, мәжіліс залы, әкімшілік және микробиологиялық зертхана ғимараты бар.
2-ші кезеңде қосалқы ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік шешімдерін (автомобильдерге арналған гаражы бар техникалық блок, БӨП, медициналық газдар ғимараттары, ТП), сәулеттік шешімдерді, негізгі және қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды, технологиялық шешімдерді, ішкі инженерлік жүйелерді, сыртқы инженерлік желілерді, бас жоспарды жобалау және салу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда «Мемсараптама» РМК жобалау-сметалық құжаттаманың 1-ші кезеңіне оң қорытынды берді.
Жобаның тапсырыс берушісі «Объектілерді салу жөніндегі Компания» корпоративтік қоры. Бас жобалаушы – «IT Engineering SA» фирмасының филиалы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/909280
«Сугатовское» кен орнының аукционға қатысуы жөнінде 04.01.2025
Бұған дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтында және «minerals.e-qazyna.kz» ЖҚПБП-да құрамында қатты пайдалы қазбалар қоры бар 26 кен орны бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланды.
Сол кен орындарының бірі – алтын қоры бар «Сугатовское» кен орны.
Сонымен қатар, бүгінгі күні осы кен орны бойынша сот даулары өтуде.
Осыған байланысты осы кен орнын сот даулары реттелгенге дейін аукционнан алу туралы хабардар етеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/909805
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады 04.01.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Stadler Kazakhstan» ЖШС-не келді.Компания «Stadler Rail» компаниялар тобына кіреді және Қазақстан теміржолдары үшін жолаушылар вагондарының жетекші өндірушісі болып табылады.Өндірістік алаң Астана қаласының индустриалды паркінде орналасқан. Үй-жайлардың жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100-ден астам жолаушылар вагонын құрайды«Stadler Kazakhstan» ЖШС стратегиялық серіктесі – Қазақстан Республикасының ұлттық тасымалдаушысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Бұл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны, онымен жаңа буынның заманауи жайлы жолаушылар вагондарын жеткізу туралы келісімге қол қойылған. Олар 160 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға арналған, қызмет ету мерзімі – 40 жыл құрайды.Шығарылатын көліктер ЕАЭО техникалық регламенттеріне және автомобиль жасаудағы соңғы технологияға сай болады.2025 жылдың 2-тоқсанының басына қарай «Stadler Kazakhstan» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен жасалған оффтейк келісімшарттары аясында 2030 жылға дейін жалпы сомасы $2,3 млрд құрайтын кепілдендірілген 537 бірлікті сатып алу қамтамасыз етілді.Қазіргі таңда жұмысшылар саны 300 адамға жеткен ірі кәсіпорынға айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/910036
Қанат Шарлапаев Атырау вагондарды жасау зауытының қызметімен танысты 04.01.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а.ж. 27 желтоқсанында жұмыс сапары аясында Атырау облысына келді.
Министр Атырау вагондарын жасау зауытында болды. TEXOL компаниялар тобының басшысы Шота Абхазава қонақтарға өндіріс пен зауыттың жаңа цехтарының құрылысын көрсетті.
Кездесу барысында өндірістік қуаттарды кеңейту жоспарлары, сондай-ақ Атыраудағы бүкіл индустриялық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша ұсынылатын өнімнің кең ассортименті талқыланды. Бір күн бұрын Атырау вагондарын жасау зауыты 12-6785 люктік вагондарды және 13-6792 фитингтік платформаларды 2029 жылға дейін сериялық шығаруға ТР CU 001/2011 сәйкестік сертификатын алды. Осьтік жүктемесі 23,5 т болатын екі осьті 18-6786 арбашасы сол кезеңге шығаруға сертификатталған.
Бүгінгі таңда сертификатталған өнімдерді орнату сериялары анықталды – 8 мың жарты вагон, 5 мың платформа және 15 мың арбаша. Өндірушінің белгісі алынды – Атырау вагон құрылысы зауытына 3004 шартты нөмірі берілді.
Негізгі алаңнан басқа вагон бөлшектерін шығаратын зауыттардың цехтары салынуда. Өндірісті толық оқшаулау елімізде өндірілетін материалдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады. Кәсіпорында слесарь, дәнекерлеуші, бұрғылаушы, тойтарушы және т.б. түрлі сала мамандары үшін 3 700-ден астам жұмыс орны ашылады.
Анықтама үшін:
TEXOL – бас кеңсесі Атырауда орналасқан қазақстандық компаниялар тобы. Топтың негізгі құзыреттері сұйытылған газды, мұнай өнімдерін және құрғақ жүктерді тасымалдау болып табылады, қызметтердің толық кешенін қамтамасыз етеді, соның ішінде мамандандырылған оқыту, жылжымалы құрамды жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
EXOL-да Space 1520-дағы ең жас және заманауи газ цистерналарының паркі бар. Компания ТМД-дағы екінші ірі СКГ тасымалдаушысы болып табылады.
Сонымен қатар TEXOL инфрақұрылымдық және сервистік жобаларға маманданған, олардың негізгілері Қазақстандағы ең ірі вагон жөндеу депосы – Батыс Қазақстан сервистік компаниясы (БКСК) брендімен жұмыс істейтін Ақ-Жайық-7, сондай-ақ мамандандырылған жөндеу және сынақ пункті (ЖСП) газ цистерналарына техникалық қызмет көрсету үшін – «РИП-газ Кульсары».
2024 жылдан бастап TEXOL Атырауда 2 жаңа кластердің жұмысын бастады: Махамбет өнеркәсіптік-өндірістік кешені (ӨӨК) аумағындағы автокөліктерге қызмет көрсету орталығы, оның құрамына ТМД елдеріндегі ең жаңа және ең жаңашыл ВДШ (вагон дөңгелегі шеберханасы) , жаңа вагон жөндеу кәсіпорны (Депо) және вагондарды (цистерналарды) жуу бекеті кіреді. Сондай-ақ екінші кластер – Атырау вагон жасау зауыты (АВЖЗ) және осы өндіріске тікелей қатысы бар зауыттар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/911008
Қанат Шарлапаев Атырау облысындағы ірі өнеркәсіп нысандарын аралады 04.01.2025
Бүгін, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министріҚанат Шарлапаев Атырау облысына жұмыс сапарыаясында «НИНТ» АЭА-ға барды.Қанат Шарлапаев «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-де болды. Біріктірілген газ-химия кешені – еліміздегі Теңіз кенішіндегішикізатты өңдейтін алғашқы жоба. Кәсіпорынныңқуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды. Бүгінгі күні іскеқосылғаннан бері 442 мың тонна түйіршіктелгенполипропилен өндірілді.Бірінші кезеңде желіні біртіндеп 65 маркағадейін кеңейтумен полипропиленнің 10 маркасыәзірленді. Полипропиленнің көптеген салаларда, соның ішінде автомобиль жасау, машина жасау, құрылыс, электротехника және т.б. қолдану аясыкең.Министр «НИНТ» АЭА-дағы «Полимер Продакшн» ЖШС-де болды. Кәсіпорын импорттыалмастыратын және экспортқа бағытталғанполимерлі ыдыстар (қаптар), полипропилен (ББПП) және полиэтилен пленкаларын өндіруменайналысады.Өндіріс қуаттылығы жылына 10,2 мың тонна Биаксиалды бағытталған полипропилен пленкаларын (ББПП), 24 млн дана полипропилен қаптарын, 4 125 тонна полиэтилен пленкаларынқұрайды.Қанат Шарлапаев «Интаго Казахстан» ЖШС-де болды. Компания киімнен басқа тоқымалы еместекстиль бұйымдарын шығарумен айналысады. «Интаго Қазақстан» «Атырау облысының «НИНТ» АЭА аумағында тоқымалы емес геосинтетика өндіретін зауыттың құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Тоқымалы емесгеотекстильді матаның жылдық өндіріс көлемі жылына 3 600 тоннаны құрайды.Зауыт а.ж. қыркүйек айында ашылып,еліміздегі ені 6 метр құрайтын геотекстильді жалғыз өндірушісі болды. Құрылыс саласы мен инфрақұрылымды дамытуға елеулі үлес қоса отырып, геосинтетикалық материалдар саласындағы сапа мен инновацияның жаңа стандарттарын белгіледі.Одан бөлек, Министр «Силлено» ЖШС-де болды. Жоба біріктірілген газ-химиялық кешен құрылысының екінші кезеңінде. Құрылысты жүзеге асыру мерзімі – 2024-2028 жылдар, пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.Полиэтилен алаңында а.ж. қыркүйек айындаалғашқы құрылыс жұмыстары басталды және «Sinopec Engineering Incorporated» (ҚХР) компаниясымен консорциумда «Силлено» және «Tecnicas Reunidas» (Испания) арасында Пиролизді орнату туралы EPC келісім-шартқа қол қойылды. Бүгінде негізгі құрал-жабдықтарды орналастыру жұмыстары жүргізіліп, әлеуетті мердігерлермен келіссөздер жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/911307
Құрметті қазақстандықтар! 04.01.2025
Сіздерді табиғаттың жаңаруын, мейірім мен ізгіліктің салтанат құруын айшықтайтын көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!Наурыз – өзара құрмет, мейірімділік және қолдау секілді асыл құндылықтарды дәріптейтін, әр адамның құқықтары мен бостандықтарының маңыздылығын еске салатын мейрам. Ол халықтарды біріктіріп, достық пен өзара түсіністікті нығайтады.Осы шуақты мереке әр шаңыраққа шаттық пен молшылық, амандық пен жақсылық әкелсін. Көктемнің шуағы жүректеріңізге жылулық сыйлап, әрбір бастамаңыз табысты болсын!Наурыз мейрамы құтты болсын!Құрметпен,Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур ЛастаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/963423?lang=kk
Геологиялық барланған аумақ 104 мың шаршы километр құрайды 04.01.2025
11 ай ішінде жер қойнауын геологиялық барлауға 55 лицензия берілді, оның 16-сы геологиялық түсіру, 5-і геофизикалық жұмыстар, 34-і жер асты сулары бойынша.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу ҚР ӨҚМ 2023-2027 жылдарға, Абай ауданы, Балқаш, және сирек және сирек жер металдар өнеркәсібі дамытуға арналған жоспарларда қарастырылған іс-шараларды есепке алумен өткізілетінін айта кеткен жөн
Аймақтық геологиялық барлау жүргізу зерттелетін аумақты 2026 ж. қарай 2,2 млн ш.км. дейін ұлғайтады. Атап айтқанда, 2024 жылы жалпы барланған аумақ 104 мың ш.км. құрайды.
Бұл ретте 11 учаскеде сирек жер металдарын анықтау перспективаларын анықтау бойынша іздестіру жұмыстары аяқталды.
Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша Қарағанды облысындағы Күйректікөл учаскесінің перспективалары атап өтілді. Учаскенің алдын ала қоры өнеркәсіпті игеруге қажетті шамамен 800 мың тонна шикізатты құрайды. Ал болжамды ресурстары – 935 мың тонна сирек жер металдары, оның ішінде церий мен лантанидтер.
Қостанай облысында «Ақбұлақ» учаскесінде жұмыс жүргізіліп, 2 алтын, 1 алтын және мыс учаскесі анықталды.
Әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстары нәтижелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында нәтижелер e.geology.kz электронды веб-сайтында ортақ игілікте жарияланады.
Жер асты суларының мониторингін бөлек атап өту қажет. 2024 жылы мониторингке 765 млн теңге бөлінді. Мақсат – 4004 мониторингт пункттеріндегі жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйінің сандық және сапалық көрсеткіштерін алу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/912747
ҚР СІМ жанындағы «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өткізілді 04.01.2025
Отырыста ҚР Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекова Адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын кезең-кезеңімен енгізу мақсатында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының адам құқықтары жөніндегі индикаторларын ТДМ индикаторларымен ұштастыруды қамтамасыз ету мәселесі бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы әзірлеген 16 адам құқығының иллюстрациялық жаһандық индикаторларын бейімдеу және енгізу жөніндегі жұмыс туралы хабардар етті.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес көрсеткіштерді іріктеу елдің ұлттық басымдықтарын ескере отырып жүргізіледі.
Индикаторлар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні; Экономикалық, мәдени және әлеуметтік құқықтар туралы халықаралық пактіні; Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны; Азаптауға қарсы БҰҰ конвенциясын және адам құқықтары жөніндегі басқа да халықаралық шарттарды қорғау кезінде статистикалық деректерді ұсынуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/912053
Бейбіт Исабаев Талдықорғанды дамытудың 3 негізгі бағытын атады 04.01.2025
Бүгін Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығын дамытудың негізгі бағыттарын атап көрсетті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Кездесуді қорытындылай келе, қала дамуының негізгі бағыттарына тоқталайын. Біріншісі - қаланың қауіпсіздігі. Ол үшін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде орнатылатын камера саны 585-ке, жол қауіпсіздігі үшін «Сергек» камерасының саны 136-ға жеткізіледі. Екіншісі - қала тұрғындарын тұрғын үймен, жылумен, электрмен, сумен, газбен, сапалы жолмен қамтамасыз ету, сондай-ақ аурухана, мектеп, мәдениет және спорт объектілерін салу, сол арқылы қолайлы қала құру. Үшіншісі - әдемі әрі жасыл қала. Бұл аула мен воркаут алаңдарын, саябақтарды, скверлерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, көп қабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу. Экономиканы жүйелі дамытудың осындай шараларының барлығы бірінші кезекте Президенттің тапсырмаларына сәйкес халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, - деп атап өтті Б. Исабаев.
11 айдың қорытындысы бойынша Талдықорғанның әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, облыс орталығын көркейтудің алдағы жоспарлары жайлы айтқан өңір басшысы тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Үш сағаттық кездесу барысында облыс әкіміне 60-қа жуық сұрақ қойылды. Қалалықтар негізінен тұрғын үй-коммуналдық сала, әлеуметтік және жол инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, яғни жаңа 9-шы шағын ауданда полицияның тірек пунктін орнату, сол сияқты шағын және орта бизнеске, омарта шаруашылығына қолдау көрсету, жаңа шағын аудандарда аты жоқ көшелерге атау беру, қала сыртында көтерме сауда базарын құру, қоғамдық көліктің жұмысы және басқа да мәселелерді көтерді. Қалада ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға жасалған жағдайлар үшін алғыс білдірген тұрғындар да болды.
Кездесу қорытындысында сұрақтардың бәріне жауап берілді, тұрғындардың өз сұрауларын жазбаша түрде жолдауына да мүмкіндік жасалды. Жиында бірқатар өзекті мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.
Атап өтсек, облыс әкімінің қалалықтармен өткен жылғы кездесуінде тұрғындар көтерген 36 мәселенің 26-сы қазіргі уақытта шешілді. Қалған 10 сұрақ бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909508
Жетісулық волонтерлар Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек үшін қан тапсыруда 04.01.2025
Бүгін Жетісу облысының волонтерлары 25 желтоқсанда Ақтау қаласына таяу маңда құлаған «Баку-Грозный» бағытындағы жолаушылар ұшағы апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Талдықорғандағы Қан орталығына барып, қан тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстағы ерікті жастар алғашқылардың бірі болып қан тапсыруға ниет білдірген. Олар қиын жағдайға түскен жандарға қан беру арқылы көмек көрсетуге жора-жолдастары мен таныстарын да шақыруда.
- Ақтау қаласында әуе кемесінің құлағаны туралы оқыс жаңалық бәрімізге ауыр тиді. Апаттан қаншама адам көз жұмды, марқұмдардың жаны жаннатта болсын дейміз. Тірі қалғандардың тез сауығып, аман-есен жақындарына орлауына көмегіміз тисін деп, бүгін қан тапсыруға келдік. Енді мұндай ауыр жағдай қайталанбасын деп тілейміз, - деді «Ассамблея жастары» еріктілер тобының мүшесі Заида Құрмашева.
Облыстық қан орталығының мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 12.00-ге дейін 49 адам қан тапсырған.
– Орталыққа әуе апатынан жарақат алған мұқтаж жандар үшін қан көмек тапсырамыз деп ерікті жастар келіп жатыр. Әзірге Ақтаудағы қан тапсыру орталығында қан жеткілікті. Егер жедел қан керек десе біз кез келген уақытта жіберуге дайынбыз, – деді Облыстық қан орталығының директоры Марат Досқалиев.
Жетісу облысы тұрғындарының атынан ұшақ апатында қайтыс болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909983