QazTrade Ұлыбритания Парламентінің делегациясына Орта дәліз бойынша брифинг өткізді

QazTrade Ұлыбритания Парламентінің делегациясына Орта дәліз бойынша брифинг өткізді

29.09.2026 20:49:46 127

«QazTrade» АҚ Парламентаралық одақтың Британ тобының парламенттік делегациясына Орта дәлізді дамыту бойынша ақпараттық брифинг ұйымдастырды. Делегацияны Қауымдар палатасының Қорғаныс жөніндегі арнайы комитетінің төрағасы Тан Дхеси басқарды. Делегация құрамында Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасы мен Лордтар палатасының мүшелері де болды.

«QazTrade» АҚ Бас директоры Нұрлан Құлбатыров Орта дәліздің қазіргі жай-күйі туралы айтып берді. Ол сондай-ақ дәліздің тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін маңызды сауда бағыты ретінде даму перспективаларына тоқталды.

«SEMURG INVEST» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры Мадина Анет Каспий теңізіндегі Құрық портындағы Semurg инфрақұрылымын таныстырды. «Саржа» көпфункциялы теңіз терминалы кластерін дамыту жылына 5 млн тоннаға дейін өткізу қуатын құруды көздейді, оның ішінде контейнерлік қуат жылына 110 мың ЖФЭ-ге дейін жетеді.

Халықаралық сауда орталығының (ITC) ұлттық үйлестірушісі Джалил Булатов Global Gateway бастамасы аясында Еуропалық Одақтың қолдауымен өңірде іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1300685?lang=ru