Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті 24.12.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимова Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.Жоспарға театр фестивальдері, кино көрсетілімдері, конференциялар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сияқты түрлі мәдени іс-шаралар енгізілді.Сонымен қатар, келесі жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді.«Жоспарға енгізілген мәдени іс-шаралар соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің ерліктерін еске алуға бағытталған. Бірлескен бастамалар елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін», – деді Аида Балаева.Кездесу барысында тараптар кинематография және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ музей ісі мен театр өнері бойынша шеберлік сабақтары мен біліктілікті арттыру курстарын өткізуге келісті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/908682
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр 24.12.2024
Қазақстандық делегация Өзбекстан астанасында өтіп жатқан халықаралық волонтерлер форумына қатысуда. Биыл ТМД-ның жастар астанасы болған Ташкент өз жұмысын осы іс-шарамен қорытындылады.Іс-шараға еріктілер қозғалысының көшбасшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің тәлімгерлері қатысты. Форум волонтерлік мәдениетті дамытуға және өңірдегі, әлемдегі волонтерлер күшін біріктіруге бағытталған.Форум аясында ТМД елдеріндегі волонтерлік қызметке арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азиядағы волонтерлік қызметке алғашқы шолуы жасалды.Сонымен қатар, форумға қатысушылар 2024 жылды қорытындылап, алдағы ынтымақтастықты талқылады.Айта кетейік, 2025 жылғы ТМД-ның жастар астанасы ретінде Әзірбайжанның ең көне қалаларының бірі – Габала таңдалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/908714
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 24.12.2024
Жол жөндеу және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына байланысты уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлаймыз.Шектеу мерзімі:2026 жылғы 30 шілде мен 25 тамыз аралығыЖабылатын жол учаскелері:Кәмшат Дөненбаева көшесінен «Da Vinci» ТҮК-не дейін («Тобыл Арена» мен «Қостанай Плаза» СОО арасындағы бөлік) — проезжая часть 6 метрден 14 метрге дейін кеңейтіледі.«Береке» шағынауданындағы № 57, 59, 62, 63, 67а және 67б үйлердің бойы — проезжая часть 6 метрден 7 метрге дейін кеңейтіледі.Аталған учаскелерде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады. Келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1267760?lang=ru
ШЫМКЕНТТЕ “ШАХМАТШЫЛАР ҮЙІ” ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 24.12.2024
Шымкентте ардагерлер мен қарияларға арналған «Шахматшылар үйі» пайдалануға берілді. Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қабылдауы мен көшпелі кездесулерінде шахматқа арналған арнайы орын салып беру туралы өтінішін білдірген болатын. Халықтың пікірін ескерген мегаполис басшысы жайлы ортаны дамыту басқармасына нақты тапсырма берді.Бүгін Әл-Фараби ауданындағы Орталық саябақ аумағында шахматшыларға арналған жаңа заманауи ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі, жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен қариялар және БАҚ өкілдері қатысты.Жаңа нысанда бір уақытта 40 адам шахмат ойнай алатын 20 шахмат үстелі орнатылды. Бұдан бөлек қариялардың тиімді уақыт өткізіп, спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимарат толық жылу жүйесімен және электр желісімен қамтамасыз етіліп, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.Айта кетейік, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілер есебінен салынды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/908677
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПРЕЗИДЕНТТІК ШЫРША ӨТТІ 24.12.2024
Шымкент қаласында дәстүрге айналған Президенттік жаңа жылдық шырша мерекесі ерекше сән-салтанатпен атап өтілді. Шараға қала мектептерінен 9 бен 13 жас аралығындағы 300 бала қатысты. Балалар қатарында белсенділігімен және оқу үлгерімімен ерекшеленген оқушылар, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балалар болды. Мереке Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларға арнаған құттықтауымен басталды. Президенттің жылы лебізін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жеткізді. Әкім өз сөзінде балаларға жарқын болашақ пен көтеріңкі көңіл күй тіледі.«Сүйікті балақайлар, сіздер – біздің болашағымызсыздар. Әрқайсыңыздың армандарыңыз орындалып, алда жарқын жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін,» – деп атап өтті Ғабит Әбдімәжитұлы. Мерекелік кеш барысында Шымкент циркі, Шанин театры, қуыршақ театры мен өзбек театрының өнерпаздары балаларға ерекше әсер қалдырған түрлі қойылымдар көрсетті. Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, шығармашылық өнердің ғажайып сәттерін тамашалады. Шырша тойының сәнін келтірген әсем безендірілген шырша мен балаларға таратылған сыйлықтар олардың мерекелік көңіл күйін арттыра түсті. Балғындардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық бұл кештің ерекше екенін көрсетті.Президенттік жаңа жылдық шырша – балалардың армандарына қанат бітірген игі шара болды.Еліміздің барлық қаласында бір мезетте өтіп жатқан шараның бас сыйлығы әр балаға Президент атынан 120000 теңгелік сертификат болды. Жаңа жыл қарсаңындағы бұл мереке балалардың жүрегіне қуаныш сыйлап, олар үшін ұмытылмас естелікке айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/908704
Астанада пиротехникалық бұйымдардың сауда орындары бойынша рейдтер басталды 24.12.2024
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Астанада пиротехникалық бұйымдардың сауда орындарын рейдтік тексеру басталды. Рейдтер пиротехниканың заңсыз саудасын болдырмау, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгіленген ережелерді сақтау мақсатында 23 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Әмен мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Астана қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттері рейдтер ұйымдастырды. Рейдтер пиротехникалық өнімдер сатылатын базарларды, дүкендерді және сауда павильондарын қамтиды.Жыл басынан бері Астанада барлығы 19 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 13,3 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 11,8 млн теңге өндірілді.«Біз елорда тұрғындарын пиротехниканы пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Бұл жағымсыз жағдайларды болдырмауға және мерекелік көңіл күйді сақтауға көмектеседі», - деді Азамат Әмен.Пиротехниканы пайдалану кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін сарапшылар өнімдерді тек сертификаттары бар мамандандырылған дүкендерден сатып алуды, жарамдылық мерзімін тексеруді, ғимараттар мен ағаштардан кемінде 50 метр қашықтықта отшашуларды іске қосуды, оларды желді ауа райында пайдаланбауды ұсынады. Сарапшылар жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан зардап шеккендердің саны едәуір артқанын атап өтті. Тек 2023 жылы елордада пиротехникамен байланысты бірнеше ондаған жарақат пен өрт тіркелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908726
Алматыда биіктігі 6 метрден асатын қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды 24.12.2024
Алматыда көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасы аясында қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды. Сәтбаев көшесінде 22 апатты ағаштың орнына биіктігі 6 метрден асатын 36 тянь-шань шыршасы отырғызылды.Жергілікті питомниктердің көшеттері қаланың климаттық жағдайына сәйкес келеді, төзімділігі жоғары және агрессивті қалалық ортаға тез бейімделе алады.Ескі ағаштарды ауыстыру қажетті шара болды. Еске салсақ, көшпелі кеңес барысында ғылыми қызметкерлердің, сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Сәтбаев көшесіндегі ағаштардың жағдайы бағаланды. Учаскеде ескі шыршалар өседі, олар зерттеу нәтижелері бойынша апатты деп танылып, қала тұрғындары мен қоршаған ортаға қауіпті. Сондықтан жаңаларына ауыстырылды.Биіктігі 4-тен 6 метрге дейінгі ірі көшеттерді пайдалану ағаштардың тіршілігін жақсартуға, жетілген ландшафт жасауға және қала көшелері мен саябақтарының эстетикалық келбетін сақтауға мүмкіндік береді. Ғалымдардың ұсыныстары бойынша қыста қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу жердің жабық кесегімен жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908702
Ертегі кейіпкерлері мен сиқырлы сандық. Алматыда Президенттік шырша қалай өтті 24.12.2024
Алматыда дәстүрлі «Таңғажайып Жаңа Жыл» атты Президенттік жаңа жылдық шырша өтіп, 400 бала қатысты. Олардың қатарында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар да болды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қонақтарды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтады. Ертегі кейіпкерлері – Олаф пен жаңа жылдық Бұғы мерекелік атмосфераны орнатты. Олар балалармен бірге қызықты саяхатқа аттанып, квесттерден өтіп, жұмбақтарды шешті. Басты мақсат - құпия сандықтың сиқырлы кілттерін табу еді. Барлық құпияны ашып, сандықты ашқан соң балалар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры артистерінің орындауындағы «Щелкунчик» ертегілік қойылымына тап болды. Бұл қойылым мерекенің шарықтау шегі еді.«Бүгін біз сиқырлы ғажайыптың бір бөлігіне айналдық, бұл көңіл-күйді аниматорлар мен қызықты тапсырмалар бар байқаулар сыйлады. Әсіресе, маған сиқырлы сандықты ашу үшін кілт іздеген қатты ұнады. Сандықты ашып, оның ішін көру үшін бірігіп, жұмбақтарды тез шешуіміз керек болды. Бұл өте қызықты ойын болды, кей тапсырма қиынға соқты, бірақ біз бәрін бірге шештік. Бұл күн менде ұмытылмас әсер қалдырды», – деді №17 мектеп-интернатының оқушысы Талшын Құдұсова.Мерекелік бағдарлама аясында Аяз Ата мен Ақшақардың дәстүрлі байқаулары өтті. Ал кеш соңында балаларға танымал артист SADRADDIN «Песня» атты жаңа жылдық әнін орындап берді.«Маған ертегі әлеміне енгендей әсер қалдырды, барлық жерде ғажайып атмосфера сезілді! Біз үшін жылдамдықты, тапқырлықты және батылдықты сынайтын қызықты ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Әсіресе, маған ән айтып, сиқырлы кейіпкерді оятып, оны билеуге мәжбүрлейтін раунд ерекше ұнады. Сәл қиындау, бірақ өте қызықты болды. Уақытымды керемет өткіздім, тіпті өзімді ертегі кейіпкеріндей сезіндім», – деді №6 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Арай Байбасарова.Мереке қонақтары Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908705
Алматыда қала маңында тағы екі жаңа бағыт іске қосылады 24.12.2024
Алматыда мегаполистің агломерациямен көліктік байланысын арттыру аясында қалалық мобилділік басқармасы 25 желтоқсаннан бастап тағы 2 қала маңындағы қоғамдық көлік бағытын іске қосады.Мәселен, №256 маршрут «Мәдениет және демалыс саябағы – Ақтас кенті» қатынасымен және №249 маршрут «Төлеби/Яссауи» автостанциясы» - Шамалған кенті» қатынасымен «FOTON» маркалы сыйымдылығы жоғары автобустармен қызмет көрсетілетін болады. Тасымалдаушы «ECOBUS SERVICE» ЖШС, жоспарлы шығу-жылжымалы құрамның 7 бірлігі.Жол жүру құны қалалық маршруттардағыдай 120 теңгені құрайды. Барлық автобустар Onay электронды билет жүйесімен жабдықталған.Айта кету керек, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау Ережелеріне сәйкес бұл маршруттар тасымалдаушыларға қызмет көрсету конкурстары өткізілгенге дейін берілген және тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Қорытындысы бойынша қозғалыс сызбаларына жолаушылар ағыны мен халықтың қажеттілігін ескере отырып өзгерістер енгізілетін болады.Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы троллейбус паркі 112 троллейбус сатып алу есебінен 100% жаңартылды. Сондай-ақ әкімдік 600 газ автобусы мен 100 электробус сатып алды. Жыл басынан бері ҚМБ 18 қала маңындағы және 3 қалалық маршрут ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908707
Абай облысы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті 24.12.2024
Семейде облыс әкімінің 150 оқушыға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Шараға облысымыздағы мамандандырылған мектеп-интернаттар мен жетім балаларға арналған мекемелерден оқушылар қатысты.Облыс әкімінің шыршасына 9 бен 13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты. Сонымен қатар, оқу, спорт, шығармашылықта немесе қоғамдық істе жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды.«Жаңа жыл – бұл жаңа арман, жаңа үміт, жаңа бастамалар кезеңі. Жаңа жылды бәріміз қуанышты көңіл-күймен қарсы аламыз. Абай елінің жас өрендері талантты, ақылды, еңбекқор, ел мақтанышына айналар азамат болып өседі деп сенемін. Жаңа жыл қуанышты күндер мен ғажайып сәттерге толы болсын», - деді облыс әкімі.Әр балаға арнайы сыйлық – 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат, сондай-ақ тәттілер мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/908740
Абай облысында үздік энергетиктер марапатталды 24.12.2024
Энергетиктер күніне орай Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев сала қызметкерлерінің кәсіби жетістіктері мен облысты дамытудағы үлестерін атап өтті. Шарада өз еңбектерімен көзге түскен энергетиктер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.«Баршаңызды кәсіби мереке – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Облыстың өркендеуі мен әлеуметтік тұрақтылығына қажыр-қайратын арнаған сала мамандары қашан да жоғары құрметке ие. Адал еңбектеріңіз бен өңіріміздің болашағын жарқын етуге қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», - деді облыс әкімі.Табысты еңбектері үшін бір топ сала қызметкерлеріне ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдары, «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төс белгілері, сондай-ақ Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді.ІІI дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталғандар:ДЖАНАКАНОВ Куватбек Адасбаевич - «Теплокоммунэнерго» МКК, 1-ЖЭО отын беру цехының бастығы;РАХИМЖАНОВ Ермек Нургалиевич - «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» ШЖҚ МКК, Жылумен жабдықтау учаскесінің №3 қазандығының 3-разрядты машинисі;ХАМЗИН Бейсембай Жумагазыевич - «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» ШЖҚ МКК, Жылумен жабдықтау учаскесінің №3 қазандығының 3-разрядты аға машинисі;«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:КАТКОВ Владимир Александрович - «Теплокоммунэнерго» МКК, ЖЭО-1 отын берудің аға машинисі;ШАЛЕЕВ Олег Геннадьевич - «Теплокоммунэнерго» МКК, «103 және 103 А» қазандығының бастығы;«Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталғандар:КАКИБАЕВ Жандос Абдрахманович - «Теплокоммунэнерго» МКК, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;ТЕМИРГАЛИН Ерик Бекенович – «Аягөз жылу»МКК, бас инженері;«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен марапатталғандар:ДЕНИСЕНКО Андрей Федорович – «Востокэнерго» ЖШС, Жезкент энергоцехінің ауыз сумен жабдықтау учаскесінің шебері;НУРЛАНОВ Айдын Мукатайович – «Курчатов көп салалы пайдалану кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық техникалық директоры;КУАНДЫКОВ Кенжегазы Калдыбаевич – зейнеткер;АКАНОВ Габдил-Малик Сапарович – «Аканов» жеке кәсіпкер, басшы«Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапатталғандар:ПРАЙС Оксана Андреевна – «Теплокоммунэнерго» МКК, канцелярия және кадр қызметі бөлімнің бастығы;ТОЛСТУНОВ Федор Иванович – «Теплокоммунэнерго» МКК, шағын қазандықтар учаскесінің бастығы;МУРАШЕВ Евгений Сергеевич – «Теплокоммунэнерго» МКК, Апаттық-диспетчерлік қызметінің бастығы;ФОМИНЫХ Игорь Геннадьевич – «Абай облысы Бородулиха ауданының коммуналдық шаруашылығы» МКК, жол шебері;ШУЛЬЦ Светлана Анатольевна – «Востокэнерго» ЖШС, Жезкент энергоцехінің техникалық сумен жабдықтау және кәріз учаскесінің сорғы қондырғыларының машинисіБОНДАРЕВА Галина Анатольевна – «Востокэнерго» ЖШС, Жезкент кентінің желілер учаскесінің қосалқы станцияларына және қосалқы станцияларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтерБАЙМУРАТОВ Кайрат Бекешевич – «Энерго-Инвест» ЖШС, қосалқы станцияға қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;АҚМОЛДИН Мұрат Төлеубайұлы – «Востокэнерго» ЖШС, ЭБЖ және ҚС жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бастығы;Энергетика Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды:МӘНЗАЛ Біржан Қайржанұлы – «Риза» КМК директорының міндетін атқарушыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/908741
Президент шыршасы: Атырауда 300 бала шырша тойына қатысты 24.12.2024
Салтанат сарайында ұйымдастырылған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты дәстүрлі шараға қала және аудандардан келген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, халықаралық және республикалық олимпиадалардың, шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жазатайым оқиғаларда ерлік көрсеткен барлығы 300 бала қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жаңа жылдық шыршаға арнайы шақыртумен келген балаларға Мемлекет басшысының атынан құттықтау хат, арнайы сертификат пен тәттілер табыс етті.- Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Осы жарқын мереке өзіңді шаттыққа бөлесін! Әрдайым жаңашылдыққа, жасампаздыққа ұмтыл! Білімпаз, озат әрі зерек болып, жақындарыңды қуанта бер! Арманың асқақ, қиылың ұшқыр болсын! Саған зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін!-делінген құттықтау хатта.Президент шыршасына қатысқандардың арасында республикалық олимпиаданың жүлдегері №3 Білім-инновация лицейінің 8 сынып оқушысы Гаухар Нұрлан да бар.- Бүгін осындай кең көлемде ұйымдастырылған әдемі кештің арнайы қонағы ретінде қатысып отырмын. Ерекше атмосферада шат-шадыман көңіл-күйде тойлап жатырмыз. Енді халықаралық білім бәйгелерінде Қазақстанымның атын асқақтатып, абыройын оздырып, еліне адал қызмет етер ұланы болғым келеді. Сол мақсатқа жетеріме сенемін,-деді Г.Нұрлан.Кеште балаларға арналған түрлі-түсті шоу-қойылым, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, концерт қойылды. Бұдан бөлек, Жаңа жыл қарсаңында атыраулық балалар үшін бірқатар шырша тойы өткізіледі.Бұдан бөлек, қала маңындағы және шалғай елді мекендердегі мектептердің директорларына балаларды тасымалдау үшін 21 автобустың кілті табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/908709
Ақмола облысындағы Президенттік шырша: мерекелік іс-шараға 200 бала қатысты 24.12.2024
Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық іс-шаралар өтті.Көкшетауда облыстың басты шыршасы «Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында жағылды. Мерекеге облыстың қалалары мен аудандарынан 200-ге жуық бала шақырылды.Алдағы Жаңа жылмен балаларды облыс әкімінің м.а. Елдос Рамазанов құттықтады, ол жас ұрпақты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, балалардың әрқайсысының табысты дамуына үміт білдірді. «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жас ұрпақ Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқарады және прогрестің қозғаушы күшіне айналады. Біз ересектер сіздің мақсаттарыңызға жету үшін барлық жағдай жасаймыз», - деді Елдос Рамазанов.Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылынан келген 12 жасар Арқат Шарапов оқу үздігі, көптеген олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы болып табылады. Ол осы деңгейдегі жаңа жылдық іс-шараға алғаш рет қатысты.«Біз уақытты өте қызықты өткіземіз. Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген балалармен достасып үлгердім. Батырдың костюмін анам дайындады. Маған өте ұнайды. Мен үшін шырша өте маңызды, менің жадымда мәңгі қалады. Бізге осындай қуаныш сыйлағаныңыз үшін көп рахмет», - деді жас қатысушы.Бағдарлама аясында шыршаны жағу рәсімі, шыршаны айналып билеу және Төстік, Көк бөрі сияқты ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары өтті. Балалар костюмдер байқауына қатысып, өлең айтты.Мереке соңында барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа жылдық сыйлықтар, 120 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттар және тәтті жиынтықтар алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/908662
Алға ауданының Қарабұлақ және Тоқмансай ауылдарында медициналық пункттер ашылды 24.12.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа нысандар салынды.Қарабұлақ ауылындағы медициналық пункттің заманауи ғимаратында 340 ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Мұнда медбике, санитар және күзетші жұмыс істейді. Нысан күніне 25 келушіге арналған. Медициналық мекемеде қабылдау бөлімі, ем қабылдау, егу, сүзгі және терапия бөлмелері ұйымдастырылған.«Мен зейнеткерлікке шыққанға дейін осы ауылда медбике болып жұмыс істедім. Қазір 70 жастамын. Бүгін жаңа медициналық пункттің ашылғанына куә болғаныма өте қуаныштымын. Мен әрқашан жас мамандарға көмектесуге тырысамын. Оларға мұнда пациенттерді қабылдауға ыңғайлы. Біздің Қарабұлақта егде жастағы тұрғындар көп. Олардың денсаулығы жастардың қолында», - деді Дариға Аметова.Ал Тоқмансай ауылында медициналық пункттің құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталды. Бір қабатты ғимаратта 3 қызметкер жұмыс істейді. Медициналық мекемеде күніне 25 келушіге 300 ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/908729
Барлық мәселе ұдайы бақылауда болуы тиіс 24.12.2024
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесінің жұмысы талқыланған Үкімет отырысы өтті.Үкімет отырысынан кейін онда көтерілген мәселелерге орай жиын өткізіліп, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.Жиында «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу, отбасылардың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне ең көп әсер ететін факторларды анықтайтын модульді жүзеге асыру тапсырылды.Айта кетейік, бүгінде «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінде барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық басқармаларға 160 есептік жазба ашылып, ішіндегі кейстер мен дэшбордтарды күнделікті жұмыста пайдалануда. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде Қызылорда облысының 224 187 отбасы немесе 852 944 адам тіркелген. Азаматтарға белсенді қызмет көрсету бағытында әл-ауқат деңгейі, экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, денсаулық сақтау, білім саласы бойынша тиісті мемлекеттік органдар адрестік жұмыс жүргізуде.Мәжілісте бюджеттің толық игерілуі, мереке күндері коммуналдық қызметтердің тұрақты әрі қалыпты режимде жұмыс істеуі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының негізсіз өсуін болдырмау, өрт және санитарлық талаптардың қатаң сақталуын, бейберекет саудаға жол берілмеуін қамтамасыз ету қатаң тапсырылды.Айта кету керек, коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимде үздіксіз қызмет көрсетуін, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын бақылауда ұстау үшін облыс аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.Қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары алдағы жоспарларды іске асыруға әзірлікті пысықтауы тиіс. Атап айтқанда, бюджеттің игерілуі, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал және өзге де маңызды мәселелер ұдайы бақылауда болуы керек.​Сонымен қатар, мәжілісте ауа райының суытуына байланысты «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы сенбілік жұмыстары уақытша тоқтатылып, коммуналдық тазалық мекемелері штатық режимде жұмыс жасау керектігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/908609
35 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮКТІ ӘЙЕЛ «БІР КҮНДІК КЛИНИКАЛАРДА» КЕШЕНДІ ЗЕРТТЕП-ҚАРАУДАН ӨТТІ 24.12.2024
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап 35,4 мыңнан астам жүкті әйел 15 перинаталдық орталықтың базасында жұмыс істейтін «Бір күндік клиникаларда»кешенді зерттеп-қараулардан өтті.«Бір күндік клиникалар» жобасы жүкті әйелдерге претаналдық диагностикадан өтуге және күні бойы емтихан нәтижелерін алуға мүмкіндік береді. Бұл инновациялық технологиялар ұрықта генетикалық ауытқуларды, ағзалардың дамуындағы туа біткен ауытқуларды және басқа да ауыр жағдайларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.35 мыңнан астам жүкті әйел «Бір күндік клиникаларда» зерттеп-қараудан өтті, бұл ретте 527 әйелде ұрықтың денсаулығына жоғары қауіптер анықталды, 587 жағдайда созылмалы патологиялар мен туа біткен ақаулар анықталды, 543 әйел жүктілікті тоқтатуға келісім берді.Жоба сонымен қатар жүктіліктің ерте кезеңдерінде күрделі патологиялар анықталған жағдайда уақтылы араласудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын ұрық хирургиясының бірегей технологиясын енгізді.Бұл жүктіліктің қауіпсіз өтуі және дені сау баланың туылу мүмкіндігін едәуір арттырады. 22 жүкті әйелге жатырішілік операция жасау нәтижесінде әлі тумаған сәбилердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.«Бір күндік клиника» және пренаталдық диагностиканың инновациялық технологиялары ана мен баланың денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам болып табылады, бұл елдегі жүкті әйелдерге медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/908708
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жүк көліктерін жаңартты 24.12.2024
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы инертті және құрылыс материалдарын тасуға арналған жүк көліктерін жаңартты. Арнайы техника гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу кезінде пайдаланылады. Сондай-ақ су тасқыны кезінде шұғыл іс-шараларды неғұрлым жылдам орындауға мүмкіндік береді.Дереккөз: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми сайтыЖетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы инертті және құрылыс материалдарын тасуға арналған жүк көліктерін жаңартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/907297
Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 24.12.2024
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу, денсаулық сақтау мәселелері бойынша жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс әкімінің қабылдауына кіргендердің дені – баспана кезегінде тұрған азаматтар. Олардың үй алуға қатысты сұрақтарына байланысты тұрғын үй заң аясында кезек ретімен берілетіні, «Отбасы банк» АҚ арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді.Сонымен қатар мүгедектік тобын өзгертуге қатысты екі азаматтың қосымша сауалдарына орай олардың денсаулық жағдайын комиссиялы түрде қайта қарау облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/907710
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы үйлі болды 24.12.2024
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы баспаналы болды. Атап айтқанда, Талдықорғанда 37 жаңа пәтердің, Сарқан қаласында 20 жеке тұрғын үйдің кілттері тапсырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сарқан ауданы әкімдігінің хабарлауынша, аудан орталығында баспана салу мәселесіне соңғы жылдары баса назар аударылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.- 2022 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 5 қабатты 50 пәтерлі үй, өткен жылы «Болашақ» шағын ауданында екі қабатты 20 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұған қоса, ауданның әлеуметтік осал топтағы азаматтары үшін 24 тұрғын үй сатып алынып, берілді. Бүгін 20 үйдің кілті тапсырылса, бұдан бөлек, жақын арада осы типтегі 30 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі, - дейді Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әсет Қанапиянов.Осы күні жаңа үйге ие болғандар қатарында жетім балалар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы аналар, толық емес отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер бар.Сарқандық көп балалы ана Толқын Мантекова қоныстой қуанышына кенелгендердің бірі.- Тұрғын үй кезегіне 2019 жылы көп балалы ана ретінде тұрғанмын. Бүгін жаңа жыл қарсаңында арманымызға жетіп, үйлі болдық. Мемлекет тарапынан берілген үй кең, жайлы, қолайлы. Баспаналы болғанымызға әсіресе балаларым ерекше қуанып жатыр, - дейді.Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Құлагер» шағын ауданынан жаңа пәтерге ие болған Жанар Болатбекова да ой бөлісті. - Бүгін көптен күткен пәтерімізді алдық. Мүгедектігі бар баламыздың денсаулық жағдайына қолайлы жаңа пәтерге ие болғанымызға қуаныштымыз. Кезекте 10 жылдан аса уақыт тұрып, осы күнді күттік. Сол күнге де жеттік, рақмет, - деді Ж. Болатбекова.Жалпы Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге бөліндіЖетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсіргендер: Олжас Құрмашев, Қанат БайдрахымовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/907855
Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты 24.12.2024
Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтіп, онда аудан-қалалардан келген 200 баланы облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.«Жастар» Спорт сарайында өткен мерекелік шараға көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларынан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар, оқу озаттары, өнерлі өрендер келді.Мерекелік шара флешмоб биімен басталды. Мұнан соң экранда ел Президентінің фотосы мен балаларды Жаңа жылмен құттықтауы көрсетілді.Балаларға құттықтау тілегін жеткізген облыс әкімі:- Жаңа жыл көңілге қуаныш, жүрекке үміт сыйлайтын, игі арман-тілектер еселенетін мереке. Сондықтан әрқашан армандарың асқақ, алар асуларың биік болсын дегім келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өздеріңді ыстық ықыласпен құттықтап, жақсы тілегін білдіруде. Мен өз замандастарының ішінде мол білімімен, жарқын өнерімен алда жүретін жетісулық бүлдіршіндердің болашақта ел игілігі үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өсетіндігіне сенімім мол, - деді ол.Бұдан әрі шырша шамы жағылып, облыс әкімі балалармен бірге шыршаны айналып, қуаныштарын бөлісті. Балаларға Президенттің атынан Жаңа жылдық сыйлықтар, атап айтқанда планшет, рюкзак, жаңа жылдық тәттілер, құттықтау хатын тапсырды.Түрлі өнер ұжымдары, аниматорлар, колундар, ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері мерекелік қойылымдарын көрсетті. Балаларға түрлі ойындар ұйымдастырылып, тәтті дәмдер ұсынылды.Бүгінгі мерекеге келген балалар тамаша көңіл күйде пікір білдірді.- Мен көп балалы отбасынан шыққан оқу озатымын. Үйде 8 қызбыз, бәріміз бір-бірімізбен татумыз. Бүгінгі Президенттің жаңа жыл мерекесі өте көңілді өтіп жатыр. Барша достарымды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, - деді Панфилов ауданы Басқұншы ауылындағы мектептің оқушысы Айша Алжанбек.«Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі Людмила Ким:- Бүгінгі мереке маған өте ұнады. Көпшіліктің алдына шығып, тілегімді айттым. Бізге Жаңа жылға планшет сыйға тартты. Шырша тойы бізге көтеріңкі көңіл күй сыйлады, - деді ол. Сәкен Әбілмансұр, Талдықорған қаласының № 16 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы:- Мен «Алтын сақа», «Ақбота», «Кенгуру» олимпиадаларының жеңімпазымын. Бүгінгі мерекеге қуана-қуана келдім. Аяз Атамен, Ақшақармен, түрлі ертегі кейіпкерлерімен бірге ән айтып, билеп, ойын ойнап, Жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен тойладық, - деді.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/908352