Жаңалықтар
Алматы жаңа 2025 жылды қалай қарсы алады 24.12.2024
Алып шаһарда 2025 жыл қарсаңында «Алматының 8 кереметі: отбасылық мереке — таңғажайып Жаңа жыл» атты ауқымды бағдарлама әзірленді. Қаланың барлық 8 ауданын қамтитын мерекелік іс-шаралар 20 желтоқсанда басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Қаланың жаңа жылдық безендірілуіАлматы Жаңа жыл қарсаңында әуежайдан бастап орталық алаңдарға дейін ерекше безендіріледі. Қала аумағында 300-ге жуық ертегі кейіпкері мен мерекелік нысан бейнесіндегі инсталяция орнатылады, оның ішінде қайта жөндеуден өткен былтырғы 120 шағын сәулет пішіні (ШСП) де қолданылады. Магистральдар бойындағы ағаштар жарықдиодты шамдармен және гирляндалармен безендіріледі. Жалпы, 12 көше мен даңғыл бойында 1500 жарық элементі орнатылады, оның 350-і өткен жылы қолданылған кронштейндер.Сонымен қатар, қаладағы 21 ғимараттың қасбеті архитектуралық жарықпен көмкеріліп, Алматыға жаңа жыл қарсаңында ерекше көрік береді. Алматының бас символдарының бірі – «Көктөбе» телемұнарасы жаңажылдық стильде безендіріліп, қала тұрғындары мен қонақтарын мультимедиялық бейнекөрініспен қуантады.Жаңа жылдың басты символдарыАлғаш рет қаланың негізгі алаңдарына қаңқалы емес, классикалық еуропалық стильдегі ерекше діңгекті шыршалар қойылады. Алматыдағы бас шыршаның биіктігі 22 метрді құрайтын болады, ол дәстүр бойынша Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда орнатылмақ. Шыршаны безендіруге жарқын декорациялар, ірі банттар, 6 шақырым гирлянда және қайта өңделген экологиялық қауіпсіз материалдардан жасалған ойыншықтар қолданылады.Жалпы, биыл Алматы қаласында 80-нен астам шырша орнатылады. Әр шыршаны безендіру үшін 4-6 шақырым гирлянда пайдаланылады. Шыршалар Тұңғыш Президент саябағында, Республика алаңында, «Халық Арена» мұз айдынында, «Алматы Арена» көпфункционалды кешенінде, Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, Наурызбай ауданы амфитеатрында, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, әйгілі Алматы циркінің алдында, сауда орталықтарының аумағында, саябақтарда, скверлерде және қала тұрғындары жиі демалатын басқа да қаланың негізгі орындарында бой көтереді. Мерекенің мазмұндық жағына баса назар аударыладыКөптен күткен іс-шара – бас шыршаның шамын жағу рәсімі 20 желтоқсан күні сағат 19:00-де өтеді. Мерекеге орай Республика сарайының алдында Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақардан бөлек, Turar, Dakelot, Adill, Мәди Рымбаев, Диная, Astro тобы, Malika Yes, Балжан Бидаш, ALPHA тобы және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.Абай алаңына келген қала тұрғындары мен қонақтарын сәукеле киген ертегі перісі, күймедегі Күлбике, Зімбір адам және басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Үлкен әрі жарқын фотозоналар, жарқыраған субұрқақтар және басқа да инсталляциялар халыққа ерекше мерекелік атмосфера сыйлайды. Іс-шараға келген қонақтар естелік фотосурет жасап, жаңа жылдық бейне түсіре алады. Сонымен қатар, Абай алаңында 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін мерекелік жәрмеңке өтеді. Мұнда қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар және жаңа жылдық ойыншықтар ұсынылады.Астана алаңында биіктігі 22 метрлік шырша мен ұлттық нақышта безендірілген Аяз Атаның киіз үйі орнатылады. 20 желтоқсаннан бастап мұнда жәрмеңке, шеберлік сабақтары мен ойындар ұйымдастырылады. Ал басты жаңажылдық концерт дәстүр бойынша 31 желтоқсан күні ҚБТУ алдында сағат 21:00-де өтеді.Әл-Фараби даңғылының бойындағы «Нұрлы Тау» бизнес-орталығының алдында 20 желтоқсанда жаңа жылдық жәрмеңке мен фуд-корт аймағы ашылады. 26-31 желтоқсан аралығында мұнда арнайы орнатылған сахнада лайв-бэнд топтары өнер көрсетеді. Мұнда биіктігі 19 метрлік шырша, жарқын инсталляциялар және безендірілген ағаштар ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырады.Алматылық Арбат Лондонның Карнаби-стрит стилінде безендіріледі. Жаяу жүргіншілер аймағында жарық тоннельдер, жұлдыздар мен шарлардан жасалған композициялар орнатылады. 20-31 желтоқсан аралығында мұнда классикалық және сәндік шағын шыршалар жәрмеңкесі өтеді. Сондай-ақ Арбатта белгілі орындаушылар мен жас музыканттардың өнер көрсетуі, суретшілер көрмесі және отбасылық ойындар жоспарланған.Мемлекеттік қуыршақ театры 20-30 желтоқсан аралығында балаларға «Сиқырлы айна» ойын-сауық бағдарламасы мен Ганс Христиан Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісі бойынша қойылым ұсынады. Кішкентай көрермендер достық пен мейірімділіктің маңызын түсіну үшін ертегідегі сиқырлы әлемге сапар шегеді. Мерекелік бағдарламада Аяз Ата, Санта-Клаус, Пьер Ноэль, Бефана, Шань Дань Лаожен, Эльза және басқа да ертегі кейіпкерлері балалармен бірге Жаңа жылды құтқару үшін жұмбақ оқиғаның шешімін іздейді.Алматылық цирк 21 желтоқсаннан 2025 жылдың 21 қаңтарына дейін «Қар ханшайымы» атты лазерлік шоу мен жаңа жылдық қойылым ұсынады. Мереке қарсаңында артистер жаңа цирк нөмірлері мен эксклюзивті костюмдер дайындады. Сондай-ақ балалар үшін Мәскеудегі Никулин циркінің артистері мен Испаниядан келген сайқымазақ өнер көрсетеді.Қаладағы 8 ауданның әрқайсысында Аяз Ата мен ертегі кейіпкерлерінің шеруі, жәрмеңкелер, көрмелер, концерттер мен ойындар ұйымдастырылады. Жаңа жылдық шаралардың толық тізімі Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.Биыл Алматы қаласының жаңа жылдық безендіруіне шамамен 800 миллион теңге бөлінді. Дегенмен, өткен жылғы инсталляцияларды барынша қалпына келтіріп, пайдаланудың арқасында, әрі мәдениет саласындағы мекемелердің белсенді қатысуы нәтижесінде мереке өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда ауқымды болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/904419
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады 24.12.2024
Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды.Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Мемлекет басшысы отандық спортты және халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.Кит МакКоннелл Қазақстан спорт қауымдастығының олимпиада қозғалысын насихаттау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол ұлттық құраманың халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне тілектестік білдірді.https://t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/904454
Қазақстанның шахматшылары Словенияда 10 медаль жеңіп алды, соның 2-і – алтын 24.12.2024
Терме Чатеж қаласында (Словения) өткен U14–U18 жастар арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні Қазақстанның жас шахматшылары 10 медаль жеңіп алды соның 2-і – алтын (Елназ Қалиахмет пен Даниял Сәпенов).«Осы жыл шахмат сүйер қауымды жағымды жаңалықтарымен қуантуды жалғастыруда. Бізде рекордтық медаль саны бар, оның көпшілігін жап-жас балалар жеңіп алды. Жастар арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында да осындай нәтижеге қол жетіп, спортшыларымызды мақтан тұтуымызға жаңа себеп пайда болды. Біздің қоржынымызда 10 медаль бар. Шахматшыларды, олардың жаттықтырушылары мен ата-аналарын осынау тамаша нәтижемен құттықтаймын. Бұл үлкен спорттық сапардың басы ғана екеніне кәміл сенемін», - деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.U14–U18 жастар арасындағы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатына (FIDE World Youth Rapid & Blitz Championships 2024) 36 елдің 320-ға жуық жас шахматшысы қатысты. Қатысушылардың арасында 1 гроссмейстер (GM), 4 халықаралық шебер (IM), әйелдер арасындағы 1 халықаралық шебер (WIM), 37 ФИДЕ шебері (FM) және әйелдер арасындағы 16 ФИДЕ шебері (WFM) бар.KazChess/Қазақстан шахмат федерациясына 16 жас шахматшы өкілдік етеді. Чемпионатты қабылдаушы ел (115) және оның еуропалық көршілері ғана – хорваттар (33), поляктар (22) мен словактар (19) көбірек қатысушы жіберді.14–15 желтоқсанда жарысқа қатысушылар 15+10 рапидте швейцариялық жүйе бойынша 11 тур ойнап, жүлдегерлерді анықтады. Қазақстан шахматшылары 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды:G14: 1. WCM Данг Лесуан Хьен (Вьетнам, 1908) – 9 ұпай; 2. Әсия Асылхан (1728) – 8½; 3. WFM Елназ Қалиахмет (2162) – 8½; 4. WFM Айару Алтынбек (1966) – 7½; 11. WFM Диана Тыныштық (1778) – 6½ ұпай.G16: 1. Нгуен Бинь Ви (Вьетнам, 1896) – 9½ ұпай; 2. Алёна Волчкова (FID, 1939) – 9; 3. WCM Дениза Құрманалина (1714) – 8 ұпай.G18: 1. WFM София Блохин (Эстония, 2050) – 8 ұпай; 2. WIM Әмина Қайырбекова (2257) – 8; 3. WFM Елизавета Дорохина (FID, 2018) – 8; 7. WFM Кристина Попандопуло (1835) – 6½ ұпай.O14: 1. IM Дау Хуонг Дуй (Вьетнам, 2306) – 9½ ұпай; 2. FM Ховард Хауг (Норвегия, 2370) – 9; 3. Нгуен Нам Кьет (Вьетнам, 2106) – 8; 10. Әлтайыр Қажымұратов (2038) – 7½; 14. FM Артём Богданов (2222) – 7½; 27. Ақылжан Мейірханұлы (1991) – 6½; 36. CM Әлихан Қажатұлы (1970) – 6 ұпай.O16: 1. FM Матиц Лавренчич (Словения, 2204) – 8½ ұпай; 2. FM Мирас Асылов (2127) – 8½; 3. IM Даниял Сәпенов (2344) – 8; 7. FM Иманғали Ақылбай (2099) – 7½; 18. CM Әлихан Дәулет (2088) – 6½ ұпай.O18: 1. GM Пранав Венкатеш (Үндістан, 2497) – 9½ ұпай; 2. FM Александр Хрипаченко (FID, 2310) – 9; 3. FM Роман Пырих (Украина, 2313) – 7½; 22. FM Темір Кеңпейілов (1991) – 5½ ұпай.16 желтоқсанда қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша 11 тур ойнап, блиц 3+2 бойынша жүлдегерлерді анықтайды.16 желтоқсанда жас шахматшылар блицтен 3+2 марафон дистанциясы –швейцариялық жүйе бойынша 22 турдан өтті (қарсыластар екі партиядан – ақ және қара түспен ойнады). Қазақстан шахматшылары 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды:G14: 1. WFM Елназ Қалиахмет (2078) – 16 ұпай; 2. WCM Данг Лесуан Хьен (Вьетнам, 1888) – 16½ ұпай; 3. Хюинь Фукминь Фуонг (Вьетнам, 1767) – 14; 4. WFM Айару Алтынбек (1788) – 14; 11. Әсия Асылхан (1784) – 12½; 15. WFM Диана Тыныштық (1717) – 11½ ұпай.G16: 1. WFM Нгуен Нгок Хьен (Вьетнам, 2035) – 15 ұпай; 2. Нгуен Бинь Ви (Вьетнам, 1911) – 15; 3. WFM Юджиния Карас (Англия, 1818) – 15; 18. WCM Дениза Құрманалина (1698) – 11½ ұпай.G18: 1. WFM Елизавета Дорохина (FID, 2005) – 17½ ұпай; 2. WIM Әмина Қайырбекова (2144) – 16; 3. WFM Весна Михелич (Словения, 1934) – 15½; 6. WFM Кристина Попандопуло (1828) – 12½ ұпай.O14: 1. IM Дау Хуонг Дуй (Вьетнам, 2363) – 18 ұпай; 2. FM Николай Аверин (FID, 2509) – 17½; 3. FM Генри Эдвард Тудор (Румыния, 2172) – 16½; 11. FM Артём Богданов (2026) – 14; 12. CM Әлихан Қажатұлы (1938) – 14; 35. Әлтайыр Қажымұратов (2019) – 12½; 36. Ақылжан Мейірханұлы (1969) – 12 ұпай.O16: 1. IM Даниял Сәпенов (2338) – 16½ ұпай; 2. Никита Калинин (FID, 2257) – 16; 3. FM Мирас Асылов (2138) – 16; 9. FM Иманғали Ақылбай (2116) – 14; 14. CM Әлихан Дәулет (2046) – 13 ұпай.O18: 1. GM Пранав Венкатеш (Үндістан, 2572) – 19½ ұпай; 2. Дмитрий Мочалов (FID, 2384) – 15½; 3. FM Александр Хрипаченко (FID, 2387) – 14½; 19. FM Темір Кеңпейілов (2055) – 11½ ұпай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/904473
Маңғыстау облысының тұрғындарымен онлайн-кездесу 24.12.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Олжабеков Малик Серикович 20 желтоқсанда сағат 16.00-де Маңғыстау облысының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізеді және сағат 17:00-де министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-7292462111(1087) (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/904408
КҮН САНЫ 24.12.2024
Елімізде жаңбырлатып суару технологияларымен қамтылған жер көлемі227 мың гаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/904366
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы «Алва» лиманды суару жүйесінің бөгеттерін жөндеу жұмыстарын аяқтады 24.12.2024
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы «Алва» лиманды суару жүйесінің бөгеттерін жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жүргізілген іс-шаралар нысанның қауіпсіздігін арттырады, сондай-ақ жоғары өнімділікті қамтамасыз ету үшін тасқын суын лиманды суару жүйесінде ұстап қалуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/904369
Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 24.12.2024
Астана, 2024 жылғы 17 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаевпен телефон арқылы сөйлесті.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдетуге жан-жақты жәрдемдесуге өзара дайын екендігі білдірілді.Министрлер сондай-ақ 2025 жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/904437
Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын Әзербайжанға тапсырды 24.12.2024
Астана, 2024 жылғы 17 желтоқсан – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 7-ші Сыртқы істер министрлерінің отырысы онлайн форматта өтіп, оның барысында Қазақстан Республикасы ұйымдағы төрағалығын ресми түрде Әзербайжан Республикасына тапсырды.Іс-шара барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның төрағалығы кезіндегі АӨСШК-тің негізгі жетістіктерін атап өтіп, ұйымның төрт жылдық жұмысын қорытындылады.Атап айтқанда, 2022 жылғы қазанда Астанада өткен АӨСШК 6-шы Саммитінің қорытындысы бойынша іске қосылған трансформация үдерісіне ерекше назар аударылды. 2023 жылғы қыркүйекте қабылданған Трансформация жөніндегі жол картасына сәйкес, Қазақстан төрағалығы Кеңес Жарғысының жобасын әзірлеп, келістіру үдерісін бастады. Аталған кезеңде Қазақстан Талдау орталықтар форумы, Даналар кеңесі және АӨСШК қоры сияқты үш жаңа органның ашылуына бастамашылық етті.Сонымен қатар, М. Нұртілеу өз сөзінде өңірлік транзит-көліктік өзара байланыс, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтарын атап өтті.Министр Қазақстан АӨСШК-тің бұдан әрі дамуына бейілді екенін растап, оның бірегей форматы мен географиясын ескере отырып, Кеңестің елеулі перспективалары мен зор болашағына сенім білдірді.Отырыс барысында қатысушылар мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясының 25-жылдығы туралы мәлімдеме, Сенім шараларын жүзеге асыру модальділігі туралы шешім, Сенім шараларының жаңартылған каталогы сияқты бірқатар құжаттарды қабылдады. Сондай-ақ АӨСШК мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің Серіктестік желісін іске қосты.Іс-шара қорытындысы бойынша мүше мемлекеттер АӨСШК-тегі қазақстандық төрағалықтың жұмысына жоғары баға беріп, Кеңесті институттандырудағы айтарлықтай жетістіктерін атап өтті.Іс-шараға Әзербайжан, Қытай, Пәкістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа да мүше мемлекеттер мен байқаушы елдердің сыртқы саяси ведомстволары басшылары, сонымен қатар БҰҰ, Халықаралық көші-қон ұйымы, Араб мемлекеттері Лигасы, ТүркПА, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, ШЫҰ, ЕЭК және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы сияқты 9 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/904444
Құдайберген Арымбек Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті 24.12.2024
2024 жылдың 17 желтоқсанында Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып өтті.«Электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі жылыту маусымында жұмыстың сенімділігін арттыру мақсатында 2024 жылы Рудный ЖЭО-ның № 4 қазандықта және № 1,3 2 турбинада, Қостанай ЖЭО-ның №1,2,4,5 4 қазандықта және № 1,2 турбиналарда, сондай-ақ, Арқалық ЖЭО-да биыл № 3 қазандықта және № 1,2 турбиналарда жөндеу жұмыстары жүргізілді»,- деп атап өтті вице-министр.Облыста электр энергиясының негізгі көзі Рудный ЖЭО болып табылады, оның белгіленген электр қуаты 267 МВт құрайды. Бұған қоса Қостанай облысына электр энергиясының жетіспейтін көлемі Екібастұз-Павлодар энергия кешенінен (Ақсу қ. «ЕЭК» АҚ) және Петропавл қ. («Севказэнерго» АҚ) жеткізіледі.Облыстағы ең ірі өңірлік энергия беруші компания «ЭПРК-Forfait» ЖШС болып табылады, оның активтерінде 11,9 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері және шамамен 3,2 мың кіші станция бар. Желілердің тозуы 80 %-ды құрайды.Биылғы жылы ұзындығы 21,1 км болатын 110 кВ әуе желісі мен Шығыс кіші станциясын салу жоспарлануда.Жобаның жалпы құны (10% жергілікті бюджетсіз) 3,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыру нәтижесінде Тобыл қаласы мен Мичуринское ауылының 26 мыңға жуық адамы сапалы және үздіксіз электрмен жабдықталатын болады.Сонымен қатар, өңірде жалпы қуаты 98,3 МВт ЖЭК-тің жұмыс істеп тұрған 3объектісі бар, оның ішінде қуаты 98 МВт болатын 2 жел электр станциясы және қуаты 0,35 МВт болатын 1 биогаз станциясы бар және жалпы қуаты 250 МВт болатын 4 жаңартылатын энергия көздерінің жобасы жоспарланған.Қостанай облысының газдандыру деңгейі 58,7 %-ды құрайды немесе 487 мың адам (835 мың адамның ішінен) табиғи газға қол жеткізе алады.Жобаларды іске асыру нәтижесінде 2024 жылы 5,3 мың адам табиғи газға қосымша қол жеткізе алады.2025 жылға «Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде газ тарату желілерін салу» жобасын аяқтау үшін 1 млрд 196 млн теңге қарастырылған.Есептік кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/904075
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай өндіру болжамы қайта қаралды 24.12.2024
2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 87,8 млн тоннаны құрайды. Болжамның төмендеуі бірқатар факторларға байланысты.Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Үкімет отырысындағы баяндамасынан:«Көрсетілген кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 80,5 млн. тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98%-ды (82,2 млн. тонна) құрады, оның ішінде мұнай-газ саласының ірі компаниялары бойынша:Теңізде көрсетілген кезеңде 25,9 млн.тонна мұнай өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,9%-ды (26,5 млн. тонна) құрады.Қашағандағы мұнай өндіру көлемі 15,8 млн.тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,8%-ды (17,1 млн. тонна) құрады.Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 11,1 млн.тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9%-ды (11 млн. тонна) құрады.Өткен жылмен салыстырғанда өндіру деңгейінің төмендеуіне 2024 жылы ірі кен орындарында күрделі жөндеулер жүргізу әсер етті: Теңізде Болашақ кеңейту жобасының жоспарланып отырған іске қосылуына байланысты мамыр және тамыз айларында жалпы ұзақтығы 50 күн жөндеу жүргізілді, Қашағанда 21 күнге толық тоқтаумен слаг-кэтчерді ауыстыру бойынша жөндеу жүргізілді (ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап толық қуатқа шығатын жоспарлы 39 күннің орнына, бұл үнемделген әрбір күн үшін 50 мың тонна өсім береді, бұл орташа есеппен 350 – 450 мың тоннаны құрайды).Бұдан басқа, Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор ГӨЗ газ қабылдауды шектеу, КҚК-ның жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға тоқтауы, сондай-ақ ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап (жыл соңына дейін) технологиялық ағынға будың ішкі ағуына байланысты Теңіз кен орнының екінші буын зауытындағы жөндеу жұмыстарына өндірістің төмендеуіне әсер етті.Осыған байланысты, биылғы жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 87,8 млн.тонна деңгейінде күтілуде.Жоспарлы өндіру көрсеткішіне қол жеткізбеу мұнай экспортына әсер етті.Мәселен, есепті кезеңде 63,2 млн.тонна мұнай экспортталды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,3% (64,3 млн. тонна)».Қазақстан сондай-ақ ОПЕК+елдерімен келісім бойынша міндеттемелерді орындауға міндеттенеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/904082
Қазақстан 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша газ өндіруді арттырды 24.12.2024
Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 53,8 млрд м3 газ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен жоғары.ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің үкімет отырысында жасаған баяндамасынан:«Газ саласына тоқталатын болсақ, Отын-энергетика кешенінің Ситуациялық талдау орталығының нақтыланған мәліметтері бойынша, есепті кезеңде 53,8 млрд.м3 газ өндірілді немесе өткен жылдың (53,7 млрд.м3) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2% құрады.Анықтама: Ұлттық статистика бюросы Отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдау орталығының алдын ала ақпараты негізінде 2-нен, ал министрлік 12-нен бастап жаңартылған деректерді пайдаланады.Есепті кезеңде 5,4 млрд.м3 тауарлық газ экспортталды, бұл өткен жылдың (5,3 млрд.м3) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,9% құрады.Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 18,2 млрд.м3 құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың (16,7 млрд.м3) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109%-ға орындалды.Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,75 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың (2,67 млн. тонна) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103%.Жалпы, 11 зауыт (ТШО, ЖГӨЗ, Атырау мұнай өңдеу зауыты, ҚазГӨЗ және т.б.) ішкі нарыққа сұйытылған газды қалыпты, жоспарлы түрде шығарады.Есепті кезеңде республика бойынша газ транзитінің көлемі 63,9 млрд м3 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес (52,7 млрд м3) кезеңімен салыстырғанда 121,3% құрады».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/904083
Қазақстанда мұнай өнімдерінің өндірісі 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өсті 24.12.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Үкімет отырысындағы баяндамасынан:«Ағымдағы жылғы қаңтар-қараша қорытындылары бойынша шамамен12,3 млн. тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,7% (12,1 млн. тонна), оның ішінде:- автобензин бойынша көрсеткіш 4,9 млн. тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 102,1%-ды (4,8 млн. тонна) құрады;- дизель отынын өндіру көлемі 4,9 млн.тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 104,3% ды (4,7 млн. тонна) құрады.Бүгінгі таңда Энергетика, Қаржы министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы қолданыста екенін атап өткім келеді, оның шеңберінде автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салынды (2025 жылғы 29 наурызда аяқталады).Авиаотын бойынша көрсеткіш шамамен 0,68 млн. тоннаны құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,4%-ға өсті (0,56 млн.тонна).Мазут өндірісіне келетін болсақ, оның көрсеткіші 1,8 млн.тоннаға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,7%-ға (2,1 млн. тонна) тең.Мазут өндірісінің төмендеуі мұнай өңдеу тереңдігінің 85%-дан 87%-ға дейін ұлғаюымен байланысты.Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 506,1 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (312,9 мың тонна) салыстырғанда 1,6 есе артық». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/904087
Энергетика министрлігінің басшысы электр энергиясын өндіру және жаңартылатын энергия көздері жобалары туралы мәліметтерді баяндады 24.12.2024
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің үкімет отырысында жасаған баяндамасынан:«Есептік кезеңде 106,7 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді немесе өткен жылдың (101,9 млрд кВт/сағ) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,7% құрады.Жаңартылатын энергия. Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаттылығы 2903,7 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 148 нысаны бар.Анықтама:- қуаты 1 409,55 МВт 59 жел электр станциясы;- қуаттылығы 1 222,61 МВт күн электр станциясының 46 нысаны;- қуаты 269,785 МВт 40 су электр станциясы;- қуаттылығы 1,77 МВт биогаз электр станциясының 3 нысаны.Ағымдағы жылдың 11 айында. жаңартылатын энергия объектілерінен электр энергиясын өндіру 6,4 млрд кВт/сағ құрады.Бүгінгі күні қуаттылығы 34,95 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері бойынша 3 жоба жүзеге асырылды.Анықтама: Ақмола облысында жалпы белгіленген қуаты 14,95 МВт жел электр станциясының 2 жобасы және Жамбыл облысында орнатылған қуаты 20 МВт күн электр станциясының 1 жобасы.Осы жылдың соңына дейін қуаттылығы 128,4 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің тағы 5 нысанын пайдалануға беру күтілуде.Ақтөбеде (ERG Capital Project ЖШС - 12,5 МВт), Маңғыстауда («Сарқылмас Қуат» ЖШС - 50 МВт) және Атырау облыстарында («Дивител» ЖШС - 48 МВт) жалпы қуаты 110,5 МВт 3 жел электр станциясы, жалпы қуаты 2 су электр станциясы Алматы облысында 17,9 МВт («ВЭС» ЖШС Толқын» – 3 МВт) және Жетісу ауданы («Басқан Пауэр» ЖШС – 14,9 МВт).Жобалар кешенді тестілеуге дайындық сатысында. Желіге алғашқы электр қуаты ағымдағы жылдың желтоқсан айында беріледі деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/904091
Қызылордада мәдениет қызметкерлері баспаналы болды 24.12.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Руханият жылы» аясында, Тәуелсіздік күніне орай мәдениет саласы қызметкерлеріне алғаш рет40 қызметтік жаңа пәтердің кілтін табыстады. Рәсімге зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы баспана бақытына кенелген қоныстанушыларды құттықтады.«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арманы, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ең қымбат қазынамыз. Қастерлі қазынаны қорғау, сақтау, оны мәңгі ету – баршамыздың парызымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еңселі ел болуымызға барлық саланың, түрлі мамандықтың өкілдері және барша азаматтарымыз біркісідей атсалысты» деген болатын.Қыркүйек айында Алматы қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндерін өткізуге атсалысқан өнерпаздармен, мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесуде сала мамандарына қызметтік пәтерлер берілетіні айтылған болатын. Міне, араға ұзақ уақыт салмай, «Руханият жылы» аясында, Тәуелсіздік күніне орай мәдениет саласы қызметкерлеріне алғаш рет 40 қызметтік жаңа пәтердің кілтін табыстаудамыз», – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, 2024 жыл өңірде «Руханият жылы» деп жарияланып, тек мәдени-көпшілік шараларға ғана емес, ауқымды жобаларға баса мән берілді. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығы» салынып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды.Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау үшін «Шығармашылық академиясы» салынуда. Жаңа нысандар келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі.Облыстың мәдениет мекемелерінің 25 қызметкері Италия, Беларусь елдерінде, еліміздегі белгілі өнер ұжымдарында біліктілігін арттырды. Мәдениет және өнер, әдебиет өкілдерін қолдау мақсатында өткен жылдан бері «Тұран» сыйлығы дәстүрлі түрде табысталуда.«Руханият жылы» аясында барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынуда. Алғашқы орталық Қармақшы ауданында пайдалануға берілді. Алдағы уақытта басқа аудандардағы орталықтар да іске қосылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/904445
Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасының қатысушыларына үй берілді 24.12.2024
Бүгін Тәуелсіздік күні аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасының қатысушыларына 40 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстады.Салтанатты рәсімге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен қала тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жаңа қоныс иелеріне ізгі тілегін білдіріп, өңірдегі ауқымды жобаларды атап өтті.«Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін мерейлі мереке аясында аймақ жастарына бес қабатты тұрғын үй пәтерлерінің кілтін салтанатты түрде табыстаудамыз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еңбек жолын енді ғана бастаған жастар бірден пәтер сатып ала алмайтыны түсінікті. Жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасау керек. Бұл – мемлекеттің басты міндетінің бірі» деп атап өтті.Жастардың тұрғын үйге мұқтаждығы мәселесін шешу үшін 2022 жылдың желтоқсан айында өткен облыстық жастар форумында алғаш рет «Сыр жастары» бағдарламасын несиелендіру жолымен жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Оған облыстық бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1,2 млрд теңге бөлінді.«Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны баспанамен қамту бағытында қолға алынған өңірлік тың жоба.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар халқымызда. Өз кезегінде бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыру үшін «Отбасы банк» 500 млн теңге қаржы бөлді. Мамыр айында 60 жас отбасы баспаналы болды. Бүгін міне 40 пәтердің кілтін табыстаймыз. Бұл қоныстой – басталған жұмыстың жалғасы. Бағдарламаға келесі жылға да облыстық бюджеттен қаржы қаралды.Шаңырақтарыңыз балалармен базарлы, құтты қонақтарымен ажарлы болсын!», – деді Н.Нәлібаев.Іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Биғали Каюпов батасын беріп, жаңа пәтер иесі, көпбейінді қалалық аурухананың жас маманы Салтанат Сейіткамал көрсетілген қолдауға алғысын жеткізді.Бүгін пәтер кілтін алған отбасылар қатарында ұстаздар, медицина мамандары мен бюджеттік мекемелер қызметкерлері бар.Айта кетейік, биыл облыс бюджеті 750 млрд теңгеге жетіп, тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд 100 млн теңге бөлінді. Өткен жылдан бері қалада жеті, тоғыз, он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттық жобалар аясында соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Жыл басынан бері 2000-ға жуық отбасы қоныстой тойлады, тұрғын үй құрылысы көлемі 126 пайызға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/904446
А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенттері халықаралық балет әртістері байқауының жеңімпазы атанды 24.12.2024
2024 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында А. Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында көрнекті қырғыз бишісі әрі балетмейстері Уран Сарбагышевтың 90 жылдығына арналған «Улуу-Элес» І Халықаралық балет әртістері байқауы өтті. Оған Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония және Қырғызстаннан келген балет әртістері, хореографиялық оқу орындарының студенттері мен балетмейстерлері қатысты.Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті:1 орын – Амина Батаева2 орын – Ақбота Абылқасенова3 орын – Томирис Ақын мен Алихан Нақысхожаев.Дипломанттар:Ирина Беккер, Анастасия Петина, Алишер Қасымхан, Арсен Ермеков.Ерекше марапат – Роберт Уразғильдеев пен Инга Левченко атындағы жүлде, оны Бубусара Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті тағайындаған. Бұл жүлдені Ирина Беккер мен оқытушы – Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Людмила Мунсекқызы Ли иеленді.Байқау балет өнерін дамыту мен насихаттауға, дарынды орындаушыларды анықтап, қолдауға, балет әртістерінің кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға, сондай-ақ балет саласындағы халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/904160
250 астам пәтер Талғар ауданы бойынша пайдалануға берілуі жоспарлануда 24.12.2024
Республикалық бюджеттен қаржыландыру арқасында бүгін Талғарда 50 отбасы жаңа пәтерлеріне қоныс аударды. Бұл мүмкіндікті Талғар ауданы құрылыс бөлімінің және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асыруға қол жеткізілді.Жаңа қоныс иелері арасында 10 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, оларға ыңғайлы жағдайда тәуелсіз өмір бастау мүмкіндігі берілді. Тағы 10 пәтер көпбалалы отбасыларға, соның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған немесе «Батыр Ана» атағына ие болған аналарға табыс етілді. Қалған 30 пәтер басқа да тұрғын үйге мұқтаж азаматтар арасында таратылды.«Бүгін біз үшін ерекше күн. Біз тек пәтер кілттерін алмаймыз, біз жаңа өмір бастау мүмкіндігін аламыз. Бұл көмек — қиын жағдайда жүрген адамдар үшін нақты қолдау. Біз өзіміздің бұрышымызды тауып, бақытты боламыз және болашаққа сенімді боламыз. Бұл бағдарлама тек бізге ғана емес, көмекке мұқтаж көптеген отбасыларға да көмектеседі деп сенеміз. Бұл бәріміз үшін жақсы өмірге қарай жасалған нақты қадам!» — деп атап өтті көпбалалы ана, жаңа пәтердің бақытты иесі Майра Баймурзаева.Бұл бастама тек тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, ауданның әлеуметтік тұрақтылығын және әділдігін нығайтуға да ықпал етеді. Әрбір пәтер — бұл тек баспана ғана емес, әрбір отбасы үшін жарқын болашаққа деген үміт. 2024 жылдың соңына дейін әлеуметтік осал топтардағы кезекте тұрған азаматтарға арналған тағы 47 пәтер сатып алу жоспарлануда.«Әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін шешу — біздің басымдығымыз. Бүгін 50 отбасы жаңа пәтерлерінің кілттерін алып, ертеңгі күнге деген сенімін нығайтты. Бұл Талғар ауданының барлық тұрғындары үшін қолайлы және әділ өмір сүру жолында жасалған қадамдардың бірі ғана. Сонымен қатар, Талғар ауданы бойынша алдағы алты ай ішінде 250-ден астам пәтер пайдалануға берілуі жоспарлануда»,- деді Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/904345
ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-МИНИСТР ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 24.12.2024
Бүгін ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай қаласында агроқұрылым басшыларымен кездесті.Мәжілісте «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев облыста атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша баяндама жасады. Биыл өңірде егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес босатылып, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде жүргізілді. Облыста 552 мың гектар суармалы жер бар. Бұл — республикалық көрсеткіштің төрттен бір бөлігі. 12 349 шақырымды құрайтын 3 147 канал, 42 су қоймасы, 1 256 қашыртқы, 1 794 дана ұңғыма бар.2024 жылы облыстық бюджеттен 9 су нысанын күрделі жөндеуге, 6 су нысанын механикалық тазалауға қаржы бөлінді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 42,4 мың гектар суармалы жердің мелиоративтік жағдайы және ағын сумен қамтамасыз етілуі жақсарады деп күтілуде.Су нысандарын салуды, қалпына келтіруді жеделдету үшін облыстық «Тұран су» мекемесінің де әлеуетін тиімді пайдалануға басымдық берілуде. Мекеме тарапынан облыстық меншіктегі қашыртқыларды механикалық тазалау нәтижесінде тозу көрсеткіші 80 пайыздан 10 пайызға төмендеді.Вице-министр ағын су арналары кезегімен жөндеуден өтетінін айтып, дихандарды су үнемдеу технологиясын меңгеруге шақырды. Су үнемдеу технологиясына көшкен шаруашылықтарға субсидия төленетінін, сонымен қатар бөлек тариф бекітілетінін жеткізді. Шаруалар көкейдегі сұрақтарын ортаға салып, ағын су мәселесіне қатысты өзгерістер туралы ақпарат алды.Кездесуден кейін ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жауапты мамандарға көтерілген мәселелерді заң аясында шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/904402
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 24.12.2024
Түлкібас ауданына қарасты Абайыл елді мекенінде заманауи медициналық пункт ел игілігіне берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек, аудан әкімінің орынбасары А.Нұрлыбай және аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Тоғайбекова арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.Нысанда қазіргі заманауи үлгідегі құрылғылар, егу бөлмелері, емшара және қабылдау бөлмесі бар. Сонымен қатар, аудандағы Шақпақ-баба, Мақталы және Тастыбұлақ елді мекендерінде заманауи медициналық нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Шақпақ-баба және Тастыбұлақ ауылындағы нысандардың құрылысы биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға берілмек. Ал Мақталы елді мекеніндегі нысан келесі жылға өтпелі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/904403
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРІЛК БЕКЕТ АШЫЛДЫ 24.12.2024
Тәуелсіздік күні Ордабасы ауданы, Қарабастау елді мекенінде фельдшерлік акушерлік бекеті ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Азат Оралбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қатысты.Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіне қарасты Қарабастау ауылының тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Ауылда заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары ем іздеп аудан орталығына бармай дертіне шипаны «Қарабастау-2» фельдшерлік-акушерлік бекетінен табатын болды. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған.Мыңнан аса тұрғыны бар ауылдағы фельдшерлік-акушерлік бекетте заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емдеу және қабылдау бөлмесі бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/904407