Құдайберген Арымбек Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті
24.12.2024 20:32:19 1317
2024 жылдың 17 желтоқсанында Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып өтті.
«Электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі жылыту маусымында жұмыстың сенімділігін арттыру мақсатында 2024 жылы Рудный ЖЭО-ның № 4 қазандықта және № 1,3 2 турбинада, Қостанай ЖЭО-ның №1,2,4,5 4 қазандықта және № 1,2 турбиналарда, сондай-ақ, Арқалық ЖЭО-да биыл № 3 қазандықта және № 1,2 турбиналарда жөндеу жұмыстары жүргізілді»,- деп атап өтті вице-министр.
Облыста электр энергиясының негізгі көзі Рудный ЖЭО болып табылады, оның белгіленген электр қуаты 267 МВт құрайды. Бұған қоса Қостанай облысына электр энергиясының жетіспейтін көлемі Екібастұз-Павлодар энергия кешенінен (Ақсу қ. «ЕЭК» АҚ) және Петропавл қ. («Севказэнерго» АҚ) жеткізіледі.
Облыстағы ең ірі өңірлік энергия беруші компания «ЭПРК-Forfait» ЖШС болып табылады, оның активтерінде 11,9 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері және шамамен 3,2 мың кіші станция бар. Желілердің тозуы 80 %-ды құрайды.
Биылғы жылы ұзындығы 21,1 км болатын 110 кВ әуе желісі мен Шығыс кіші станциясын салу жоспарлануда.
Жобаның жалпы құны (10% жергілікті бюджетсіз) 3,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыру нәтижесінде Тобыл қаласы мен Мичуринское ауылының 26 мыңға жуық адамы сапалы және үздіксіз электрмен жабдықталатын болады.
Сонымен қатар, өңірде жалпы қуаты 98,3 МВт ЖЭК-тің жұмыс істеп тұрған 3объектісі бар, оның ішінде қуаты 98 МВт болатын 2 жел электр станциясы және қуаты 0,35 МВт болатын 1 биогаз станциясы бар және жалпы қуаты 250 МВт болатын 4 жаңартылатын энергия көздерінің жобасы жоспарланған.
Қостанай облысының газдандыру деңгейі 58,7 %-ды құрайды немесе 487 мың адам (835 мың адамның ішінен) табиғи газға қол жеткізе алады.
Жобаларды іске асыру нәтижесінде 2024 жылы 5,3 мың адам табиғи газға қосымша қол жеткізе алады.
2025 жылға «Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде газ тарату желілерін салу» жобасын аяқтау үшін 1 млрд 196 млн теңге қарастырылған.
Есептік кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/904075