Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Ортағасырлық итальяндық маскалы театр Қарағанды сахнасында 16.11.2024
К. С. Станиславский атындағы театрында сахналанатын жаңа қойылымында шынайы әзіл бейнеленеді. Екі күн қатарынан, яғни 9 және 10 қарашада "Үш апельсинге деген махаббат" спектаклінің премьерасы өтеді. Ересектерге арналған ертегінің басты кейіпкерлері-дель арте комедиясындағы Маска кейіпкерлері.Қойылым орыс театр және кино актері Леонид Филатовтың сатиралық шығармасына негізделген. Бұл өзінің қиялымен және тапқырлығымен танымал итальяндық драматург Карло Гозцидің осы аттас ертегі пьесасының түпнұсқасы іспеттес.Спектакльдің қоюшы режиссері және К.С. Станиславский атындағы театрдың көркемдік жетекшісі Рача Махатаевтың айтуынша, бұл материалдың таңдалуы кездейсоқ емес.– Мен мұнда бір жыл бұрын келгенімде көп жанрлы театр құру идеясы болды. Яғни труппа бір маусымда әртүрлі жанрларда өнер көрсете алады. Біз "Алтын бұлт түнеді" пьесасын, "7" деректі пьесасын, "Табысты орын"классикалық драмасын қойдық. Енді бағытты мүлдем басқа арнаға яғни маскадағы актерді өткір және динамикалық тіршілігіне айналдыратын кез келді. Бұл комедияның маған ұнайтыны-оның батылдығы, сөздердің өткірлігі және жалған пафостың болмауы, – деп атап өтті Рача Махатаев.Спектакльде гипохондрик ханзада туралы баяндалады. Емделудің жалғыз жолы – үш сиқырлы апельсинді табу. Егер ханзада тапсырманы орындаса, ол өзінің ауруынан айығады.Спектакльге колорит беретін жарқын кейіпкерлер – жағымсыз маскалардағы персонаждар. Өзінің қиялынае туған бұл оқиға желісі өз бүгінгі күнге де өзекті болып қала береді.Спектакльдердің басталуы – 17:00.Жас шектеуі – 16+.Фото Анна СтроковаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879408
Қарағанды университеті Азиядағы үздік университеттер рейтингінің алдыңғы қатарында 16.11.2024
35 қазақстандық жоғары оқу орны 2025 жылғы QS Азия университеттері рейтингіне енді. Олардың қатарында қарағандылық үш университет бар.Биыл QS Азия рейтингіне 985 университет қатысқан. Бұл Үндістан, Қытай, Вьетнам, Тайланд, Тайвань, Малайзия, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея тәрізді елдердің оқу орындары. Бұл жолы тарихтағы ең үлкен қатысушылар саны тіркеліп отыр.Е. Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті өткен жылмен салыстырғанда 39 позицияға көтеріліп, 167-орынға ие болды. Азиялық рейтингке енген 35 қазақстандық университеттің ішінде ҚарУ үздік ондыққа енді.Айта кету керек, университет студенттердің шығыс мобильдігі көрсеткіші бойынша Азиядағы 50 үздік университеттің қатарына да енді. Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, жұмыс берушілер арасындағы беделі, академиялық беделі және студенттердің халықаралық академиялық мобильдігі көрсеткіштерін жақсартты.Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 264-орынды иеленсе, Орталық Азиядағы жоғары оқу орындары арасында 14-орынға көтерілді (барлығы 65 Орталық Азия университеті қатысты). Ал қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингінде бұл университет 10-шы орында тұрақталды.Қарағанды индустриалды университеті рейтінгінің 701–750 орнына тұрақталды.QS Азия университеттері рейтингі қазіргі таңда ең беделді. Ал университетті бағалау жүйесі (индикаторлары) білім сапасын бағалаудың әлемде мойындалған құралы ретінде саналады.QS университеттерді академиялық беделін, оқытушылар мен студенттердің арақатынасын, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу деңгейі бойынша бағалайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879609
«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі»: Астанада танымал тұлғалар оқушылар мен студенттерге дәріс өткізіп жүр 16.11.2024
Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес, Астана қаласы Полиция департаменті, Білім басқармасы, сондай-ақ мәдениет және спорт саласының танымал тұлғалары оқушылар мен студенттерге дәріс оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елорда мектептерінде «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында дәріс өтіп жатыр.«Сіз әлі 18 жаста болмасаңыз да, өз әрекеттеріңіз үшін жауап бересіз. Бірқатар қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Кісі өлтіру, ауыр және орташа денсаулыққа зиян келтіру, зорлау, ұрлық, тонау, бопсалау, ауырлататын бұзақылық – осы қылмыстардың барлығында 14 жастан асқан жасөспірім бас бостандығынан айырылу жазасын алуы мүмкін. 16 жасқа толған адамдар қылмыстың барлық түрі бойынша, соның ішінде есірткі мен қарудың заңсыз айналымы мен оларды сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер құқық бұзушы кәмелет жасқа толмаған болса, онда оның ата-анасы жауап береді», - деді Нұра ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Асқаров.№101 орта мектепте өткен дәрісте тәрбие, отбасы құндылығы, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу бойынша қабылданған шаралар, балалар арасындағы суицид, түнгі уақытта жалғыз қыдыру, ойын-сауық орындарына бару, қылмыс жасау және басқа да заңсыз әрекеттердің салдары, әлеуметтік желілердегі құқықбұзушылықты насихаттайтын ақпараттардың жастардың дамуына кері әсер ететіні туралы және т.б. өзекті мәселелер қамтылды.«Егер сізді біреу қуатын болса немесе қорқытса, адамдар көп жерге бару керек. Егер көлікке күштеп отырғызса, өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудару үшін қатты айқайлаңыз. Бейтаныс адам интернетте қорлайтын хаттар жазса, дереу ата-анаңызға хабарлауыңыз керек, оның хаттарына жауап бермеңіз және SMS жібермеңіз. Дос сұрауын қабылдамас бұрын, олардың профилін қарап, кім екенін анықтауға тырысу керек. Есіңізде болсын: кейде адамдар өздерін басқа адам ретінде көрсетеді және олардың шынайы ақпарат беріп жатқанын білу қиын», - деді Нұра ауданы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы Мейрам Талғатұлы.Қолданыстағы заңдарға сәйкес, 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.«Бұл ретте бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру, зорлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау, ұрлау, тонау, бопсалау, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық және т.б.) жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады. Осы қылмыстарды жасағаны үшін санкциялар 5 жылдан 20 жылға дейінге мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге қатысты топтасып төбелесу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу нәтижелері бойынша бұл істер шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетініне назар аударғым келеді», - деді инспектор Мейрам ТалғатұлыДәрістің мақсаты - жастарға қателіктерден қалай аулақ болу керектігін түсіндіру.Спикерлердің айтуынша, оқушылар әрқашан ата-аналардан, психологтардан, мұғалімдерден, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ 111 нөмірі бойынша немесе мектептерде орналастырылған QR кодтары арқылы көмек пен қолдау сұрай алады.«Белгілі бір жағдайларда оқушылар немесе студенттер елеулі заң бұзушылықтар жасағаны үшін заң аясында оның ісі қаралады», - деді Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.Айта кетсек, мұндай іс-шара елорда мектептері мен ЖОО-да желтоқсан айына дейін өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879600
2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы 5,5% деңгейінде өспек 16.11.2024
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 104,1%-ға дейін өсті. Бұл туралы қалалық экономика басқармасы хабарлады.«Алматының жалпы өңірлік өнімі жылдың бірінші жартысында 3,5%-ға өсті (Қазақстан бойынша – 3,2%). Экономиканың өсу драйверлері – көлік (+21,6%) және құрылыс (+11%) салалары болды. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша азық-түлік өнеркәсібіндегі өсім қарқыны қалпына келуде. Тамақ өнімдері өндірісінің индексі 2024 жылдың қаңтар айындағы 84,6%-дан 89,3%-ға, ал сусындар өндірісі 56,9%-дан 91,3%-ға дейін өсті», - деді экономика басқармасы.Сондай-ақ, қыркүйек айында іскерлік белсенділік индексі 53,4%-ға дейін артты. Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде, ал 2025 жылы 6,4% деңгейінде болады деп болжанып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879626
Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді 16.11.2024
9-10 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілері қатысады.Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.Өнімнің жалпы көлемі 280 тонна құрайды, оның ішінде:* Ет өнімі – 40 тонна;* Жеміс-көкөніс өнімі – 120 тонна;* Сүт өнімі – 60 тонна;* Балық өнімдері – 5 тонна;* Өзге өнімдер – 55 тонна.Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.Құрметті көлік иелері!Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 8 қарашада сағат 20:00-ден 10 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879630
33 ЖЫЛДА АЛҒАШҚЫСЫ: АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МЕДПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 16.11.2024
Жаңа нысан қазіргі заман талабына сай. Ауыл тұрғындарының қажетті медициналық көмек алуына барлық жағдай қаралған.Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққайың ауылындағы жаңа медициналық пункт Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жобаның құны – 237 млн.теңге.Пункте әзірге бір медбике жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы 3 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Мұнда тәулігіне 20 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Күндізгі стационар және физиотерапия кабинеттері тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ, скринингтен өтіп, уақытылы екпе алуға да жағдай жасалған.Бүгінде Аққайың ауылында 410 адам тұрады, басым бөлігі - аға буын өкілдері. 33 жылда заманауи әрі жаңа ғимаратқа қол жеткізген олар қуанып отыр. Ауыл тұрғындары медициналық көмекті ауылдық клуб ғимаратындағы арнайы бөлмеде алып келген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879604
Жыл басынан Балқаш көліне 13,5 текше шақырым су жіберілді 16.11.2024
13,5 миллиардов кубометров воды направили в озеро Балхаш с начала года через реку Или из Капшагайского водохранилища.В результате средний уровень воды в озере достиг 341,60 м по Балтийской системе.Около 70% воды в озере Балхаш формируется за счет трансграничной реки Или. В этом году средний водный сток на гидропосту Добын на границе с Китаем составил 384 кубометра в секунду, что на 17% больше показателя прошлого года.Отметим, что Министерство водных ресурсов и ирригации разрабатывает проект межправительственного соглашения по распределению трансграничных рек между Казахстаном и Китаем. Основная цель соглашения — обеспечить поступление объема воды, который позволит поддерживать озеро Балхаш на оптимальном уровне.«Мы провели 28 заседаний по трансграничным рекам с Китаем, Россией и странами Центральной Азии. По итогам переговоров в этом году в Капшагайском водохранилище впервые за последние 10 лет собрали более 18 млрд кубических метров воды и наполнили на 100%»,— сообщил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/879539
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Maqsut Narikbayev University студенттеріне дәріс өткізді 16.11.2024
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Maqsut Narikbayev University-де «Қазақстан – өңірлік білім беру хабы» тақырыбында дәріс өткізді. Министр Қазақстандағы жоғары білімді дамыту және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық туралы баяндады. Саясат Нұрбек министрліктің еліміздегі халықаралық университеттердің кампустарын салу үшін жағдай жасай отырып, Қазақстанды ірі академиялық хабқа айналдыруды жоспарлап отырғанын атап өтті. Ол биылғы жылы Қазақстанға оқуға 30 мыңға жуық шетелдік студент келгенін айтты. «Біз халықаралық университеттерді тартатын осындай экожүйені құра отырып, Қазақстанды академиялық орталық ретінде дамытуға ұмтыламыз. Мемлекет жер учаскелерін бөліп, басқа да ынталандыру шараларын ұсына отырып, бұл бастаманы жан-жақты қолдайды, бұл еліміз үшін экономикалық тұрғыда тиімді шешім болмақ», - деп атап өтті министр. Сондай-ақ министр Қазақстанның барлық студенттері үшін оқу бағдарламасының бір бөлігі болатын жасанды интеллект бойынша міндетті курсты енгізу жоспарлары туралы айтты. Google-мен бірлесіп әзірленген бұл курс цифрлық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және жастарды қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономика жағдайында жұмыс істеуге дайындайды. Қазіргі уақытта пилоттық курс еліміздің 14 университетінде іске қосылды, ал болашақта оны Қазақстанның басқа ЖОО-ларында кеңейту жоспарлануда. Дәріс соңында Саясат Нұрбек студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын қозғады. Академиялық ұтқырлықты арттыру, жас ғалымдарды қолдау және білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту сияқты тақырыптар талқыланды. Студенттер министрге өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алу және білім беруді дамытудың негізгі мәселелері бойынша министрліктің ұстанымымен танысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/879523
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаны құрады 16.11.2024
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 171,2%-ды құрады (2023 ж. - 269 мың тонна). Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалады.Оның ішінде:метил-терт-бутил эфирі – 37,3 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,6% (2023 ж. – 33,1 мың тонна);полипропилен – 241 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 156% (2023 ж. - 154,1 мың тонна);- бензол – 26,6 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 133% (2023 ж. - 20 мың тонна);- параксилол – 109,4 мың тонна 6 есеге ұлғайды (2023 ж. – 17,8 мың тонна);майлау материалдары – 46,2 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,2% (2023 ж. – 43,9 мың тонна).Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ЕО, ТМД, Қытай, Түркия, Ресей елдері болып табылады.Сондай-ақ салада қуаттылығы жылына 305 мың тоннаға дейін бутадиен және оның туындыларын, полиэтиленді өндіру бойынша жобалар іске асырылуда, іске қосу мерзімі 2030 жылға дейін жылына 1 250 мың тонна.Осылайша Министрлік мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға, яғни мұнай-газ-химиясы өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/879556
«ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҮРІС-ТҰРЫС ЕРЕЖЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 16.11.2024
Күн суытқанда қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігі арта түседі. Азаматтарды қысқы кезеңге дайындау мақсатында 2024 жылдың 8 қарашасында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Instagram парақшасында «Қысқы кезеңдегі жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында тікелей эфир өтеді. Эфир қысқы кезеңдегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін, жарақаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға үйренгісі келетіндерге, сондай-ақ аяз, толассыз қар және басқа табиғи құбылыстармен байланысты қауіп-қатерлер жағдайында дұрыс әрекет ету жолдарын білгісі келетіндерге пайдалы болады.Эфирдің спикерлері:Дидар Кажкенов — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы.Динара Нұрғалиева — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.Сарапшылар эфир барысында:Қысқы кезеңде үйде және көшеде жарақат алуды және төтенше жағдайларды болдырмау жолдары туралы;Қар құрсауы жағдайында және мұзды жолдарда қауіпсіз көлік жүргізудің ережелері туралы;Автомобильді және үйді қыс жағдайына қалай дайындау керектігі туралы;Боран, қарлы дауыл немесе қар көшкіні сияқты төтенше жағдайлар кезінде не істеу қажет екендігі туралы;Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік туралы басқа да маңызды кеңестермен бөліседі. Эфир қатысушылары эфир барысында тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болады. Сұрақтарды эфир басталмай тұрып посттың астында қалдыруға болады. Қысқы кезеңде өзіңіз бен жақындарыңызды қалай қорғау керектігін білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Тікелей эфир 8 қараша күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Instagram парақшасында өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879570
Отбасының цифрлық картасы арқылы жыл басынан бастап 202 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 16.11.2024
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 464,4 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 202,4 мың адам пайдаланды.Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі күнде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/879447
Skills Enbek платформасында 97 мыңнан астам қазақстандық оқыды 16.11.2024
2024 жылдың басынан бастап 97,5 мың азамат, оның ішінде 47,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 483,9 мың қазақстандық тіркелген, оның 122,5 мыңы – 2024 жылы тіркелді.Оқудан өткен 47,4 мың жұмыссыз азаматтың 14,6 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының жастары.Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 616 курс орналастырған, оның 281-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс.Қазақстан серіктестерінің курстары бар.Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.Қазан айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Введение в социальную работу», «Построение отдела продаж в отеле», «Кассир», «Основы социальной работы» және «Страховой агент».Платформада әлеуметтік қызмет көрсету, it-технологиялар, туризм және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтындағы «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы тікелей қол жеткізуге болады.Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу.Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.Алынған сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, прокторинг жүйесі қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны қарастырылған, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз.Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/879478
Әділет министрлігінде Лаура Мерсалимованың төрағалығымен Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 16.11.2024
Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимованың төрағалығымен өткен кеңеске ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.Ведомствоаралық комиссия отырысының күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:1. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылықжасаған ҚР Цифрлық кодексінің жобасы бойыншаҚР Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру2. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылықжасаған Қазақстан Республикасы «ҚР кейбірзаңнамалық актілеріне цифрландыру саласындағы өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасыбойынша ҚР Үкімет қорытындысының жобасынқарастыру3. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылықжасаған «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша ҚР Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру4. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған «Топырақты қорғау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша ҚР Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру5. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылықжасаған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша ҚР Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру6. «ҚР кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының реттеушілік саясаттыңконсультативтік құжатын қарастыру7. «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» ҚР Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қарастыру8. «Қазақстан Республикасының Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1206 қаулысынаөзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкімет қаулысының жобасын қарастыру.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Лаура Мерсалимова заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін комиссия мүшелеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар тиімді заң шығару қызметін қамтамасыз ету үшін, алдағы уақытта осы бағытта белсенді жұмыс жалғастыру қажеттілігін атап өтті.Ведомствоаралық комиссия заңнамалық актілердің жобаларын талқылау бойынша тиімді жұмыстарды атқара отырып, елдің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде қызметтерін жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/879481
Абай облысында инклюзивті білім беру кабинеттері ашылды 16.11.2024
Облыстың мектептерінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің желісі кеңейтілді. Семей қаласының №45 және №19 мектептерінде, Бесқарағай ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы мектеп пен Аягөз ауданы №1 мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жаңа 4 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды. Облыс бойынша инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің саны артты. Кабинеттерде 400-ге жуық бала білім алады.Бұл кабинеттердің негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқу барысында психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету.Инклюзивті білім беру кабинеттерінің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Оқушылардың ұсақ моторикасын дамытуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған арнайы құралдар қойылған. Әр кабинеттің жұмыс орны оқушыларға ыңғайлы етіп ұйымдастырылған. Сабақ кестесіне сәйкес психологтар, арнайы педагогтер және әлеуметтік педагогтер оқушыларға білім беру үдерісінде көмек көрсетіп, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.Облыстың 18 мектебінде барлығы инклюзивті білім беру 18 кабинет жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879384
Абай облысының делегациясы Татарстандағы Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты 16.11.2024
Абай облысының делегациясы Қазақстан Республикасының Татарстан Республикасындағы Бас консулдығының Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырған салтанатты қабылдауға қатысты.Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов және басқа да делегация мүшелері қатысты. Қабылдауға екі аймақтан саясаткерлер, іскер, ғылыми және дипломатиялық топ өкілдері, сондай-ақ белгілі мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879378
«Jańa Dala / Vet Astana '2024» Ветеринариялық саланы дамыту перспективалары талқыланды 16.11.2024
«Jańa Dala / Vet Astana '2024» жем-шөп және ветеринария бойынша халықаралық көрме аясында Қазақстанда ветеринария саласы мен мал шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы ҚазбекТәшімов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, отандық даму институттарының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің сарапшылары қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушылар ветеринария мен мал шаруашылығының өзекті мәселелерін, елдегі эпизоотиялық жағдайды жақсарту перспективаларын, соның ішінде процестерді цифрландыруды, ветеринариялық қызметтердің сапасын арттыруды және саланың жаңа сын-тегеуріндеріне дайындықты талқылады.Эпизоотиялық әсерді қамтамасыз ету-елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен мал шаруашылығын дамытудың негізгі факторы. Осы мақсатта Ауылшаруашылығы министрлігі 23 аса қауіпті ауруға қарсы вакцинация және аурудың 25 түрі бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізуде.Процестерді толық цифрландыруды және жергілікті жерлердегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты және дамыған ветеринария жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және биофармацевтикалық сектордың дамуын ынталандыру мақсатында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ құрылды.Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе және 2023 жылмен салыстырғанда 28,5% - ға бруцеллез, сібір жарасы және пастереллез сияқты аурулардың таралуы төмендеді.Қазақстанның бес өңірінде африкалық жылқы обасы, классикалық шошқа обасы және аусыл бойынша мәртебе қалпына келтірілді, Ресейге, Қытайға, Түркияға және Беларуське ет экспортына шектеулер алынып тасталды.«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ветеринарияның негізгі ақпараттық жүйесі жануарлардың қозғалысын және союын, ет сапасын бақылау үшін жаңа модульдермен, сондай-ақ жануарларды квоталар мен әкетуді бақылау функцияларымен толықтырылды. Болашақта өнімді «өндіруші-қайта өңдеу – нарық – тұтынушы» қағидаты бойынша сәйкестендіру үшін импорттық – экспорттық операцияларды цифрландыру көзделіп отыр.Барлық процестерді реттеу ветеринариялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған өзгерістерде көрініс табатын болады. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді белсенді түрде ұлғайтуда, бұл экономикалық экспорттық әлеуетті қалыптастырады. Оны іске асыру үшін тұтынушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған халықаралық стандарттарды сақтау талап етіледі.Дөңгелек үстел ветеринария саласындағы білікті мамандар арасында тәжірибе алмасудың, одан әрі ынтымақтастықты талқылаудың және жем-шөп пен жем-шөп нарығын кеңейтудің маңызды платформасына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/879381
Әрбір үйдегі қауіпсіздік акциясы 16.11.2024
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізді, оның шеңберінде 139 улы газ датчигі орнатылды.Тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттайтын роллаптар қолданылады және өрт сөндіргіш костюмдерінде пеш макеттері мен плакаттарда жылыту пештерін дұрыс пайдалану көрсетіледі. Сондай-ақ, «Өрт қауіпсіздігін аялдамасы» ұйымдастырылған, онда әрбір тұрғын пен жолаушы QR-кодты сканерлеп, жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерімен таныса алады. Еріктілер жылыту жүйесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырадыТЖМ тұрғындарға жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.«Қауіпсіздік - біздің таңдауымыз!»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879338
Астанада қар күреуге жүздеген жол жұмысшы мен техникалар жұмылдырылды 16.11.2024
Қаланың коммуналдық қызметтері ауысымдық режимде тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.7 қарашада түнгі ауысымға қала көшелерін қардан тазартуға 200-ге жуық жол жұмысшы мен 300-ден астам арнайы техника шықты.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 8 қарашада Астанада көшпелі бұлт, қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879359
Астанадағы баяу бұрқасын: елордалық ТЖД тұрғындарға үндеу жолдады 16.11.2024
Астанада қатты жел мен бұрқасын жалғасуда. Қалалық ТЖД жүргізушілерден қозғалыс кезінде өте сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты."Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 8 қарашада түнде қарлы боран күтілетінін хабарлайды. Түнде оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с болады", - деп ескертті құтқарушылар.Ведомство жүргізушілерге жолда өте мұқият болуды сұрады.Астана ТЖД азаматтарға қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:- ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);- балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;- егер сіз қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенді паналаңыз;- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;- қатты желде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;- жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879368
Digital Finance Day: ҚР Қаржы министрлігі цифрлы жобалар мен жаңа логотипті таныстырды 16.11.2024
Астанада мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудағы цифрландыру мәселелеріне арналған Digital Finance Day іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ауқымды жиын ҚР Қаржы министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, онда министрліктердің, мемлекеттік компаниялардың және банк секторының, соның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің, Halyk Bank, Kaspi Bank, Bereke Bank және басқа да қаржы институттары мен іскер топтардың өкілдері жиналды. Іс-шара кезінде азаматтар мен бизнестің мемлекеттік қызметтерді алудағы өзара байланысын жеңілдетіп, қаржы индустриясындағы цифрлы технологиялардың мүмкіндіктері талқыланды.Ведомство бірнеше жылдан бері мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ден қойып, цифрлы технологияларды белсенді түрде енгізіп келеді. Кейінгі үш жылда құзырлы орган мемлекеттік қаржы жүйесін әкімшілендіруді жеңілдетіп, жеке және заңды тұлғаларға арналған ыңғайлы сервистер құру бойынша көптеген цифрлық шешімді іске қосқанын айта кетейік. Аталған жобалар қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартып, мемлекеттік органдармен өзара байланысты қарапайым, жылдам және ашық қылуға мүмкіндік береді.«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше рет барлық салада цифрландыруды енгізудің маңыздылығын айтып, тиісті міндетті жүктеген-ді. Қазіргі әлемде цифрландыру кез келген экономиканың орнықты дамуының маңызды элементіне айналып отыр. Біздің міндетіміз – мемлекеттік қаржы жүйесінің және онымен байланысты барлық процестің қолжетімділігін күшейтіп, ашық және азаматтардың ыңғайлығына бағдарланған қызметті жолға қою», деді ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.Digital Finance Day аясында министрлік Салықтық әкімшілендірудің бірыңғай цифрлы платформасын, Smart Data Finance, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпарат жүйесін, Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинетін, Тауарлардың цифрлы каталогы мен E-Qazyna платформасы сынды бірнеше цифрлы өнімнің артықшылықтарын көпшілікке таныстырды. Бұл жүйелер салық төлеушілердің түрлі санаттарына, атап айтқанда заңды тұлғаларға, кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға – мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алып, сондай-ақ импорттан немесе өндірістен бөлшек саудаға және экспортқа дейінгі тауарлар тізбегін қашықтан бақылап, тәуекелдерді азайту мен ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар іс-шараға қатысып жатқан Halyk Bank, Kaspi Bank және Bereke Bank секілді банктермен интеграция арқылы Қаржы министрлігі бизнес пен халыққа арналған қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартып келеді. Министрліктің электронды қызметтері банктерге қызмет көрсету аясын кеңейтіп, ыңғайлы заманауи бизнес шешімдерді ұсынуға, сондай-ақ клиенттерге қауіпсіз әрі жайлы сервисті көрсетуге септігін тигізуде.«Digital Finance Day – тек идеялармен бөлісуді ғана емес, сонымен қатар жаңа серіктестіктерді тауып, іскерлік байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін алаң. Бірлескен жұмыс арқылы біз кез келген қиындықты еңсеріп, қоғамның мүддесіне бағытталған орнықты цифрлы қаржы инфрақұрылымын құра алатынымызға сенімдімін», деді Әсет Нұрланұлы.Мемлекеттік қаржы жүйесінің цифрлы трансформациясының қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыруда септігі мол. Бұл арқылы отандық бизнестің өрісі кеңейіп, азаматтардың бақуаттылығы арта түседі. Қаржы министрлігінің жобалары шешім қабылдау кезінде адами фактордың алдын алуға, сыбайлас жемқорлықты азайтып, манипуляциялық мүмкіндіктерді болдырмауға бағытталған. Сәйкесінше осы арқылы азаматтар мен бизнестің мемлекеттік жүйеге деген сенімі нығаяды.Бұдан бөлек іс-шара кезінде ҚР Қаржы министрлігінің жаңа логотипі таныстырылғанын айта кеткен орынды. Ол ведомствоның цифрлы дәуірдегі инновациялар мен орнықты дамуға деген ұмтылысын бейнелейді. Сонымен қатар бас қаржы органның таңбасы дәстүр сабақтастығы мен заман ағымына қарай өрлеудің мәнін айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/878924