Жаңалықтар
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар шолу 16.11.2024
28.10.АСТАНАҚазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді. Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.МАҢЫЗДЫ: Министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Бұдан бөлек, Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.29.10.АСТАНАҚазақстан мен Испания су инфрақұрылымын салу және маман даярлау бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын. Нұржан Нұржігітов Испанияның 1000–нан астам құрылыс компанияларын біріктіретін Испан өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті.НӘТИЖЕСІНДЕ: Өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, испандық құрылыс компаниялары Қазақстанның су шаруашылығы нысандарында жұмыс істеуге ниетті. Сонымен қатар, сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.01.11.АСТАНАҚазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселелері бойынша келіссөз жүргізуде. Нұржан Нұржігітов ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті.ӨЗЕКТІ: Келіссөздер барысындағы басым бағыттың бірі - трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі. Ол үшін құрамына қос тараптың сарапшылары кіретін арнайы жұмыс тобы жасақталған. Басты мақсат - Іле-Балқаш бассейнін сумен тұрақты қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мен туризмді дамыту болып табылады.28.10.АСТАНАРеспублика күніне орай Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Қоғамдық кеңес құрылған күнінен бері Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген 13 нормативтік құқықтық актіге сараптамалық баға берді.30.10.АСТАНАЕліміздің су қоймалары су тасқыны кезеңіне дайындалуда. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі су қоймалары келесі жылғы суару маусымына су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Ал, солтүстік, батыс және шығыс облыстардың қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін жасалады.31.10.ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫЖетісу облысында 200 шақырымнан астам канал тазартылды. Бұдан бөлек, 22 гидротехникалық құрылыс пен 21 гидрометриялық бекет жөнделді.01.11.ШҚОШығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Облыста 2,8 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен суарылады.ЕСКЕ САЛСАҚ: Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамтып, жылына 2,2 текше шақырымға дейін су үнемдеуге ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/876418
Каспий теңізіне шамамен 17 миллиард текше метр су жіберілді 16.11.2024
Жыл басынан бері Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 16,7 миллиард текше метр су жіберілді.Толығырақ, Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны9,46 текше шақырымды құрайтын. Бірақ, биылғы жылы су көлемі орташа жылдық нормадан асып түсті.Айта кетейік, өзен ағыны Ресейдегі Ириклин су қоймасынан жіберілген су көлеміне байланысты қалыптасады.«Жыл басынан бері Министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінен келген әріптестерімен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша 28 кездесу өткізді. Су тасқыны кезеңінде су көлемін реттеу бойынша келіссөздер күшейтілген режимде жүргізілетін болады»,- деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/876433
Қазақстандықтар Ливаннан аман-есен оралды 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 4 қараша – Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды.Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/876384
Қазақстанда IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa іске қосылды 16.11.2024
Цифрлық даму министрлігі халықаралық мамандарды тарту және Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған Digital Nomad Visa (DNV) бағдарламасының іске қосылғаны туралы жариялайды. Бұл виза әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтер мен жоғары деңгейлі жайлылықты пайдалана отырып, өмір сүру және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Digital Nomad Visa IT-мамандарға арналған, Қазақстанды қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсынады. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық цифрлық қызметтер және бизнесті жүргізудің жеңілдігі маңызды кәсіби мамандарды тартуға бағытталған.Digital Nomad Visa артықшылықтары:- Икемді визалық режим: Визаны беру және ұзарту рәсімдерінің жеңілдетілуі.- 5G және спутниктік байланысқа қолжетімділік: Ел аумағында тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.- Жергілікті мәдениетпен интеграция: Бейімделуге, тұрғын үй іздеуге және кәсіби байланыстар орнатуға көмек көрсету.- Мемлекеттік қолдау: Бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі.«Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді»,- деп Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атап өтті.Digital Nomad Visa бағдарламасы қазірдің өзінде қолжетімді және Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге бірегей мүмкіндіктер береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/876382
Қазақконцерт әртістері Чехияда өнер көрсетті 16.11.2024
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Чехияның ең беделді сахналарының бірі – «Рудольфинум» концерт залында өнер көрсетті. Әлемнің белді сахналарының бірінде қазақстандық және әлемдік классикалық музыканың жауһарлары орындалды.Концерт халықаралық аренада еліміздің мәдени имиджін нығайту және Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Рухани кеш – екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылыстың айқын көрінісі.Еліміздің жетекші музыкалық ұжымдарының бірегейі – Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген кәсіби музыканттардан құралған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876363
Күн саны 16.11.2024
Ақмола облысында 700-ден астам кәсіпкер «Халық бухгалтері» акциясы аясында бухгалтерлік есеп, салық есептілігі, ақпараттық жүйелер бойынша тегін консультациялық көмек алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1206052?lang=kk
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ ЖИІЛІГІ ЕКІ ЕСЕ ТӨМЕНДЕДІ 16.11.2024
Қазақстанда 2024 жылдың соңғы 10 айында сібір жарасымен сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе төмендеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Ағымдағы жылы барлығы 17 жағдай тіркелді.Сібір жарасы - бұл ауыл шаруашылығы жануарларына және жабайы аңдарға, сондай-ақ адамдарға әсер ететін аса қауіпті инфекциялық ауру. Ауру көбінесе ауыр ағыммен өтеді және өлімге әкелуі мүмкін. Ол септикалық, ішек және өкпе түрін қоса алғанда, тері немесе жалпыланған түрде өтеді. Сібір жарасының қоздырғышы - топырақта жылдар бойы сақталатын сібір жарасы микробы. Инфекция ауру жануарлармен, олардың етімен және мал өнімдерімен, сондай-ақ топырақ арқылы байланыс болған кезде туындайды.«Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, бірақ көбінесе симптомдар инфекциядан кейін 3-6 күннен кейін пайда болады. Оларға жалпы әлсіздік, жоғары температура, лимфа түйіндерінің ісінуі және жүрек соғуының жоғарылауы жатады. Адам сібір жарасы ауруымен ауыратын жануарлардан жұқтыруы мүмкін, оларға ірі қара мал, жылқы, есек, қой, ешкі, бұғы, түйе жатады», - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы.Инфекция жануарларға күтім жасау, сою, етті өңдеу кезінде, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерімен - тері, мех бұйымдары, жүн, қылшықтармен жұмыс істеген кезде болуы мүмкін. Бұл жағдайда споралар жылдар бойы, соның ішінде топырақта да сақталуы мүмкін. Жермен байланыс арқылы споралар терідегі микрожарақаттарға түседі, бұл сібір жарасының тері түрінің дамуына әкеледі.«Тері түрі сібір жарасының барлық жағдайларының басым көпшілігін (98-99 %) құрайды. Аурудың карбункулозды түрі жиі кездеседі, оның айналасында қызыл түсті айқын қабынған шеңбер түріндегі қара, ауыртпалықсыз тығыз қотыр пайда болады. Сібір жарасының алдын алу үшін жеке ауыл шаруашылығы малы бар адамдар жеке гигиена шараларын сақтауы, жануарларды вакцинациялауы, ветеринариялық куәландырусыз ауру (өлген) жануарларды өз бетінше союды ұйымдастырмауы қажет», - деп ҰҚДСО-да ұсынымдар берді.Ет және ет өнімдерін санитариялық-ветеринариялық бақылау жоқ белгісіз жерлерде сауда жасайтын жеке тұлғалардан сатып алуға болмайды. Базарларда ет сатып алу кезінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын «ветеринариялық қорытынды» талап етілуі керек. Мал шаруашылығы шикізатын өңдеумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын жұмысшылар жеке гигиена және алдын алу шараларын сақтауы қажет.Бұл қауіпті инфекцияның алдын алудың маңызды шарасы - жануарларды вакцинациялау.Ет комбинаттарының қызметкерлеріне, ветеринариялық қызметкерлерге, сібір жарасының қоздырғышымен жұмыс істейтін зертханалардың қызметкерлеріне вакцинамен профилактикалық егулер алу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/876389
Қазақстанның жас боксшылары әлем чемпионатында топ жарды 16.11.2024
22 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті аяқталды. Біздің құрама осы турнирде алғаш рет жалпы есепте бірінші орын алды.Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 алтын, 1 күміс, 10 қола. Алтын медаль алғандар:Боранбек Бексұлтан (51 келі)Төрехан Сабырхан (67 келі)Өнер Сейілхан (71 келі)Санжар-Али Бегалиев (75 келі)Елянур Турганова (50 келі)Аружан Зейноллаева (81 келі) Жалпы есеп:1. Қазақстан — 6 алтын, 1 күміс, 10 қола2. Өзбекстан — 5 алтын, 5 күміс, 3 қола3. Ресей — 5 алтын, 2 күміс, 1 қола4. Қытай — 3 алтын, 3 күміс, 4 қолаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/876297
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 16.11.2024
Бокс: Болгарияда өткен 76-шы «Странджа кубогі» турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Ұлттық құрама мүшесі Төрехан Сабырхан турнирдің үздік боксшысы атанды.Конькимен жүгіру: Ұлттық құрама спортшысы Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды.Көркем жүзу: Франция астанасы Париждегі Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде отандастарымыз бір алтын, екі күміс жүлде олжалады.Брейкинг: Индонезияда ұйымдастырылған Fresh Mo Jam халықаралық рейтингтік турнирінде Диас Әубәкіров топ жарды. Ол финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Виктор Монтальводан басым түсті.Күрес: Албания астанасы Тиранада өткен рейтингтік турнирде Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль еншіледі.Дзюдо: Ташкенттегі (Өзбекстан) Grand Slam жарысында Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды.Фристайл-могул: Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко қола медальға қол жеткізді. Анастасия кіші финалда америкалық Тесс Джонсоннан озып кетті.Таэквондо: Болгария астанасы Софияда өткен Bulgaria Open G1 турнирінде Қазақстан командасы 1 алтын, 5 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді.Су добы: Қытайдың Чжаоцин қаласында мәресіне жеткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/949523
ҚР АШМ: Жаңа егіннен алынған астықты сақтауға арналған элеваторлардың бос сыйымдылығы 7,6 млн тонн 16.11.2024
Бүгінгі таңда орташа өнімділігі 16 ц/га болған жағдайда, 26,6 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды.Республикадағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30 миллион тоннаны құрайды, бұл ағымдағы жылдың астығын сақтауға қажеттілікті толығымен қанағаттандырады.Лицензияланған астық сақтау қоймаларын пайдалану коэффициенті 42%, бос көлемі 7,6 млн. Негізгі астықты аймақтарда бос қуат көрсеткіштері де тұрақты деңгейде:Қостанай облысы: 1,6 млн тонна бос көлем;Солтүстік Қазақстан облысы: 1,8 млн тонна бос көлем;Ақмола облысы: 2,5 млн тонна бос көлем.Министрлік астықты үздіксіз қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.Премьер-Министрдің орынбасары С.М.Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жедел штабта берілген тапсырмалар аясында бұрын пайдаланылмаған лифтілерді пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.Солтүстік Қазақстан облысында сыйымдылығы 74,6 мың тоннаны құрайтын «Ащыкөл элеваторы» ЖШС, Қостанай облысында «Олжа Денисовское 1» ЖШС-нің сыйымдылығы 173 мың тонналық элеваторы іске қосылды. Қазіргі уақытта астық қабылдау жүріп жатыр.Ағымдағы сақтау сыйымдылығы егін жинау мен сақтауды тиімді басқару үшін жеткілікті. Лифттердің жұмысы тұрақты бақылауда.Астық сақтауға немесе элеваторлардың жұмысына қатысты сұрақтарыңыз болса, ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласуыңыз керек:Қостанай облысы:- облыс әкімінің орынбасары Әбенов Арман +7 (7142) 575-010- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бекмұхамедов Ибрагим +7 (7142) 54-27-95Солтүстік Қазақстан облысы:- облыс әкімінің орынбасары Марат Тасмағанбетов +7 (7152) 46-46-84- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Токужинов Даурен +7 (7152) 53-36-20Ақмола облысы:- облыс әкімінің орынбасары Балпан Мұрат +7 (7162) 29-72-80- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әлімжанов Кеңеш + 7 (7162) 72-28-00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/876339
Мүгедектікті белгілеу бойынша 77 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 16.11.2024
2024 жылдын басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 77,2 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.2023 жылы 76,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын құрайды.Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.Сырттай куәландыруға көшу:- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/876255
4-10 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 16.11.2024
🔹29 қазан – 9 қараша – Шахматтан әйелдерарасындағы МТ FIDE Women’s Grand Prix 2024 турнирі. Турнирге әлемнің 6 елінен (Қазақстан, Қытай, Үндістан, Германия, Грекия, Болгария, Моңғолия) ең мықты 10 шахматшы қатысады. Қазақстанқұрамасы сапынан Бибісара Асаубаева өнеркөрсетеді.Өтетін орны: Шымкент қ.🔹30 қазан – 7 қараша – Арбадағы теннистенГрекия ашық чемпионатыЖарысқа 12 елдің 50-ден астам спортшысықатысады. Олардың арасында Қазақстанның да өкілдері бар.Өтетін орны: Грекия, Афина қ.🔹30 қазан – 7 қараша – Джиу-джитсуданересектер арасындағы әлем чемпионатыЖарысқа әлемнің ең үздік спортшыларықатысады.Өтетін орны: Грекия, Афина қ.🔹31 қазан - 6 қараша – Ә.Асқаровты ескетүсіруге арналған ересектер арасындағы көкпарданреспубликалық ашық турнир. Жарысқа еліміздіңбарлық өңірі мен Астана, Алматы қалаларынан 150 спортшы қатысады.Өтетін орны: Шымкент қ.🔹1-5 қараша – Президенттік көпсайыстан ҚР кубогі. Жарысқа 15 өңірден 120 спортшы қатысады.Өтетін орны: Петропавл қ.🔹1-6 қараша – Голболдан ҚР чемпионатыЖарысқа алты өңірден 45 спортшы қатысады.Өтетін орны: Алматы қ.🔹1-7 қараша – Садақ атудан халықаралық турнир. Қазақстан құрамасы: Жантеміс Жұбаев, Дмитрий Ким, Мадина Бекметова, МансұрӘлімбаев, Мерей Жақып, Жанель Өмірзақова.Өтетін орны: Өзбекстан, Самарқанд қ.🔹1-8 қараша – Индорхоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты (III-IV тур)Сайысқа 12 өңірден 100 спортшы қатысады.Өтетін орны: Жетісу обл.🔹1-8 қараша – Тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатыСайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 280 спортшықатысады.Өтетін орны: Семей қ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/876211
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 16.11.2024
28 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша Астана-Қонаев-Түркістан бағытында пресс-тур басталған болатын.Жоба аясында Түркістан өңіріне іссапармен келген экспедиция делегаттарымен бірқатар іс-шаралар өтті.Жоба мақсаты – Қазақстан этностары өкілдерінің достығы мен татулығын, келісімін дәріптеу, ҚХА 30 жылдығына орайластырылған тақырыптық имидждік бейнероликтер түсіру. Блогерлер мен экспедицияның басқа да қатысушыларын этномәдени мұраның байлығымен, түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының этникалық тегіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді үйренуіне бағытталған жобаларын ақпараттық сүйемелдейді.Бірінші бағыт бойынша экспедиция мүшелерінің құрамында БАҚ-тың жетекші өкілдері – белгілі тележүргізушілер Надежда Палинка, Аделия Тухбатова, блогерлер – Алина Кан, Расул Серіков, Әділет Доқтырбек, қазақ тілінің жанашырлары Анастасия Нұғұманова, Анеля Пимичева, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері Рустам Қайрыев, Адам Бойсаев бар.Пресс-тур аясында экспедиция мүшелері Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйімен» танысты. Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұжымымен және облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесті. Кездесуде өңірде этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұдан соң экспедиция мүшелері этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған «Кім білгір?» интеллектуалды ойынын көріп, «Татулық – табылмас бақыт» пікірталас алаңында сұхбат құрды.Пресс-турға қатысушылар бүгін «Достық үйінде» түрік, ұйғыр, шешен-ингуш, татар-башқұрт этностарының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі іс-шарасына қатысты. Сондай-ақ жоба аясында рухани шаһарда ұлттық киім үлгілерінің таныстырылымы мен ұлттық қолөнер және тағамдар бойынша мастер-класс өтеді.Айта кетсек, пресс-турға қатысушылар Астана-Павлодар-Өскемен бағыты бойынша сапарын жалғастырады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/875556
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ 16.11.2024
Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр. Келелі басқосуға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты.Форумның пленарлық сессиясы әрі қарай тақырыптық панельдік отырыстарға жалғасты. «Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы – 2025» тақырыбында өткен сессияда Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов форумның маңыздылығына тоқталып, Түркістан облысы туризм саласында жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті.– Түркістан облысы – Ұлы Жібек жолының тарихи, әрі мәдени орталығы. Аймақтың мәдени, тарихи және табиғи байлықтары шетелден келетін туристердің қызығушылығын жылдан-жылға арттырып келеді. Бүгінгі форумды пайдалана отырып, біз Қытай Халық Республикасымен инвестициялық және туристік әріптестікті дамытуға үлкен үміт артып отырмыз. Өткен жылы екі елдің Мемлекет басшыларының «Визасыз режимді» қабылдаған сәтінен бастап туризм саласындағы байланыстар нығая түсті. Қытайдағы Қазақстанның туризм жылы аясында бірқатар туристік көрмелерде, роуд-шоуларда облыстың туристік әлеуеті таныстырылды және бірқатар келіссөздерге қол жеткізді. Келесі жылы Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы аясында туризм және авиация салаларында көптеген бірлескен жобаларды іске асыруға дайынбыз. Жаңа туристік бағыттарда рейстерді ашу, бірлескен туристік маршурттарды жүзеге асыру, туризм және авиация саласындағы инвесторларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Әрбір жоба біз үшін маңызды және сіздермен бірге жаңа бастамаларға қол жеткіземіз деп үміттенемін, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.Республика бойынша Түркістан облысы туристер үшін маңызды TOP туристік әлеуетке ие. Атап айтсақ, республикалық маңызы бар ескерткіштер бойынша бірінші орында, емдік-сауықтыру туризмі нысандарының саны бойынша бірінші орында тұр. Республика бойынша туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі бойынша үшінші орынды алады. Облыста ЮНЕСКО-ның үш бірдей нысаны бар.Туризм саласын дамыту мақсатында өңірге соңғы 5 жылда 800 млн. доллар инвестиция тартылды. Жылдан-жылға жаңа туристік жобаларды іске қосу арқылы шетелдік туристердің санын арттыру көзделіп отыр. Ол үшін, Түркістан қаласында ұлттық қолөнерді насихаттау және туристерге бірегей кәдесыйларды ұсыну мақсатында алаңы 2,5 гектарды құрайтын «Қолөнер қалашығы» жобасын келесі жылы іске қосу жоспарлануда.Облыс әкімдігі туризмді дамыту және туристік инфрақұрылымдарды жақсарту үшін қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ өңірдің халықаралық көлік логистикасына баса назар аударылып отыр. Өңірдегі жаңа халықаралық әуежай өз қызметін көрсетуде. Қазіргі әуежай – әлемдік стандарттарға сәйкес, ИКАО-ның 1-санаты бар жаңа нысан.Облысқа келетін шетелдік туристер үшін халықаралық әуежайдың ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазір уақытта туристік чартерлік рейстерді ашу бойынша да келіссөздер жүргізілді.Сессияда «Dalaman Airport» халықаралық әуежайының директоры Хамди Гювенч, Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов, «Kazakh tourism» ұлттық компаниясы жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры Тұрсын Әлішер, Hubei miaoshang Group Industrial Co Ltd. төрағасы У Цзяньмяо, Wuhan Xinyatu International Travel Agency Co. Ltd. бас директоры Ван Ся баяндама жасап, өз ұсыныстарын айтты. Отырыста спикерлер өңірдің туристік әлеуетін арттыру, заманауи инфрақұрылымды құру және екі ел арасындағы туристік қарым-қатынасты нығайту бағытында бірге жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/875558
ТҮРКІСТАН: «TITF – 2024» ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ 16.11.2024
Түркістан қаласында «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы өтуде. Маңызды шарада салалық тақырыптар бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Форумға қатысушы ҚХР және еліміздің бизнес сапаршылары мен көшбасшылары өздерін қызықтырған сала бойынша сессияларға қатысып, тәжірибе бөлісті. Өзара пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.«Цифрлық трансформациялар» тақырыбында өткен панельдік сессияда қатысушылар Түркістан облысының цифрлық дамуы туралы өз ойларын ортаға салды. Отырысты «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрайымы Азиза Шужеева жүргізіп отырды.Кездесуде алғысөз алған Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов форумға қатысушыларға алғысын жеткізіп, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Жаңа идеялар мен бастамалар Түркістан қаласын инновациялық дамыған қала ретінде қалыптастыруына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Өңірде цифрландыру саласын дамыту үшін инвестициялық алаңдарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.Сессия барысында «Hikvision» компаниясының директорының орынбасары Тимон Ма, «Hikvision» компаниясының «Қауіпсіз қала» бағытының басшысы Құмбасов Алмас, «Intelligent flight technology» компаниясының Басқарма төрайымы Данся Сю, «Hainan business» компаниясының Басқарма төрағасы Цай Тунсин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Надир Құрымбаев,«Astana Hub» компаниясының бас директорының кеңесшісі Данабек Қалиаждаров, Өзбекстан Республикасындағы «School 21» мектебінің бас директоры Зарина Лухманова, «Alaqan technologies» компаниясының басқарушы директоры Аслан Төлегенов өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков өңірде бастау алған «Alaqan» жобасының тиімділігі туралы айтты. Екі елдің бизнес және жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға серпін беретін перспективалы жобаларды талқылады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған Жолдауында цифрландыру және елімізде инновацияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. IT саласындағы білікті мамандарды даярлау арқылы Қазақстанды IT елге айналдыру стратегиялық міндетінің маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта Түркістан облысында қарқынды жұмыстар жүргізіліп, жаңа бастамалар қолға алынған.Халық тығыз орналасқандықтан, аймақ үлкен кадрлық әлеуетке ие. Түркістан қаласында «Тurkіstan IT hub» орталығы ашылды. Бұл – IT саласындағы кәсіпкерлердің, жас мамандардың, инвесторлардың ынтымақтастығы үшін жағдай жасалған ашық алаң. Мұнда стартаптарды дамытуға, идеяларды іске асыруға толық мүмкіндік бар.Бұдан бөлек, Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалы ашылмақ. «Вусонг» университеті жаңа білім беру стандарттарын әкеліп қана қоймай, сонымен қатар аймақ экономикасының дамуына ықпал ететін инновациялық жобаларды құрудың бастамасы болады.Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық ІТ компания өкілдерімен технологиялық парк ашу туралы келіссөздер жүргізген болатын. Келіссөздер нәтижесінде құрылысы жоспарланып отырған технологиялық парк аймақтың экономикалық және индустриялық дамуы үшін стратегиялық маңызды жобалардың біріне айналмақ. Жоба шеңберінде электроника, компьютерлік жабдықтар, электр жабдықтары, оптикалық кабельдер, тұрмыстық техника және электромобильдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету орындарын, сондай-ақ электромобильдерге арналған қуаттау станцияларын құру көзделіп отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/875561
Сырдария ауданы, Бесарық ауылының тұрғындары да акцияға қарқынды үлес қосуда 16.11.2024
Бесарық ауылында «Таза Қазақстан» акциясына ауыл тұрғындары мен ауылдағы шаруашылық құрылымдары белсене атсалысуда. Ауыл инвесторы «Абай-Дәулет» ЖШС-і ауылды аббатандыру шараларына белсене қатысуда.Меценат «Абай-Дәулет» ЖШС басшысы Мұрат Сәрсенбаевтың демеушілігімен ауылды қарқынды абаттандыру жұмыстары жүргізілді, – дейді ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы А.Ақжігітов.– Біздің Бесарық қазір бау-бақша іспетті, айналасы жасыл желекке оранған, гүлдері мен жас ағаштары жайқалып тұр. Серіктестік ауыл тұрғындарына жайлы демалыс орнын жасау мақсатында орталық алаң мен көшелерді абаттандырды. Бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылды, жаңа өндіріс орындары ашылды. Осының барлығы ауыл тұрғындарының көңіл-күйіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына оң әсер етуде.Экологиялық акция басталғалы Сырдария ауданында ауқымды жұмыстар атқарылды. Каналдар мен су қоймалары, қарт ауыл тұрғындарының аулалары, көптеген әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың аумақтары қоқыстан тазартылды. Мыңдаған ағаштар отырғызылды. Біздің еріктілеріміз де туған жердің тазалығы үшін өзгелерге үлгі боларлық.Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан,294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/861563
Жамбыл облысында ірі цемент зауытының өндірістік желісі іске қосылды 16.11.2024
Жамбыл облысы Қордай ауданында цемент өндіретін ірі кәсіпорынның клинкер өндіру желісі өз жұмысын бастады. Бұл Орталық Азиядағы ең заманауи және қалдықсыз жұмыс істейтін бірегей жобалардың бірі. Өндіріс ошағын іске қосу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, «Korcem» зауытының басшылық құрамы мен қызметкерлері, құрылыс жұмыстарын жүргізген компания өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жобаның өңір экономикасы үшін маңыздылығын айрықша атап өтті. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде бірқатар инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асып, ірі өндіріс ошақтары бой көтеруде. Қордай ауданында құрылысы аяқталған «Korcem» цемент зауыты соның нақты бір дәлелі. Ауқымды жобаның клинкер шикізатын өндіру желісі іске қосылды. Бұл цемент зауыты өңір экономикасын өркендетуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосады. Жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал етеді, – деген аймақ басшысы өндірістің үздіксіз жұмыс істеуі үшін билік тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетілетінін хабарлады. Айта кетейік, кәсіпорынның құрылысын сингапурлық «Alacem» компаниясы жүргізді. Жобаға 50 млрд.теңге инвестиция салынған. Өндіріс ошағының жылына 1,5 млн.тонна цемент әзірлеуге қауқары бар. Бүгінде 400-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылып отыр. Алдағы уақытта жұмыс күші екі есеге дейін артады деп күтілуде. «Korcem» цемент зауыты келер жылы толық қуатына шығады деп жоспарлануда. Бүгін іске қосылған өндірістік желіде тәулігіне 3 500 тонна клинкер (құрамында 90% цемент бар шикізат) әзірленеді. – Бүгін зауыттың «жүрегін», яғни негізгі өндірістік бөлігін іске қосып отырмыз. Біз ішкі нарықты отандық өніммен қамти отырып, осы саланың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыруға күш саламыз, – дейді жоба жетекшісі Станислав Щербаков. «International Cement Group» ЖШС-нің басқарушы директоры Бенджамин Ченгтің айтуынша, аталған жобаға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп келеді. – Біздің компания өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу үшін басқа да әлеуетті инвесторларды тартуды жоспарлап отыр. Жамбыл облысында өнімді экспорттау мүмкіндігі зор. Ең бастысы, инвесторларға барлық жағдай жасалғанын өз тәжірибемізден көрдік, — деді ол. Айта кетейік, Жамбыл облысының инвестициялық қоржынында 3,4 трлн.теңгені құрайтын 80 жоба бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру қосымша 4,1 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 214 млрд.теңгеге 1 453 жұмыс орнын құра отырып, 35 инвестициялық жобаны жүзе асыру жоспарланған. Бүгінде құны 146,7 млрд.теңгені құрайтын 20 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 674 азамат жұмыспен қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/874434
Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр 16.11.2024
800 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан көктемде басталған экологиялық акция дәстүрлі түрде күзгі тазалық айлығымен жалғасуда.Бүгін облыста акция аясында тұрғындар мен жастардың атсалысуымен көптеген тазалық және алдын алу-профилактикалық шараларын ұйымдастыру жоспарлануда.Атап айтқанда, облыс орталығы Тараз қаласында «Күзгі тазалық» эко акциясы шеңберінде «Сәби қоры» атындағы саябақ қоқыстардан тазартылса, өңір жастарымен «Таза қала» ұраны арқылы Қ. Рысқұлбеков атындағы саябаққа тазалық жұмыстары жүргізіледі.Акция аясындағы тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілмек. Шара барысында саябақтар мен скверлер, көпқабатты тұрғын үйлердің маңын, демалушылар көп жиналатын орындарды қамту күтілуде.Сонымен қатар, Байзақ ауданында ТЖД және «ҚазТрансАймақ» мекемесінің өкілдері аудан тұрғындарына алдын алу профилактикалық шарасын жүргізуді жоспарласа, осындай түсіндіру жұмыстары Жамбыл және Талас ауданында жалғасын табады. Жуалы ауданында мектеп оқушыларымен «Таза Қазақстан – таза әлем» атты семинар, Қордай ауданында «Таза Қазақстан» атауымен «Береке» колледжінің студенттерімен, Меркі ауданында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылатын болады.Сондай-ақ, Мойынқұм ауданының жастарымен «Тазалық өзіңнен басталады» челленджі өткізіліп, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында «Даңқ» монументінің айналасы, Т. Рысқұлов ауданында адамдар көп жүретін «Ардагерлер» саябағы күл-қоқыстардан тазартылады. Шу ауданында №10 колледж студенттерімен кездесу өткізіліп, депутаттардың қатысуымен жастарға алдын алу шарасы жүргізіледі деп жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/874571
Ербол Қарашөкеев Талас ауданындағы бірқатар нысандарды аралады 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанның жұмысымен танысты.Алдымен Берікқара ауылдық округіндегі өрт сөндіру бекетіне барды. Жуырда ашылған өрт сөндіру бекетінде 2 бөлме мен арнайы техникаға арналған тұрақ қарастырылған. Мекеме төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел әрекет етіп, құтқару жұмыстарын жүргізеді.Бұдан соң Ербол Қарашөкеев Қаратау қаласы Б. Момышұлы көшесіндегі жеке инвестиция есебінен қайта жаңғыртылып жатқан №15, 17 көпқабатты тұрғын үйлерді көрді. Жауаптыларға құрылыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтауды тапсырды.Бұл екі тұрғын үй 1984 жылы бой көтөрген, бес қабаттан тұрады. Барлығы 160 пәтер бар. Тұрғын үй жыл соңына дейін сатып алынып, баспана кезігінде тұрған азаматтардың игілігіне кезең-кезеңімен беріледі бастайды.Аталған көшедегі №13 тұрғын үй сәуір айында пайдалануға беріліп, 80 қаратаулықтың қоныс тойын тойлауына ықпал етті.Ербол Қарашөкеев пәтер иелерімен кездесіп, құрылыс жұмыстары бойынша ой-пікірлерін тыңдады.Сондай-ақ «Игілік» жылыту қазандығының жұмысын тексерді.Қазандықтарды қайта жаңғырту шаралары 100 пайызға атқарылды. Қазіргі таңда мазут сақтау қоймасының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен 232 млн.теңгеге дизельдік генератор сатып алынды.Аймақ басшысы жылыту маусымы кедергісіз өту керектігін ескертті.Қазандық 156 көппәтерлі тұрғын үйді, 200-ден аса нысанды жылумен қамтамасыз етіп отыр.Ербол Қарашөкеев Талас ауданындағы өндіріс ошақтарына да ат басын бұрды.2015 жылы іске қосылған «Жамбыл Недр» ЖШС-і 70-ке жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорында жылына 300 мың тонна М-400 маркалы цемент өндіріледі. Ағымдағы жылдың 9 айында 6,4 мың тонна цемент, 9,1 мың тонна минералды ұнтақ өндірілді.Кәсіпорын басшылығы жылына 75 мың тонна әктас өңдеуге қауқарлы зауыт құрылысын бастап кетті. Бұл жобаға 2 млрд.теңге инвестиция салынған. Қосымша 80 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.«Karatau Chemicals» пиросульфит өңдеу зауытының құрылысы толық аяқталған. Қазіргі таңда өндіріс ошағын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаға 2,8 млн.теңге инвестиция тартылды.Облыс әкімі кәсіпорынға инфрақұрылым тарту, электр желісімен қамту мәселесін шешу бойынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.Сапар соңында Ербол Қарашөкеев аудан әкімдігіне аралау барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/876000
Ақмола облысы Жібек Жолы ауылының тұрғындары табиғи газға қол жеткізді 16.11.2024
Ақмола облысында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңір экономикасын қолдауға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғасуда. Мемлекет басшысының елді мекендерді газдандыру жөніндегі Жолдауын орындау аясында Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының тұрғындары табиғи газға қол жеткізді.Ірі елді мекенді газдандыру осы жылдың соңына дейін 2000-нан астам ауланы газбен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді, ал жалпы қамту 6000-ға жуық үй иесін құрайды. Жібек Жолы ауылындағы газ құбырының ұзындығы– шамамен 250 шақырым.Салтанатты іске қосу рәсімі облыс әкімі Марат Ахметжановтың, «QazaqGaz"ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өтті.«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға қойған басты міндет – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Бүгінде ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз еттік.Бұл біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Осы жылы өңірде 125 мың адамды қамти отырып, елді мекендерді газдандыру бойынша 12 жоба іске асырылуда», - деп атап өтті облыс әкімі.«Газға қосылу – бұл тұрғындар үшін тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, елді мекендерді орнықты дамытуға жасалған маңызды қадам. QazaqGaz ұлттық компаниясы үнеміэнергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің әр өңірінде өмір сүру сапасын арттыруүшін жұмыс істейді», - деп атап өтті Санжар Жаркешов.Алғашқы қосылған абоненттердің бірі Оразовтар отбасы болды.«Бұл біздің отбасымыз үшін өте қуанышты және көптен күткен оқиға. Біздің 5 немереміз бізбен бірге тұрады және біз олардың өмірін жайлы етуге тырысамыз»,– деп атап өтті отағасы Есіркепбай Оразов.Бұдан басқа, Аршалы ауданында азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына газ жабдықтарын қосу және орнату шығындарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Көмек мөлшері нақты шығындарға байланысты 100 АЕК (369 200 теңге) дейінгі соманы құрайды. Аршалы ауданының аумағында тіркелген және тұрақты тұратын тұрғын үй иелері бұл қаражатты ала алады.Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ауыл әкімдігінде сервистік орталық ашылды, онда тұрғындар газ қосуға, тұрғын үйді рәсімдеуге және әлеуметтік көмек алуға қажетті барлық көмек түрлерін ала алады. Оған қоса мұнда халық саны туралы деректерді өзектендіру және газдандыру шығындарын нақты есептеу үшін тіркеу шаралары жүргізіледі.Айта кетейік, 2022 жылы облыста магистральдік газ құбыры трассасының бойында орналасқан 16 елді мекен газдандырылды. Жобаны іске асыруға 8,9 миллиард теңге бөлінді. Алдағы уақытта Целиноград ауданын да газдандыру жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/876140