Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар шолу

16.11.2024 18:25:16 1695

28.10.
АСТАНА
Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді. Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
МАҢЫЗДЫ: Министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Бұдан бөлек, Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.
29.10.
АСТАНА
Қазақстан мен Испания су инфрақұрылымын салу және маман даярлау бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын. Нұржан Нұржігітов Испанияның 1000–нан астам құрылыс компанияларын біріктіретін Испан өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті.
НӘТИЖЕСІНДЕ: Өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, испандық құрылыс компаниялары Қазақстанның су шаруашылығы нысандарында жұмыс істеуге ниетті. Сонымен қатар, сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
01.11.
АСТАНА
Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселелері бойынша келіссөз жүргізуде. Нұржан Нұржігітов ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті.
ӨЗЕКТІ: Келіссөздер барысындағы басым бағыттың бірі - трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі. Ол үшін құрамына қос тараптың сарапшылары кіретін арнайы жұмыс тобы жасақталған. Басты мақсат - Іле-Балқаш бассейнін сумен тұрақты қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мен туризмді дамыту болып табылады.
28.10.
АСТАНА
Республика күніне орай Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Қоғамдық кеңес құрылған күнінен бері Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген 13 нормативтік құқықтық актіге сараптамалық баға берді.
30.10.
АСТАНА
Еліміздің су қоймалары су тасқыны кезеңіне дайындалуда. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі су қоймалары келесі жылғы суару маусымына су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Ал, солтүстік, батыс және шығыс облыстардың қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін жасалады.
31.10.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
Жетісу облысында 200 шақырымнан астам канал тазартылды. Бұдан бөлек, 22 гидротехникалық құрылыс пен 21 гидрометриялық бекет жөнделді.
01.11.
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Облыста 2,8 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен суарылады.
ЕСКЕ САЛСАҚ: Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамтып, жылына 2,2 текше шақырымға дейін су үнемдеуге ниетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/876418